Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

75. 1916 Жылы ұлт-азаттық көтеріліс себептері, сипаты, негізгі ошақтары мен қозғалыс басшылары.

Территориясы: Бүкіл Қазақстан, Орта Азия, СібірСебебі: 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлық. Сылтау: Бұратана халықтарды қара жұмысқа алу туралыжарлық.

Мақсаты: Ұлттық және саяси азаттық.

Сипаты: империализмге және отаршылдыққа қарсылық

Көтеріліс барысы

Жетісудағы көтеріліс:

1916 жыл 11 тамыз – 5 мың көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядын талқандады. 1916ж. қазан – патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы” шешімі шықты. 1916ж. 9 қыркүйек – жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты. 1916 жыл 10-12 қыркүйек – Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды

Торғайдағы көтеріліс:1916ж. қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға, 26 қарашада – 50 мыңға жетті. 1916ж. 22 қазан – Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. 1916 ж қараша - 1917ж ақпан – Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1917ж. – Торғай көтерілісі талқандалды

Қозғаушы күштері: Қолөнершілер, шаруалар қалың тобы, жергілікті жұмысшы табының өкілдері, демократияшыл зиялылар қатысты.

Көтеріліс басшысы: Жетісу көтерілісінің жетікшілері: Б.Әшекеев, Т.Бокин (Верный уезі), Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов (Қарқара), А.Қосақов (Мерке).

Торғайда көтеріліс басшылары: Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин. Көтеріліс кезінде Бекболат Әшекеев

Жеңілу себептері: Бытыраңқылығы. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. Руаралық тартыстар. Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы. Қазақ феодалдарының сатқындығы.

Нәтижесі: 1916 жылғы қазан – патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы шешімі шықты”. Жетісудағы 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті. 37355 қазақ отбасылары құнарсыз таулы аймаққа немесе Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылды. Пішпек, Пржевальск, Жаркент уездеріндегі шұрайлы жердің 2 млн 510 мың 360 десятинасы тартып алынды. Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. 3 мың адам жауапқа тартылды, оның 201-і өлім жазасына кесілді, 162-сі каторгаға атылды.

76. Қосүкіметтің орнауы және оның ерекшеліктері Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің отар ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар – Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері  және мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]