
- •1.Тас дәуіріндегі әлеуметтік шаруашылық эволюциясы (палеолит,мезолит,неолти)
- •3.Сақ дәуіріндегі өмір сүрген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •4.Сақ тайпаларының саяси және қоғамдық құрылымы,орналасу аймақтары
- •6.Ежелгі Үйсіндердің әләеуметтік және саяси тарихы
- •7.Қаңлы мемлекетінің этносаяси тарихы.
- •9.Отан және әлем тарихындағы ғұндардың рөлі.
- •10. Түрік қағанатының құрылуы: саяси тарихы және басқару жүйесі.
- •11.Батыс Түрік қағанаты: әскери-әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылым,құлдырау себептері
- •12.Түргеш қағанатының құрылуы,Тан Әулеті және арабтармен күресі
- •13. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы, әскери-әкімшілік басқару жүйесі.
- •14.Оғыз мемлекетінің құрылымы мен этносаяси байланыстары. Оғыз қоғамының рутайпалық құрылымы. Әлсіреу себептері
- •15. Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрылымы, құлауының себептері.
- •16.Ертеректегі және дамыған ортағасырлық
- •17. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы
- •18. Қараханидтердің мемлекетіндегі басқарудың әскери-тайпалық
- •19.Найман мен Керейіт ұлыстары : қоғамдық құрылымының деңгейі.
- •20.Қарақытай мемлекеті
- •21.Қыпшақтардың түркі халы-ң этникалық
- •22. Ұлы яжібек жолы-трансконтинент-қ жүйе ретінде
- •27. Қазақстан территориясындағы діни жүйелер: буддизм, манихейлік, христиан, зороастризм, ислам.
- •29. Ауызша өнер және түрік жазба әдебиеті. Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғаридың шығармаларына сипаттама.
- •31.Татар – монғол шапқыншылығы: тұжырымдамалары, кезеңдері, қорытындылары және зардаптары.
- •3 2. Алтын Орданың құрылуы.Алтын Орданың этносаяси байланыстары.
- •3 4.Ақ Орданың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылымы.
- •3 5. Моғолстан: құрылымы, территориясыжәне этникалық құрамы. Мемлекеттіңәлсіреуі мен ыдырауы.
- •36.Ноғай Ордасының саяси тарихы, этникалық құрамы және басқару жүйесі.
- •37.Көшпелі Өзбек хандығының саяси тарихы.
- •40.Қазақ хандығының қалыптасуы. ХVғ. Соңындағы алғашқы қазақ хандарының жер және қалалар үшін соғыстары.
- •41.Қасым хан. Хандықтың гүлденуі. Қазақ хандығының аумағының кеңеюі. Қасым хан саясаты (1511-1518жж):
- •42.ХvІғ. ЕкіншіжартысындағыҚазақхандығы. Хақназардыңбилікқұруы
- •43.Қазақ құқықтық жүйесінің қалыптасуы: Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан заңнамалар жинағы.
- •47.Тәуекел хан кезіндегіҚазақхандығыныңсаяси жағдайы.
- •48.Есімханныңсаясиқызметі.
- •49. «Орбұлақ» шайқасының тарихи маңызы
- •50.Тәуке ханның саяси және дипломатиялық қызметі.
- •52.XVIII ғ. Қазақ- жоңғар соғыстары. Қазақ халқының «Отан соғысы».
- •53.XVIII ғ. Екінші жартысындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан тарихи тұлға.
- •55.XviiIғ. Екінші жартысы мен xiXғасырдағы Қазақста нның Ресейге қосылуының аяқталуы.
- •56.XVIII ғ. Соңы мен хіХғ.Қазақстан мен ортаазиялықмемлекеттер.
- •57.Бөкей ордасының құрылуы.
- •58.Сырым Датов бастаған халық – азаттық көтерілісі.
- •59.1822Ж. «Сібірқырғыздарытуралы» ереже.
- •60.1824 Ж. «Орынборқазақтарытуралы» ереже.
- •61.ХіХғ. ЕкіншіжартысындағыреформаларбойыншаҚазақстанныңсаясибасқаруы мен әкімшілік құрылымындағы өзгерістер.
- •62.Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты, мақсаты және оның кезеңдері, қорытындысы.
- •63.Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілістері.
- •64. 1837-1847 Жж. Кенесары ханның басшылығымен болған ұлт – азаттық көтеріліс.
- •65. Жанқожа Нұрмухамедов пен Есет Көтібаров бастаған көтерілістер
- •66.1868 Ж Орал, Торғай және 1870 ж Маңғышылақтағы ұлт – азаттық көтеріліс.
- •67.ХіХғ. Екінші жартысындағы ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы, себептері, қорытындылары
- •68.ХіХғ. Екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •69. Сауда мен өндірістің дамуы. Хіх ғ екінші жартысындағы банк-ақша қатынастары.
- •70.ХіХғ. Және хХғ.Басындағы қазақ халқының музыкалық мәдениеті.
