Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

1.Тас дәуіріндегі әлеуметтік шаруашылық эволюциясы (палеолит,мезолит,неолти)

Ғылыми деректерге сәйкес Қ. территориясында адамдар ша-масы б.з.1млн жыл кейін,тас ғасырында пайда болғаны байқалады,яғни бұл ғасыр адамзаттың дамуындағы ежелгі кезеңі. Адамдар тас,ағаш, сүйек құралдар мен қаружарақтар қол-данған.Палеолитте адам және оның шаруашылығының 2 түрі пайда болды:аң аулау, терімшілік. Мезолитте ауа райы жылынғасын мұз шегінеді,оның әсерінен ірі хайуандар жойылып, кішігірім аңдар қалды. Енді алғашқы қауымдық мекендеушілер жаңадан отты жаға білді және бұрынғы қарапа-йым құралдармен дара адам не болмаса шағын адам тобы аңға шыға алмайтын болды.Неолитте жабайы адамдардың ісін барынша жеңілдеткен садақ пен жебені ойлап табудан бастады.Садақ пен жебенің өнер табысы-адамның ұлы жаңалық ашуы, яғни оны «неолиттік революция» д.а.

2.Қола дәуіріндегі Қ.Андрон мәдениеті Шаруашылығы: мал бағу (оты-рықшы,басқыншылық,көшпелі). Мал басының артына байланысты малшылар жайылымды жиі ауыстырды. Осыдан жартылай көшпелі мал шаруашылығы шықты. Балық аулау, кен өндіру. Малға жеке меншік, жерге қауымдық,рулық,меншік берілген. Андрон мәд/ң ең негізгі сипаты-саз балшықтан ыдыс жасау. Еңбек,егіншілік құрры: диірмен, тесе,мыс пен қола орақтары,кетпен (теселі егіншілікте қолданған, бидай, арпа, тары еккен. Әлеуметтік жіктеліс: Рулық, тайпалық құрылым. Қоғамның негізгі тобы - жауынгерлер. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дәрежеге ие болды. Абыздар да жоғары бағаланды. Олар дінге дәстүрге мен білімдерді аяқтаушылар. Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.

Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті.

Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен территорияда табылуына және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады.Андроновтық тұртындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялык белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялык өрнеті бар балшық қьщыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды

3.Сақ дәуіріндегі өмір сүрген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы.

Парсының деректер көздерінде сақ тайпалары мен жекелеген тайпалық топтардың да аттары аталған.Олардың қатарында парадарайя сақтары,яғни «өзеннің арғы бетіндегі » сақтар.Хаомоварго сақтары «хаома сусынын дайындайтындар». Тиграхауда сақтары «шошақ бөріктілер ».Тайпалар өздерінің малымен бойлық бағыт бойынша да, ендік бағыт бойынша да щалғай қашықтарға киізбен жабылған күркелі арбаларда топ-топ болып көшіп –қонып жүрді. Негізінен қой,түйе,жылқы, өсіру шаруашылығы мен айналысты,ірі қара аз болды. Шаруашылықтың қосалқы салаларымен аң аулау ерекше дамыды. Мал шаруашылығымен бірге егіншілікпен айналасқан.Тұрмысы.Мал өсіретін көшпелі сақ-н 4/6 доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болған геродоттың жазуынша үйлерде тұрған. Сақтар аңшылыққа,соғысқа арналған күймелер жасаған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]