
- •1.Тас дәуіріндегі әлеуметтік шаруашылық эволюциясы (палеолит,мезолит,неолти)
- •3.Сақ дәуіріндегі өмір сүрген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •4.Сақ тайпаларының саяси және қоғамдық құрылымы,орналасу аймақтары
- •6.Ежелгі Үйсіндердің әләеуметтік және саяси тарихы
- •7.Қаңлы мемлекетінің этносаяси тарихы.
- •9.Отан және әлем тарихындағы ғұндардың рөлі.
- •10. Түрік қағанатының құрылуы: саяси тарихы және басқару жүйесі.
- •11.Батыс Түрік қағанаты: әскери-әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылым,құлдырау себептері
- •12.Түргеш қағанатының құрылуы,Тан Әулеті және арабтармен күресі
- •13. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы, әскери-әкімшілік басқару жүйесі.
- •14.Оғыз мемлекетінің құрылымы мен этносаяси байланыстары. Оғыз қоғамының рутайпалық құрылымы. Әлсіреу себептері
- •15. Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрылымы, құлауының себептері.
- •16.Ертеректегі және дамыған ортағасырлық
- •17. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы
- •18. Қараханидтердің мемлекетіндегі басқарудың әскери-тайпалық
- •19.Найман мен Керейіт ұлыстары : қоғамдық құрылымының деңгейі.
- •20.Қарақытай мемлекеті
- •21.Қыпшақтардың түркі халы-ң этникалық
- •22. Ұлы яжібек жолы-трансконтинент-қ жүйе ретінде
- •27. Қазақстан территориясындағы діни жүйелер: буддизм, манихейлік, христиан, зороастризм, ислам.
- •29. Ауызша өнер және түрік жазба әдебиеті. Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғаридың шығармаларына сипаттама.
- •31.Татар – монғол шапқыншылығы: тұжырымдамалары, кезеңдері, қорытындылары және зардаптары.
- •3 2. Алтын Орданың құрылуы.Алтын Орданың этносаяси байланыстары.
- •3 4.Ақ Орданың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылымы.
- •3 5. Моғолстан: құрылымы, территориясыжәне этникалық құрамы. Мемлекеттіңәлсіреуі мен ыдырауы.
- •36.Ноғай Ордасының саяси тарихы, этникалық құрамы және басқару жүйесі.
- •37.Көшпелі Өзбек хандығының саяси тарихы.
- •40.Қазақ хандығының қалыптасуы. ХVғ. Соңындағы алғашқы қазақ хандарының жер және қалалар үшін соғыстары.
- •41.Қасым хан. Хандықтың гүлденуі. Қазақ хандығының аумағының кеңеюі. Қасым хан саясаты (1511-1518жж):
- •42.ХvІғ. ЕкіншіжартысындағыҚазақхандығы. Хақназардыңбилікқұруы
- •43.Қазақ құқықтық жүйесінің қалыптасуы: Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан заңнамалар жинағы.
- •47.Тәуекел хан кезіндегіҚазақхандығыныңсаяси жағдайы.
- •48.Есімханныңсаясиқызметі.
- •49. «Орбұлақ» шайқасының тарихи маңызы
- •50.Тәуке ханның саяси және дипломатиялық қызметі.
- •52.XVIII ғ. Қазақ- жоңғар соғыстары. Қазақ халқының «Отан соғысы».
- •53.XVIII ғ. Екінші жартысындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан тарихи тұлға.
- •55.XviiIғ. Екінші жартысы мен xiXғасырдағы Қазақста нның Ресейге қосылуының аяқталуы.
- •56.XVIII ғ. Соңы мен хіХғ.Қазақстан мен ортаазиялықмемлекеттер.
- •57.Бөкей ордасының құрылуы.
- •58.Сырым Датов бастаған халық – азаттық көтерілісі.
- •59.1822Ж. «Сібірқырғыздарытуралы» ереже.
- •60.1824 Ж. «Орынборқазақтарытуралы» ереже.
- •61.ХіХғ. ЕкіншіжартысындағыреформаларбойыншаҚазақстанныңсаясибасқаруы мен әкімшілік құрылымындағы өзгерістер.
