Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

69. Сауда мен өндірістің дамуы. Хіх ғ екінші жартысындағы банк-ақша қатынастары.

 Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банкжәне несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:

аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;

ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;

ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;

тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.

Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:

қалалар мен темір жолдар салынды;

тауар-ақша қатынастары дамыды;

көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және

отырықшы түрлеріне ауыса бастады;

әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшыларжатақтарбатырақтар және т.б.).

Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.

Қазақтардың басты тауары — мал мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантереяжәне басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе елкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік енімдерінің тауарлығы артты.

XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды:

қозғалмалы айырбас саудасы,

маусымдық жәрмеңкелер,

тұрақты сауда.

Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды.

ОмбыПетропавл тағы басқа қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуінде маңызды рел атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Сауда нүктелері тек қалаларда ғана емес, бекініс пункттері мен қазақ-орыс станицаларындақазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір жол бекеттері бойында ашылды.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі — Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес С.Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды.

XIX ғасырдың соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағыПетров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында ең ірі — Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында — Әулиеата жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында 15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар,Семей, т.б.) болды.

Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша үкіметінің қазақ даласындағы сауда саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Дегенмен қазақтардың табиғи томаға-тұйық шаруашылығының ыдырауына жол ашты.

Жәрмеңкелер жылдың төрт мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды маусымдың жәрмеңкелер деп атайды. Қазақтар үшін, әсіресе жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан жылқы, ірі қара, қой, ешкі және мал шаруашылығы өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға, үн, шай, ыдыс-аяқ, т. б. айырбастады.

Бұлардың ішінен рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді: ұсақ, орта және ірі деп үшке бөлуге болады. Мәселен, XIX ғасырда қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдардың ірілі-ұсақты жалпы саны 40 мыңға жеткен. Дегенмен ресейлік және ортаазиялық сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз болды. Ұлттык капитал толығымен қалыптаса алмады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]