
- •1.Тас дәуіріндегі әлеуметтік шаруашылық эволюциясы (палеолит,мезолит,неолти)
- •3.Сақ дәуіріндегі өмір сүрген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •4.Сақ тайпаларының саяси және қоғамдық құрылымы,орналасу аймақтары
- •6.Ежелгі Үйсіндердің әләеуметтік және саяси тарихы
- •7.Қаңлы мемлекетінің этносаяси тарихы.
- •9.Отан және әлем тарихындағы ғұндардың рөлі.
- •10. Түрік қағанатының құрылуы: саяси тарихы және басқару жүйесі.
- •11.Батыс Түрік қағанаты: әскери-әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылым,құлдырау себептері
- •12.Түргеш қағанатының құрылуы,Тан Әулеті және арабтармен күресі
- •13. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы, әскери-әкімшілік басқару жүйесі.
- •14.Оғыз мемлекетінің құрылымы мен этносаяси байланыстары. Оғыз қоғамының рутайпалық құрылымы. Әлсіреу себептері
- •15. Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрылымы, құлауының себептері.
- •16.Ертеректегі және дамыған ортағасырлық
- •17. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы
- •18. Қараханидтердің мемлекетіндегі басқарудың әскери-тайпалық
- •19.Найман мен Керейіт ұлыстары : қоғамдық құрылымының деңгейі.
- •20.Қарақытай мемлекеті
- •21.Қыпшақтардың түркі халы-ң этникалық
- •22. Ұлы яжібек жолы-трансконтинент-қ жүйе ретінде
- •27. Қазақстан территориясындағы діни жүйелер: буддизм, манихейлік, христиан, зороастризм, ислам.
- •29. Ауызша өнер және түрік жазба әдебиеті. Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғаридың шығармаларына сипаттама.
- •31.Татар – монғол шапқыншылығы: тұжырымдамалары, кезеңдері, қорытындылары және зардаптары.
- •3 2. Алтын Орданың құрылуы.Алтын Орданың этносаяси байланыстары.
- •3 4.Ақ Орданың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылымы.
- •3 5. Моғолстан: құрылымы, территориясыжәне этникалық құрамы. Мемлекеттіңәлсіреуі мен ыдырауы.
- •36.Ноғай Ордасының саяси тарихы, этникалық құрамы және басқару жүйесі.
- •37.Көшпелі Өзбек хандығының саяси тарихы.
- •40.Қазақ хандығының қалыптасуы. ХVғ. Соңындағы алғашқы қазақ хандарының жер және қалалар үшін соғыстары.
- •41.Қасым хан. Хандықтың гүлденуі. Қазақ хандығының аумағының кеңеюі. Қасым хан саясаты (1511-1518жж):
- •42.ХvІғ. ЕкіншіжартысындағыҚазақхандығы. Хақназардыңбилікқұруы
- •43.Қазақ құқықтық жүйесінің қалыптасуы: Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан заңнамалар жинағы.
- •47.Тәуекел хан кезіндегіҚазақхандығыныңсаяси жағдайы.
- •48.Есімханныңсаясиқызметі.
- •49. «Орбұлақ» шайқасының тарихи маңызы
- •50.Тәуке ханның саяси және дипломатиялық қызметі.
- •52.XVIII ғ. Қазақ- жоңғар соғыстары. Қазақ халқының «Отан соғысы».
- •53.XVIII ғ. Екінші жартысындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан тарихи тұлға.
- •55.XviiIғ. Екінші жартысы мен xiXғасырдағы Қазақста нның Ресейге қосылуының аяқталуы.
- •56.XVIII ғ. Соңы мен хіХғ.Қазақстан мен ортаазиялықмемлекеттер.
- •57.Бөкей ордасының құрылуы.
- •58.Сырым Датов бастаған халық – азаттық көтерілісі.
- •59.1822Ж. «Сібірқырғыздарытуралы» ереже.
- •60.1824 Ж. «Орынборқазақтарытуралы» ереже.
- •61.ХіХғ. ЕкіншіжартысындағыреформаларбойыншаҚазақстанныңсаясибасқаруы мен әкімшілік құрылымындағы өзгерістер.