- •62.Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты, мақсаты және оның кезеңдері, қорытындысы.
- •63.Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілістері.
- •64. 1837-1847 Жж. Кенесары ханның басшылығымен болған ұлт – азаттық көтеріліс.
- •65. Жанқожа Нұрмухамедов пен Есет Көтібаров бастаған көтерілістер
- •66.1868 Ж Орал, Торғай және 1870 ж Маңғышылақтағы ұлт – азаттық көтеріліс.
- •67.ХіХғ. Екінші жартысындағы ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы, себептері, қорытындылары
- •68.ХіХғ. Екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •69. Сауда мен өндірістің дамуы. Хіх ғ екінші жартысындағы банк-ақша қатынастары.
- •70.ХіХғ. Және хХғ.Басындағы қазақ халқының музыкалық мәдениеті.
- •71.Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
- •72.Ш.Уалихановтың ғылыми, әдеби және қоғамдық қызыметі.
- •74.Хх ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуының алғы шарттары.
- •75. 1916 Жылы ұлт-азаттық көтеріліс себептері, сипаты, негізгі ошақтары мен қозғалыс басшылары.
- •77.«Алаш» партиясының құрылуы және бағдарламасы.
- •78. 1917 Жылғы қазан төңкеріс. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •80.Қазақстан азамат соғыс жылдарында.
- •81.Қазақ Совет мемлекетінің құрылуы. Қасср-дің әкімшілік-территориялық құрылымының өзгеруі.
- •82. Т.Рысқұловтың саяси және экономикалық көзқарастары.
- •83.«Соғыс коммунизм» саясаты оның салдары.
- •85.Қазақстандағы «Кіші қазан» саясаты.Тоталитарлықжүйеніңорнауы.
- •90. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық- саяси жағдай.
- •93. 1930-1940 Жылдардағы Қазақстанға халықтардың күштеп қоныс аударылуы. (Депортация).
- •95.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның жалпы кеңестік экономикаға қосқан үлесі.Қазақстан-майдан арсеналы. (1944 – 1945 жж.).
- •96.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстаннның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы (1946-1953 жж.)
- •97.М.Шоқайдың саяси қызметі.
- •98.1954-1964 Ж.Ж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Хрущевтік «жылымдылық».
- •99. XX ғ. 60 – 80 жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
- •101.Тың және тыңайған жерлерді игеру: мақсаты, қорытындылары, салдары.
- •102.1965-1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы.
- •103.Хх ғ. 80 жылдарындағы Қазақстандық қоғамның әлеуметтік жағдайындағы жағымсыз үрдістер.
- •104. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан оның кезеңдері. Экономикалық құлдырау.
- •105.1986 Ж-ғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи, әлеуметтік-экономикалық себептері. Маңызы.
- •107.Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында: Қазақстанның «өзіндік» саяси моделінің қалыптасуы
- •108 Қазақстан Республикасы Конституциясы: оның тарихи маңызы.
- •109. Жекешелендіру- ҚазақстанРеспубликасындағыэкономикалықреформалардыңнегізі.
- •112. Қазақстанның тмд елдеріменқарым-қатынасы
- •113.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты жолдауындағы басым бағыттар.
- •114.ҚазақстанРеспубликасындағырухани даму. «Мәдени мұра» бағдарламасы бағдарламасы.
- •115.ҚазіргіҚазақстанмәдениетініңдамуы
- •116.Қазіргі Қазақстанқоғамындағыдемографиялықтенденциялар
- •117.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым. Еқыұ – ның Астана Саммиті.
- •118.Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі.
- •119.Н. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл»атты еңбегі.
- •120. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қорытындылары.
55.XviiIғ. Екінші жартысы мен xiXғасырдағы Қазақста нның Ресейге қосылуының аяқталуы.
