Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-апта Іс қағаздары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.05 Кб
Скачать

Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі

Қазақ ресми іс қағаздарының тарихына келетін болсақ, ресми іс қағаздар стилі осы хан жарлықтарынан бастау алады. Осыған байланысты тарихқа аздап тоқтала кететін болсақ: Жоңғар шапқыншылығының салдарынан халықты, елдік дербестікті сақтау мақсатында қазақ елі біртіндеп Ресей патшалығының қол астына ене бастады. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанның Россияға қосылу процесі толық аяқталды.

1868-69 жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару жөніндегі ережелері: Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа түрін енгізді.

Қазақстан территориясы 3 генерал-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді. Орал және Торғай облыстары Орынбар генерал-губернаторына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторына, Жетісу және Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторына қарады. Патша өкіметі бұл кезде татар тілмаштарының «көмегінен» бас тартты.

Патша әкімшілігінің бұйрық-жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, отаршылдық саясатты күшейте түсу, өкілеттік құжаттарды жергілікті халықтардың ана жариялап, сөзсіз орындаттыру, патша өкіметінің ресми көзқарастарын халық арасына кең тарату мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп, алғашқы газеттер жергілікті әкімдердің қазақ елін басқару ісін жеңілдету ниетімен шығарыла бастады.

1. Ташкентте 1870-1882 жылдар – «Түркістан уәлаятының газеті»,

2. Омбыда 1882-1902 жылдар – «Дала уәлаятының газеті».

3. 1895 жылдан бастап Троицкіде – «Торғай газеті» шығып тұрды.

Бұл газеттер ресми орган болуына қарамастан қазақ әдеби тілін дамытуға, жазба нормаларын қалыптастыруда, оның бір тармағы ресми іс қағаздар стилін жетілдіруде үлкен роль атқарды.

Газеттің негізгі бағдарламасы – үкіметтің бұйрық-жарлықтарын, сот орындарының үкімдерін, сауда хабарларын, Россия және басқа мемлекеттердің өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық хабарларын жазып тұру болды. Сонымен қатар мұнда қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиетіне қатысты материалдар да жарияланды. Материалдар мазмұнына қарай негізгі екі топқа бөлінді: ресми және ресми емес. Ресми материалдарға үкімет бұйрықтары, кейбір саяси-экономикалық мәселелер. Ресми емес бөлімге: жай корреспонденциялар, тарихи мақалалар мен көркем әдебиет үлгілері жатты. Газет материалдары публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет және ресми іс қағаздар стилінде жазылды.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақша ресми іс қағаздарының өз алдына стилі болды. Ол едәуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалық Россияның әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды. Тағы бір ерекшелігі, бұл дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірлердегідей: хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке жариялайтын мазмұнда болды.

Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай 3 топқа бөлінді.

1-ші топ. Патша үкіметі тарапынан жазылған: бұйрық-жарлықтар (указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения) терминологиясы, стильдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен өзге ресми құжаттардан біраз ерекшеленеді.

2-ші топ. Заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Бұлардың да өздеріне тән термин жүйесі, сөз орамдары бар.

3-ші топ. Жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]