Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

36.Ноғай Ордасының саяси тарихы, этникалық құрамы және басқару жүйесі.

Н оғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыстаАралКаспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған

ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Н. о-ның құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыталшынжалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияныңорта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас биМұса мырзаЖаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. 

37.Көшпелі Өзбек хандығының саяси тарихы.

ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. XV ғ. 20 жылдарында Қазақстанның далалық кеңістігінде Ақ Орданың ыдырауы мен Жошы әулетінің бақталастығының нәтижесінде пайда болған мемлекет Әбілхайыр хандығы немесе көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталды. Шайбан әулетінен шыққан Әбілхайыр жеке хандық құрып, 40 жылдан аса Қазақстанның далалық аудандарын біріктіріп, билікті өз қолына ұстап тұрды. Хандықтың шегарасы шығысында Балқаштан Жайыққа, солтүстігінде Ертістен Тобылдың орта ағысына, оңтүстігінде Сырдың төменгі ағысынан Аралға дейін созылып жатты.

38.Қазақ халқының шығу тегінің (генезисі) этникалық түбірлері, тұжырымдамалары, негізгі кезеңдері. Тарихшы ғалымдар «қазақ» этнонимі туралы.

I. Сақтар, үйсіндер, хангойлар, ғұндар..........

II. Түріктер, түркештер, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, наймандар, керейлер.............

Осылардың кейбіреулері Қазақстанда өз мемлекетін құрған. Олар: наймандар, керейлер, қыпшақтар.

Екі негізгі тұжырымдама:

  1. Автохондық (жергілікті)

  2. Миграциялық сипаттаам.

Негізгі кезеңдері:

1.Қазақ халқының құрылауы

Уақыты: XV-XVI ғ.

Хандар: Жәнібек пен Керей.

Процестер: 1. Жер жинау.

2.Этникалық бірлесу.

3. Саяси жүйені орналастыру.

2. Қазақ халқының дамуы

Уақыты: XVI-XVII ғ.

Хандар: Қасым хан.

Процестер: 1. Жерді кеңейту.

2. Қазақ хандығы далалық мемлекеттің үлгісі. Бұнда саяси базисқа сәйкес келеді, ал экономикасымен саяси жүйе әлеуметтік диференцияға әкеледі.

3. Қазақ мемлкеті өндіргіш күштердің дамуындағы саяси факторы.

3. Қазақ халқының ыдырауы

Уақыты: XVII-XVIII ғ.

Хандар: Есім хан.

Процестер: 1. Жерді меншікке бөлу.

2. Эндогенді фактор.

Жоғарғы билікке талас әрбір ақсүйектің жерге, билікке таласы.

Эндогенді фактор:

1.Ресей империясы.

2.Цин империясы.

3.Ұлы Британ империясы.

39.Қазақ жүздері, этникалық аумағы.

Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз,Орта жүзКіші жүз. Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған Тәуке ханның заманында (1680 – 1718) Ұлы жүздің тікелей билеушісі Төле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан өлгеннен кейін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын іздестірді. Ұлы жүз жұртшылығы сан рет шетел басқыншыларының шабуылына душар болды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар шабуылының зардабын шекті. XIX ғасырдың басында Ұлы жүз мекенінің едәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей патшалығына бодандыққа еріксіз мойынсұнды.

Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы – Сырдарияның орта ағысында, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлерінде, Қаратаудың терістік беткейінде, Балқаш көлінің солтүстігінде болатын да, жазда Тобыл, Ертіс, Сарысу өзендерінің бойлары мен Сарыарқа өңірін жайлайтын. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан бастап, оның мекен – жайының аумағы біртіндеп кеңейе түсті. Кіші жүз қазақтарын ел арасында «Кіші жүз — Алшын» атандырған. Оның құрамына – 12 ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш); Жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан); 6 ата Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) енеді. Байұлы рулары XVIII ғасырда негізінен Кіші жүз жерінің оңтүстік – батысын, яғни Жайық өзенінің төменгі ағысы мен Жем бойын, Сам құмы мен Маңғыстау түбегінде мекендейтін; Жетірудың көпшілігі Қазақстанның солтүстік – батысын, яғни Жайық өзенінің орта ағысын, Қобда, Елек және Ор өзендерінің бойын және Мұхалжар тауларының қойнауларын мекендейтін; Әлімұлы ұрпағы Батыс Қазақстанның кең – байтақ шығыс өңірін, яғни Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында, Шалқар көлінің төңірегінде, Кіші және Үлкен Борсық құмдары мен Қарқұм атырабында және Сырдарияның төменгі ағысында мекендейтін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]