1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Көп кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И. К. Кириллов басқарды. Ол өлген соң 1737 жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялардың мақсаты Кіші жүз және Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту болды. 1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын мойындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сұлтандары Ресей бодандығын қабылдады. Алайда, айта кету керек, бұл жерде бодандық қабылдау тұралы құжатқа қол қою рәсімі болған жоқ. Әбілқайырдың өзі үш рет ант берген. Әбілқайырдың 1742 жылы тамыздың 20-жұлдызында берген антының 1731, 1738 жылдардағы анттарының мәніндей құны болмаған.
Ресей Әбілхайыр ханды патша үкіметіне түгелдей тәуелді ету үшін оның ұлы Қожахметті аманатта ұстады.Патшалық үкімет Қазақстанға достық және бодандық туын желеу етіп, жыртқыштық, тонаушылық саясатты ұстанды.
Осы жылы патша үкіметі Кіші жүздің хандығына Әбілхайырдың баласы Нұралыны бекітті және ол Петербордан Орынборға әкелген сыйлықтарға ие болды. Патша Анна Иоанновнаның атынан келген тартулар атап айтқанда, «татар және орыс тілдерінде жазулары бар қылыш, бұлғын тон, қара түлкілі екі бөрік, мәуіті тон …», - дей келе, сонымен бірге қасындағы інілеріне, анасына, старшын, бий т.б. сыйлықтарға «жалпы 3000 руб. ден де көп қаржы жұмсалды …», - дейді В. Витебский «Неплюев және 1758 жылға дейінгі бұрынғы құрамдағы Орынбор өлкесі» деген еңбегінде. Ресей мемлекетінің бұл ісі қазақ мемлекетінің ішкі саясатына араласуға жағдай жасау, яғни мемлекетті бостандығынан, тәуелсіздігінен айыруға жол бастау еді. Бұл жерде Ресей империясының дипломатиялық корпусы үлкен рөл атқарды. Мысалы: Бекович–Черкасский, Тевкелев тәрізді басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріндегі әскери–зерттеу миссиясы Ресейдің қазақ жеріне ендеп кіруіне мүмкіндік туғызды.
Ресей империясы ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанның солтүстік-батыс шекарасында Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне дейін созылып жатқан Үй бекініс–шебін салды. Оның ұзындығы 770 шақырым болды. 1752 жылдың жазында генерал С.В.Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен тұратын Новоишим бекіністі шебін салу басталды. Оның жалпы ұзындығы 662 шақырым болды. Осы бекіністі шептің ең бастысы Есілдегі Петропавл болды. Бекіністі шептің басты мақсаты Үй және Ертіс шептерін жалғастыру болатын. Осы шептердің салыну салдарынан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін жететін жер көлемі алынды. Ресейдің Қазақстан территориясына экспанциясы нәтижесінде 1752 жылдан бастап Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды.
Ресей империясы қазақ жерін отарлау саясатын барған сайын күшейтті. Шекаралық өкімет билеушісі И.И.Неплюевтің “бөліп ал да билей бер“ принципіне негізделген идеялары мен жоспарлары қолданысқа кірді. Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қалашығы мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шықты. Кейін ол 1756 жылы толықтырылып, түгел Жайық пен Еділ арасында қазақтарға көшіп-қонуға тиым салынды.
1760 жылы Өскемен бекінісінен Телец көліне дейін бекіністер салына бастады. 1761 жылы Өскеменнен Зайсанға дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. Осы алынған жерлерді шаруашылықпен игерген кезде ғана бекітіп алуға болатынын түсінген шекаралық өкімет орындары бұл аудандарға ел қоныстандыруға белсене күш–жігер жұмсады. ХVІІІ ғасырдың 60-жылдарында-ақ Алтайға Тобыл губерниясынан 2 мың шаруа мен әртектілер көшіріліп әкелінді. Сонымен бірге шекаралық өкімет органдары қазақтарды шекаралық аудандардан ығыстырып тастау жөнінде шаралар қолданды. 1755 жылы Сыртқы істер алқасы Сібірдің өкімет орындарына қазақтар “бұлайша еркін өту олардың дағдысына айналмау үшін Ертістің оң жағына өткізілмесін” деген нұсқау берді. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне мүлде тиым салынды. Осылай 1730-1740 жж. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы нәтижесінде солтүстік–батыс Қазақстан жері Ресей империясының отарынаайналды.