- •71.Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
- •72.Ш.Уалихановтың ғылыми, әдеби және қоғамдық қызыметі.
- •74.Хх ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуының алғы шарттары.
- •75. 1916 Жылы ұлт-азаттық көтеріліс себептері, сипаты, негізгі ошақтары мен қозғалыс басшылары.
- •77.«Алаш» партиясының құрылуы және бағдарламасы.
- •78. 1917 Жылғы қазан төңкеріс. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •80.Қазақстан азамат соғыс жылдарында.
- •81.Қазақ Совет мемлекетінің құрылуы. Қасср-дің әкімшілік-территориялық құрылымының өзгеруі.
- •82. Т.Рысқұловтың саяси және экономикалық көзқарастары.
- •83.«Соғыс коммунизм» саясаты оның салдары.
- •85.Қазақстандағы «Кіші қазан» саясаты.Тоталитарлықжүйеніңорнауы.
- •90. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық- саяси жағдай.
- •93. 1930-1940 Жылдардағы Қазақстанға халықтардың күштеп қоныс аударылуы. (Депортация).
- •95.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның жалпы кеңестік экономикаға қосқан үлесі.Қазақстан-майдан арсеналы. (1944 – 1945 жж.).
- •96.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстаннның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы (1946-1953 жж.)
- •97.М.Шоқайдың саяси қызметі.
- •98.1954-1964 Ж.Ж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Хрущевтік «жылымдылық».
- •99. XX ғ. 60 – 80 жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
- •101.Тың және тыңайған жерлерді игеру: мақсаты, қорытындылары, салдары.
- •102.1965-1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы.
- •103.Хх ғ. 80 жылдарындағы Қазақстандық қоғамның әлеуметтік жағдайындағы жағымсыз үрдістер.
- •104. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан оның кезеңдері. Экономикалық құлдырау.
- •105.1986 Ж-ғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи, әлеуметтік-экономикалық себептері. Маңызы.
- •107.Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында: Қазақстанның «өзіндік» саяси моделінің қалыптасуы
- •108 Қазақстан Республикасы Конституциясы: оның тарихи маңызы.
- •109. Жекешелендіру- ҚазақстанРеспубликасындағыэкономикалықреформалардыңнегізі.
- •112. Қазақстанның тмд елдеріменқарым-қатынасы
- •113.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты жолдауындағы басым бағыттар.
- •114.ҚазақстанРеспубликасындағырухани даму. «Мәдени мұра» бағдарламасы бағдарламасы.
- •115.ҚазіргіҚазақстанмәдениетініңдамуы
- •116.Қазіргі Қазақстанқоғамындағыдемографиялықтенденциялар
- •117.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым. Еқыұ – ның Астана Саммиті.
- •118.Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі.
- •119.Н. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл»атты еңбегі.
- •120. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қорытындылары.
66.1868 Ж Орал, Торғай және 1870 ж Маңғышылақтағы ұлт – азаттық көтеріліс.
1867—1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал жәнеСібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқармаболды.Жалпы, әскери билік пен азаматтық билік бір адамның қолына жинақталды. Сот жүйесінде әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс → уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.Қазақстандағы әкімшілік-сот реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына сәйкес, Қазақстандағы өздерінің өктемдігін баянды ету үшін елбасқарудың жүйесін түбірінен қайта құруға кірісті. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы жылына әрбір шаңыраққа салынатын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом мөлшерінде көбейді. Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі қоғамдық қажеттіліктер мен «игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге құқық берілді, халық бұл салықты «қарашығын» деп атады, өйткені мұны жинағанда болыстар мен ауылстаршындары халықты әбден тонайтын. Халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық-болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жол,пошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.Кіші жүз қазақтары 1868—1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 40—50-жылдары Орал, Орынбор шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде еңбек етуге ерік беретін билет ақылы (10—12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.Қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі — жер. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша қазақтардың ата-қонысы мемлекет меншігі деп жарияланды. Жер қауымдық пайдалануға берілді.Кіші жүз қазақтары мен Жайық казактары арасындағы жер жөніндегі қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының пайдасына қой басы — 15 тиын, ірі қара мал — 18 тиын, жылқы — 23 тиын, түйеге — 38 тиыннан ақы алынды. Бұдан басқа станицалық қоғамдар «өздерінің жеріне» көшіп Келген әрбір үй үшін қазақтардан 4 сомнан ақша алып отырды.