Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

56.XVIII ғ. Соңы мен хіХғ.Қазақстан мен ортаазиялықмемлекеттер.

Хиуа хандығы — 1512 — 1920 жылдар аралығында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекет. Өзбек ханы Елбарыстың басшылығымен, Шайбани әулетінен бөліну негізінде құрылды. Астанасы бастапқы кезде Вазир мен Үргеніш қалалары болды. 16 ғасырдың 70-жылдары астана Хиуа қаласына көшірілді. Елбарыс хан билік еткен 1512 — 16 жылдары Хиуа хандығы ұлыстарға бөлініп, оларды ханның туыстары басқарды. Алғашқы кезде құрамына Хорезм, көшпелі түрікмендердіңМаңғыстаудағы Дихистан мен Үзбой бойындағы аумақтары мен Хорасанныңсолтүстік бөлігі енді. Елбарыс қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде Хиуа хандығындаСұлтан Қажы хан (1516), Құсайын Құли хан (1517), Суфие хан (1517 — 22),Бужақа хан (1523 — 26), Аванем хан (1527 — 38), Әли хан (1538 — 47), Ақатай хан (1547 — 56), Жүніс хан (1556 — 57), Досты хан (1557 — 58), Қажы Мұхаммед хан (1559 — 1602) билік жүргізді. Осы билеушілер кезінде Хиуа хандығы өзара тақ тартысынан көз ашпады. Бұхар хандығымен де соғыс жүргізді. 1537, 1593, 1595 жылдары Бұхар хандығы Хиуа хандығына жойқын жорықтар жасап, қысқа мерзімге болса да өзіне бағындырды. 17 ғасырдың бас кезінде билік еткен Араб Мұхаммед ханның тұсында Хиуа хандығы күшейіп, сыртқы жауларына, қалмақтардың шапқыншылығына тойтарыс берді. 1740 жылы хандықты Иран билеушісі Надиршах Афшар басып алды. Бірақ ол қайтыс болғаннан кейін хандық қайтадан өз тәуелсіздігін алды. Хиуа хандығындағы өзара тартыс бұдан кейін қайта жалғасты. Өзара билікке таласқан Хиуа шонжарлары билікке кейде қазақ сұлтандарын да шақырды (қ. Қайып). Бұл күресте қоңырат тайпасының билеушісі Ишан Мұхаммедәлі жеңіп шығып, жаңа Хиуа — Қоңырат әулетінің негізі қаланды. Қоқан хандығы (1710 – 1876) – Ферғана жазығында 18 – 19 ғасырларда болған мемлекет. Астанасы – Қоқан қаласы Қоқан хандары өздерін Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп санаған. Негізінде олар минг (мың) тайпасының өкілдері болатын. Қоқан хандары әулетінің негізін салушы Шахрух би алғаш 1710 жылы шамасында Қоқан территориясында Бұхар хандығынан тәуелсіз кішігірім иелік құрды. Оның немересі Ирдан би (1774 жылы өлген) тұсында жүргізілген соғыстардың нәтижесінде Қоқан хандығының құрамына ӘндіжанНаманганМаргеланиеліктері қосылды. 1758 жылы Бұхар хандығы оны мүлде дербес мемлекет деп қарады. 19 ғасырдың 1-жартысындағы билеушісі Әлім хан (1800 – 1809), Омар (1809 – 1822) және Мұхаммед Әлі (Мәделі, 1822 – 1842) тұсында Қоқан хандығы дәуірлеп тұрды, саяси жағынан нығайып, территориясы ұлғайды. ТашкентХоджент,ҚаратегінДарбазаКулябАлайды өзіне қаратып алды. 1808 – 1815 жылдары Қоқан хандығы жойқын ұрыстардың нәтижесінде Абылай хан тұқымының қарамағындағы Шымкент, Түркістан қалаларын жаулап алды. Түркістан қаласын жаулап алуы Қоқан хандығы мен Бұхара әмірі арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтыра түсті. Түркістаннан қашқан Тоқай төре Бұхара әміріне барып паналады. 19 ғасырдың 20-жылдары қоқандықтар Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған Арал тенізінен Шу, Іле өзендеріне дейінгі аралықты жаулап алды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]