- •62.Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты, мақсаты және оның кезеңдері, қорытындысы.
- •63.Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілістері.
- •64. 1837-1847 Жж. Кенесары ханның басшылығымен болған ұлт – азаттық көтеріліс.
- •65. Жанқожа Нұрмухамедов пен Есет Көтібаров бастаған көтерілістер
- •66.1868 Ж Орал, Торғай және 1870 ж Маңғышылақтағы ұлт – азаттық көтеріліс.
- •67.ХіХғ. Екінші жартысындағы ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы, себептері, қорытындылары
- •68.ХіХғ. Екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •69. Сауда мен өндірістің дамуы. Хіх ғ екінші жартысындағы банк-ақша қатынастары.
- •70.ХіХғ. Және хХғ.Басындағы қазақ халқының музыкалық мәдениеті.
- •71.Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
- •72.Ш.Уалихановтың ғылыми, әдеби және қоғамдық қызыметі.
- •74.Хх ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуының алғы шарттары.
- •75. 1916 Жылы ұлт-азаттық көтеріліс себептері, сипаты, негізгі ошақтары мен қозғалыс басшылары.
- •77.«Алаш» партиясының құрылуы және бағдарламасы.
- •78. 1917 Жылғы қазан төңкеріс. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •80.Қазақстан азамат соғыс жылдарында.
- •81.Қазақ Совет мемлекетінің құрылуы. Қасср-дің әкімшілік-территориялық құрылымының өзгеруі.
- •82. Т.Рысқұловтың саяси және экономикалық көзқарастары.
- •83.«Соғыс коммунизм» саясаты оның салдары.
- •85.Қазақстандағы «Кіші қазан» саясаты.Тоталитарлықжүйеніңорнауы.
- •90. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық- саяси жағдай.
- •93. 1930-1940 Жылдардағы Қазақстанға халықтардың күштеп қоныс аударылуы. (Депортация).
- •95.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның жалпы кеңестік экономикаға қосқан үлесі.Қазақстан-майдан арсеналы. (1944 – 1945 жж.).
- •96.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстаннның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы (1946-1953 жж.)
- •97.М.Шоқайдың саяси қызметі.
- •98.1954-1964 Ж.Ж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Хрущевтік «жылымдылық».
- •99. XX ғ. 60 – 80 жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
- •101.Тың және тыңайған жерлерді игеру: мақсаты, қорытындылары, салдары.
- •102.1965-1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы.
- •103.Хх ғ. 80 жылдарындағы Қазақстандық қоғамның әлеуметтік жағдайындағы жағымсыз үрдістер.
- •104. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан оның кезеңдері. Экономикалық құлдырау.
- •105.1986 Ж-ғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи, әлеуметтік-экономикалық себептері. Маңызы.
- •107.Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында: Қазақстанның «өзіндік» саяси моделінің қалыптасуы
- •108 Қазақстан Республикасы Конституциясы: оның тарихи маңызы.
- •109. Жекешелендіру- ҚазақстанРеспубликасындағыэкономикалықреформалардыңнегізі.
- •112. Қазақстанның тмд елдеріменқарым-қатынасы
- •113.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты жолдауындағы басым бағыттар.
- •114.ҚазақстанРеспубликасындағырухани даму. «Мәдени мұра» бағдарламасы бағдарламасы.
- •115.ҚазіргіҚазақстанмәдениетініңдамуы
- •116.Қазіргі Қазақстанқоғамындағыдемографиялықтенденциялар
- •117.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым. Еқыұ – ның Астана Саммиті.
- •118.Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі.
- •119.Н. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл»атты еңбегі.
- •120. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қорытындылары.
3 4.Ақ Орданың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылымы.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы – Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.
Шымтайдың (1344-1361 жж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді
3 5. Моғолстан: құрылымы, территориясыжәне этникалық құрамы. Мемлекеттіңәлсіреуі мен ыдырауы.
14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқығы болмағандықтан, өздерін таңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.
. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді. Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.