Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

63.Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілістері.

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791- 1838) бастаған көтеріліс.Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейін.

Көтерілістің себептері:

  1. Ақшалай салықтың өсуі.

  2. Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.

  3. Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.

  4. Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.

Мақсаты:

    1. Хан озбырлығына шек қою. Шаруалар жағдайын жақсарту.

    2. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.

    3. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтеріліс барысы

  1. 1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.

  2. Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті.

  3. 1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.

  4. 1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы .

  5. 1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті

  6. 1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.

  7. 1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады.

  8. Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .

Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.

Нәтижесі:

  1. Салық мөлшеріне шек қойылды.

  2. Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды.

  3. Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.

  4. Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.

  5. Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Тарихи маңызы:

    1. XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.

    2. Отаршылдыққа қарсы бағытталды.

    3. Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

Жеңілу себептері:

  1. Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.

  2. Көтеріліс басш-ның Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.

  3. Қару-жарақтың теңсіздігі.

  4. Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

  5. Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]