Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

3 2. Алтын Орданың құрылуы.Алтын Орданың этносаяси байланыстары.

Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. 1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.

А лтын орда – Египет қарым-қатынастары, 13 ғ-дың ортасы мен 14 ғ-дың соңында Алтын Орда мен Египет мемлекеті арасындағы өзара достық қатынас күшейе түсті. 13 ғ-дың 50 ж. Алтын Орда билеушілері мен Ирандағы монғолдық Хулагу (Ильхан) мемлекеті (1256-1353) арасында Кавказ бен Иранның солтүстік-шығыс аудандары үшін күрес жүрді. Таяу Шығыста Египет мемлекетінің билеушісі Бейбарыссұлтан (1260-77) Ирактан соң Сирияны бағындырмақ болған монғол әскерлерін талқандады (1260). Христиан дініндегі ильхандықтарға қарсы ортақ ниет Алтын Орда мен Египет мемлекеттерін сауда қатынасы, әскери және мәдени жағынан жақындастырды. Бейбарыс пен ислам дінін қабылдаған Алтын Орда ханы Берке (1256-66) тұсында орнаған, тіпті туыстық байланыстарға дейін ұласқан, арадағы қатынас 14 ғ-дың ортасында Ирандағы Хулагу мемлекеті ыдырағаннан кейін де жалғасын тапты. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық жолдаулар қыпшақ тілінде жазылды. 1357 ж. Жәнібек хан өзінің Әзербайжандағы жеңісі жөнінде Египеттегі қыпшақ сұлтанын хабардар етеді. Алтын Орда мен Египет мемлекеті арасындағы тығыз байланысқа Темірдің Қыпшақ даласына жасаған бірқатар әскери жорықтары да кедергі бола алмады. 1395 ж. Алтын Ордаға соңғы Египет елшілігі келді. Бұл сапар Алтын Орданың талқандалуына әкеліп соқтырған Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқаспен тұспа-тұс келді.

33.Алтын Орданың саяси тарихы, қуаттылығы, ыдырау себептері.

1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашы- лардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы.  1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді.

Қуаттылығы: Алтын Орданың басында өте абыройлы тұлға тұрған. Өте күшті тұрақты әскер болған. Өте дамығанб жүйеленген фиськалдық саясат жүргізген. Яғни салықты алуды білген. Өте кең империяның ішінде Алтын Орда бірінші Еуразиялық мемлекет болған. Осы Еуразияның мемлекет жан-жағымен сауда жүргізген.

Ыдырау себептері: Алтын Ордада сепитаризм жікшілдік жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]