Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гиста.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
65.19 Кб
Скачать

Аталық жыныс жүйесі

Пішіні пирамида тәрізді базалды мембранада орналасқан, ұшы қуысқа дейін жететін иректелген ұрық түтікшесінің жасушасы қайсысы:

+А. тіректік жасушалар

Иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді эпителий қабатының жасушаларының қайсысы гематотестикулярлы барьердің құрамында болады:

+А. тіректік жасушалар

Еннің иректелген ұрық түтікшелеріндегі трофикалық қызмет атқаратын жасушалары қайсысы:

+А. тіректік жасушалар

Еннің иректелген ұрық түтікшелерінде фагоцитоз қызметін атқаратын жасушалары:

+А. тіректік жасушалар

Еннің иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді эпителиінің базальді бөлігіндегі жасушалар:

+А. тіректік жасушалар

Иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді эпителий жасушаларының шет жағында орналасатыны қайсысы:

+В. сперматогониялар

Дифференциялану кезеңінде сперматогенді эпителий жасушасының бірінің, ядросы тығыздалып, акросомасы мен құйрығы қалыптасатыны белгілі. Осы жасушаны атаңыз:

+E. түрлену кезіндегі сперматозоид

Еннің иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді жасушаларының пішіні дөңгелек, мөлшері шағын ғана, ірі ядросы бар, гаплоидты хромосомалары болатыны қайсы:

+E. Сперматидалар

Өте ірі ашық түсті жасушалар сперматогенді эпителидің ортаңғы қабатында орналасатын және құрамында 23 тетрада хромосомасы бары қайсысы:

+С. 1-реттік сперматоциттер

Иректелген ұрық түтікшелерінің құрамындағы мына жасушалардың қайсысы радиация сәулелерінің әсеріне өте сезімтал келеді:

+А. дифференцияланған сперматогенді жасушалар

Ер адамда сперматогенез қанша тәулікке созылады:

+D. 75

Сперматидтерден сперматозоидтар қалыптасатын сперматогенездің қай сатысы:

+D. түрлену сатысы

Сперматогенездің қай сатысында еннің иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді эпителиінің құрамында сперматидалар басымырақ болады:

+E. пісіп жетілудің екінші бөлінуі

Сперматогенездің қай сатысында сперматогониялардың митоз жолымен бөлінуі жүреді:

+А. көбею

1-реттік сперматоциттердің редукциональді бөлінуге дайындық кезеңі жүретін сперматогенездің сатысы:

+В. өсу

Сперматидалар сперматозоидтарға дифференцияланатын сперматогенездің сатысы:

+E. Түрленуде

Сперматогенездің қай сатысында 2-реттік сперматоциттер түзіледі:

+С. пісіп жетілудің бірінші бөлінуі

Сперматидалардың түзілуі сперматогенездің қай сатысында жүреді:

+D. пісіп жетілудің екінші бөлінуі

Микроскопиялық зерттеу барысында иректелген ұрық түтікшелерінің қабырғасындағы сперматогенді эпителидің құрамында көптеген 2-реттік сперматоциттер бар екені анықталды. Бұл сперматогенездің қай сатысына тән:

+С. пісіп жетілудің бірінші бөлінуі

Еннің иректелген ұрық түтікшелерінің арасындағы борпылдақ дәнекер тінінде орналасатын, цитоплазмасы ацидофильді боялған, белокты кристаллоидтары бар, дөңгелек пішінді ірі жасушалары қайсы:

+D. интерстициальді эндокриноциттер

Еннің иректелген ұрық түтікшелерінің арасындағы борпылдақ талшықты дәнекер тіндегі гормон түзетін жасушалар:

+E. гландулоциттер (Лейдиг жасушалары)

Ұрық шығаратын жолдардың қабырғасын құрайтын қабықтар:

+С. кілегейлі, етті және адвентиция қабықтары

Сперматозоидтардың бөлініп шығуына септігін тигізетін иректелген ұрық түтікшелерінің құрылымы қайсысы:

+С. миоидты жасушалар

Ен қосалқысы өзегінің эпителиі:

+E. екі қатарлы, биік призма тәрізді стероцилиялары бар, бұл жасушалардың базальді бөліктерінде қыстырма жасушалар орналасқан

Кірпікшелі және безді жасушалар кезектесе орналасқан ұрық шығатын жолдардың бөлігі:

+E. ұрық шығаратын түтікшелері

Ұрық шығаратын жолдардың қай бөлігінде сперматозоидтар жиналып, гликокаликспен қапталады:

+D. ен қосалқысының өзегінде

Ұрық шығаратын жолдардың қайсысының қабырғасында жақсы дамыған етті қабығы бар:

+D. ұрық шығаратын өзегінің

Қуық асты безінің құрылысы:

+E. күрделі альвеолярлы түтікшелі

Зерттеуші аталық жыныс жүйесінің бір мүшесінен алынған кесіндісінде күшті дамыған тегіс салалы ет тінінің және бұлардың арасында орналасқан бездердің соңғы бөліктерінің бар екенін анықтады. Бездердің өзектері несеп шығаратын өзекке ашылады. Бұл мына мүшелердің қайсысы:

+D. қуық асты безі