Жерге зәруліктің, жайылым жетіспеуінің салдарынан XIX ғасырдың 60-жылдарында рулар арасында, жартылай отырықшы және көшпелі қазақтарарасында күрес күшейді. Жер дауы көшпелі қоғам бірлігіне нұқсан келтірді. Оны дағдарысқа ұшыратты. Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды.Орал облысында 1869 жылы 12 қаңтарға дейін 11 болыс шеп бойындағы қазақтардан ғана құрылды. Торғай облысында 1 ақпанға дейін 9 болыс құрылды. Алайда көп ұзамай ұйымдастыру комиссиясы өз жұмысын бірінші Орал облысында, кейіннен Торғай облысында тоқтатып, шепке кейін қайтуға мәжбүр болды. Комиссия сөзіне қарағанда, «Уақытша Ережені» қабылдамауды қазақтардың барлығы бірігіп шешкенге ұқсайды. Ал комиссияның бетін қайтарған қазақтардың қатары толыға түсті. Өздеріне орыс бастықтарының тағайындалуына, түтінге санақ жүргізуге наразылардың қатары өрши берді.1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Орынбор генерал-губернаторыН.А.Крыжановский мен Орал Маңғыстау приставы подполковник Рукин Баймұхамбет Маяев пен Ғафур Қалбин сияқты би шонжарлардың көмегімен салықты 1869—1870 жылдарға бірақ жинамақ болады. Мұның өзі әрбір шаруашылықтан, әл-ауқатының қандай екеніне қарамастан бірден 8 сом күміс ақша төлеуге міндетті деген сөз. Адайлардың көпшілігінің мұндай ақша төлейтін жағдайы жоқ еді.Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам казак-орыс және 60-ка жуық адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да,салық жинауға шықты. Бұл хабарды естіген халық Досан Тажиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмағамбетовтың бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді.Көтерілісшілерге Ұсақ құдығы маңында Бозащы көтерілісшілері қосылды, Рукиннің жасағы біржола талқандалды. Рукин қолға түсіп, өзін-өзі атты. Көтерілісшілер саны 10 мың салт атты адамға жетті. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтыды. Олар патша өкіметінің Маңғыстаудағы барлық тірегін, кәсіпкерлердің кәсіпорындарын, құрылыс-жайларын талқандады. Балықшылар, жүк тиейтін жұмысшылар өздерін қанаушы кәсіпкерлер мен саудагерлерге қарсы күресті. Сармытас шығанағында жұмысшылар кәсіпшілерге шабуыл жасап, олардың қайықтарын тартып алды. Бұл қайықтардан кіші флотилия құрып, оны патшаның ең мықты соғыс қамалдарының бірі — Александров фортын қоршау үшін пайдаланды.Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Себебі, бұл кезде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағыИранда ағылшындардың ықпалы едәуір күшейген болатын. Онымен қоса, патша үкіметі Хиуаға қарсы жорыққа даярланып, әскерлерін Красноводскқаласына шоғырландырып жатқан еді. Маңғыстау көтерілісінің орталығы осы әскер тобының тылында болды. Көтерілісті басу патшаның Кавказдағы уәкіл-әкіміне тапсырылды. Мамыр айының соңында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің бip батальоны, екіатқыштар ротасы, шептік батальонныңекі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтеріліс қатал жанышталды. Көтерілісшілер мамыр айының соңында Үстірттен солтүстікке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан Н.Крыжановский мен генерал-майор Биязнов бастаған жазалаушы жасақтармен кездесіп, шығынмен Үстіртке қарай кейін шегінуге мәжбүр болды.1870 жылдың соңында патша үкіметі түбекті әскерге толтырды. Сам, Бозащы, Бестамақтыда 11 рота жаяу әскер, 1400 атты әскер болды.Сонымен, 1870 жылғы көтеріліс салықтың өсуіне, жайылымды пайдалануға шек қоюға қарсы болған стихиялы көшпелі шаруалар көтерілісі болды.Көтеріліс Ережені енгізер кез бен оған дейінгі отарлық езгінің ауыртпалығынан шықты, патша өкіметінің озбырлығы халықтың ыза-кегін туғызды, халық бұқарасының күресі патша үкіметіне қарсы бағытталды. Маңғыстаудағы көтерілісте өз билеушілеріне қарсы күрес баяу көрінді. Рулық белгілер әлі де күшті еді. Көтерілісшілер патша үкіметімен ауыз жаласқан билерді ғана жазалады.Көтерілістің негізгі ерекшелігі — халықтың еңбекші бұқарасы: кедейлер, жатақтар, батырақтар, балықшылар, орыс кәсіптеріндегі жұмысшылар, егіншілер, малшылар, молдалардың қатысуы. Мақсаты мен міндеті жағынан көтеріліс отаршылдық езгіге қарсы бағытталған болса, әлеуметтік құрамы жағынан, басым түрде қазақ шаруалары мен балықшылардың қатысуымен ерекшеленеді.Көтерілістің жеңілу себептері: көтерілісшілердің мықты тылы, экономикалық базасы болмай, көпке дейін өз ауылдарынан қол үзіп кете алмай отырды. Олар тек шөлді сусыз дала Үстіртке ғана шегіне алатын жағдайда еді. Қалған жерде жан-жақтан анталаған орыс әскері тұрды. Көтерілісшілерде алдын ала ойластырылған саяси жоспар болмады, болуы да мүмкін емес еді. Іс-қимылдар оқиғаның даму барысымен ғана анықталды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың артта қалғандығы халық бірлігіне кедергі болды