Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-апта Іс қағаздары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.05 Кб
Скачать

Іс-қағаздарының қызметтері мен сипаттары

Іс-қағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;

- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздарының сипаттары:

- саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

- әлеуметтік (қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);

- ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде);

- құқықтық (заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

- тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).

- ресмилік (міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үрдісі элементтері:

  1. құжаттарды дайындау;

  2. құжаттарды жолдау, тіркеу;

  3. сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;

  4. құжаттарды қолдануға дайындау;

  5. құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;

  6. құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары

тіл білімі

педагогика

тарих

саясаттану

мұрағат ісі

Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы

І. Хан жарлықтары

ІІ. Кеңес үкіметі құрылған кезең

ІІІ. ҚР Тәуелсіздік алған кезең

І. Хан жарлықтарына: хандар мен би, болыстардың жазған хаттары жатады. Олар:

  1. «Жеті жарғы».

  2. 1856 ж. Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт мырзаға өтініші.

  3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың қол астындағы адамдармен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Иоанновнаға жазған хаты (ХVIII ғасыр).

  4. 1716 жылғы 13 қыркүйек. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі (ХVIII ғасыр).

5. 1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап император І Петрге жазған хаты (ХVIII ғасыр).

6. 1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жібсру туралы өтініш жасап император I Петрге жазған хатынан

7. Ұлы мәртебелі патша Сізден өтінемін, Сіздің жауыңыз қоңтайшыға аттанғым келеді және қазір одан басқа ешкіммен соғысқым жоқ. Ал егер, ұлы мәртебелі Сіз, әмір берсеңіз, Бізге рұқсат етсеңіз, Сіз өзіңіз оған, қоңтайшыға қарсы және бізге көмек етіп әскери адамдар жіберуге нұсқау берсеңіз және ол әскери адамдардың қандай уақытта жіберілетіні туралы бізге тездетіп ведомость жіберсеңіз, сол мерзімде біз де бәрін алып шығамыз және ондай жауды, құдайдың рақымымен, тас-талқан еткіміз келеді...

«XV–XVIII ғ. қазақ-орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 29-бет.

«Жеті жарғы» туралы түсініктеме

Ғалымдардың айтуынша, бұл құжат Тәуке ханның тұсында 1684-1685 жылдары құрастырылған.

«Жеті жарғы» – Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды данагөй билердің қатысуымен жазылған көшпелі қазақтардың ел билеу заңы.

Бұл заңдық құжатта – жер дауы, жесір дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты үлкен мәселелер қаралады.

«Жеті жарғы» кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, денеге зақым келтіру, зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған кезден басталған.

Қазақтың қылмыстық құқығы: мақау, есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған.

Қазақ халқы – «Жеті жарғыны» – ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді.

«Жеті жарғы»

Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы:

  • қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);

  • ұрлық, қарлақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады.

  • денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой);

  • төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

  • егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

  • егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;

  • ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

  • өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;

  • егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін – бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға – әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 10 түйе – 300 атқа, немесе 1000 қойға тең);

  • әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп, үйленсе жазадан босатылады;

  • егер ері әйелін көзіне шөп салу ұстаса, өлтіруге хақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, әйелін көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;

  • біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады, немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімісен әкетсе күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

  • әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

  • қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге, немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;

  • құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

  • кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;

  • құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде;

  • ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;

  • ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

  • ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;

  • өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;

  • барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;

  • дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

  • куәлікке екі немесе үш адам жүреді;

  • билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;

  • егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;

  • ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]