Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

59.1822Ж. «Сібірқырғыздарытуралы» ереже.

1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүздің әкімшілік құрылымы: ОКРУГ(15-20 болыс)

Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан

БОЛЫС

(10-120 ауыл)

Басқарушысы-болыс сұлтаны

АУЫЛ

(50-70 шаңырақ)

Басқарушысы- ауыл старшыны

1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды.

Әкімшілік-саяси реформаның салдары: -Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді. -Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады. -Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты. -Хандық билікті жойды.

60.1824 Ж. «Орынборқазақтарытуралы» ереже.

1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді:

Кіші жүздің әкімшілік қурылымы:

БӨЛІКТЕР

(батыс, орта, шығыс)

Басқарушысы- аға сұлтан

ДИСТАНЦИЯ (54)

Басқарушысы-ру шонжарлары

АУЫЛ

Басқарушысы-ауыл старшыны

Реформаның салдары:

- Орталық басқару нығайтылды.

- Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды.

1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды.

Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды.

61.ХіХғ. ЕкіншіжартысындағыреформаларбойыншаҚазақстанныңсаясибасқаруы мен әкімшілік құрылымындағы өзгерістер.

Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.

Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.

Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы «Ереже» бойынша қазақ даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды:

бітістіруші судьялар; облыстық соттар; жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.

1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.

Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды (Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот → Сенат).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]