Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

40.Қазақ хандығының қалыптасуы. ХVғ. Соңындағы алғашқы қазақ хандарының жер және қалалар үшін соғыстары.

Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілқайыр хан|Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы хан ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып,Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталды.Яғни, 1465—1466 (1470—1471) жылдары Қазақ хандығының құрылған мезгілі. Ал оның ту көтерген жері —Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, қаңлы тайпаларының дәстүрлі атамекені.

XV ғ. 70 жылдар – Сауран, Созақ түбінде, Қаратаудық Соғындық асуында ірі шайқастар болды.

1470 жылы Керей хан Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуылдады. Қазақ хандары Сырдария бойы, Қаратау өңірін басып алды.

Осы кездегі біріккен қазақ қолын басқарған – Бұрындық хан (1480-1511жж). XV ғ 80-90 жылдары Сыр бойындағы өзбектер мен қазақтар кезекпе-кезек алып отырды. 1480 жыл-қазақ хандығының жағына Моғол билеушісі Жүніс келіп қосылды.

XV ғ аяғында ұзаққа созылған күрестің нәтижесі:

Қазақ халқының иелігі – Созақ, Сауран, Сығанақ қалалары, Түркістан аймағының солтүстік бөлігін иеледі.

XV ғ аяғындағы Қазақ хандығының аумағы: Батыс Жетісу, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау аймағы, Сырдария, Солтүстік Аралдың төменгі ағыстары, Орталық Қазақстанның көп бөлігі.

XVI ғ басы – Қазақ хандығы Ақ Орда мен Моғолстанның біраз бөлігін иеленді.

41.Қасым хан. Хандықтың гүлденуі. Қазақ хандығының аумағының кеңеюі. Қасым хан саясаты (1511-1518жж):

Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу. Ол бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қырғыздарға билігі жүрген жоқ.

Қазақ ъхандығы ең жоғары қуаттылығы XVI ғ бірінші ширегінде, Қасым хан тұсында жетті. Қасым әз Жәнібектің ұлы. Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат, үйсін, қаңлы және Моғолмтанның батысындағы тайпалар енді. Қасым хан ел бірлігі және қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін белсене күресті.

Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы-«Қасым ханның қасқа жолын» шығарды.

Заң 5 бөліктен тұрды:

  1. Мал-мүлік және жерге байланысты қатынастар.

  2. Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар.

  3. Әскери қызметті, әскери міндетті атқару ережелері және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар.

  4. Елшілік қатынастарды реттеу.

  5. Халықтық дәстүрлерді өткізу тәртібі.

42.ХvІғ. ЕкіншіжартысындағыҚазақхандығы. Хақназардыңбилікқұруы

Хақназар хан саясаты (1538-1580 жж):

Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреген хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан әрекет жасады.

Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру.

Хақназар хан саясатының маңызы:

  1. Хандықтың аумағының кеңеюі.

  2. Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болды.

  3. Хан билігінің күшеюі.

  4. Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.

Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]