Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

65. Жанқожа Нұрмухамедов пен Есет Көтібаров бастаған көтерілістер

Жанқожа Нұрмұхамедұлы - қазақ батырыСыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне жәнеРесей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған ХиуаҚоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы ЖаңадарияҚуандарияҚызылқұмнан өтіп, ҚосқорғанАрал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды. 856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынборгенерал-губернаторы В.А.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, 250 гусарь әскерімен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.

Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмдағы үйінде намаз оқып отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп, атып өлтіріп кетеді

 Есет Көтібарұлы көтерілісі қарсаңында Кіші жүз көлеміндегі ең ірі тайпалық бірлестік — шекті руы 12 800 түтін, шамамен 65—85 мың адамнан тұрды. Есеттің қарамағындағы үлкен шекті рулары жазда Жем өзенінің жоғарғы ағысы, Арал теңізінің жағалауы, Үлкен және Кіші Борсық құмдарын мекендеді. Ал Жанғожа бастаған кішкене шектілер — 3500-дей түтін басқалардан бөлек Кіші жүздің оңтүстігін Қуаңдария, Сырдарияны мекендеді. Жанғожа мен Есет ағайынды болатын. Халық Есетке қыр шектісі, Жанғожаға сыр шектісі деп атаулар берген. Жаугершілік заманда Есет үнемі Жанғожаға көмек беріп отырған. Көтерілістің басталу себебіXIX ғасырдың 40-жылдары патша үкіметінің отарлық езгісімен Хиуа, Қоқан билеушілерінің озбыр шапқыншылықтары күшейе түсті. Осылайша Кіші жүздің оңтүстік аудандарындағы, Арал мен Сырдың төменгі ағысындағы қазақтар екі жақты қысымның ортасында қалды. Қоқан, Хиуа бектері де Сырдариядағы бекіністерге жақын маңда көшіп жүрген қазақтарға дүркін-дүркін шапқыншылықтар жасап, ауылдарды тонап, үйлерін өртеп, малдарын айдап әкетті.Орталық Азия хандықтары қазақтардан зекет, ұшыр жинау арқылы оларды өздеріне тәуелді етуді көздесе, патшалық әкімшілік те дәл осындай мақсатпен түтін салығын төлеуді талап етті. Осындай «былай тартсаң арба сынатын, былай тартсаң өгіз өлетін» қиын саяси жағдайда жергілікті рубасылары алдында бірнеше жолдың біреуін таңдау міндеті тұрды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]