Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Labor_BMiK.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.98 Mб
Скачать

5.5. Шарошкалы қашау конструкцияларын тұрақты ережеге бағындыру

Шарошкалы қашаулар элементтері мен жүйелерінің конструкциялық параметрлері

тау жыныстарының механикалық қасиеттерімен және бұрғылау ережесінің кейбір параметрлерімен анықталады. Бұрғылау жұмыстарында қолданылатын барлық шарошкалы қашаулар мемлекеттік стандарт МЕСТ-20692-75 сай жасалған.

Стандарт бойынша отыздан астам қашау түрлері дайындалады:

а) шарошка саны бойынша:

  • бір шарошкалы /І/;

  • екі шарошкалы /ІІ/;

  • үш шарошкалы/ІІІ/;

б) қашау диаметірі бойынша: 5.2 -кестеде берілген.

в) тау жыныстарның қаттылығына байланысты ұсынылатын түрі бойынша: 5.1-кестеде берілген.

г) жуу жүйесі бойынша:

  • жуу жүйесі тесіктері ортасына бағыттылған /Ц/;

  • жуу жүйесі тесіктері бүйіріне бағытталған, гидромониторлы /Г/;

  • үрлеу жүйесі тесіктері ортасына бағыттылған /П/;

  • үрлеу жүйесі тесіктері бүйіріне бағытталған, гидромониторлы /ПГ/;

д) шарошка тіректері бойынша:

  • тербермелі подшипникті /В/;

  • екі және одан көп сырғанау подшипникті /радиалді/ /А/;

  • біреуі сырғанау, қалғандары тербеліс сырғанау подшипникті /Н/;

е) шарошка потшибниктерін майлау тәсіліне байланысты:

− тіректері май толтырылып бекітілген қашаулар;

− жуу сұйығының көмегімен майланатын шарошкалар.

Стандарт бойынша қашау паспортында төмендегі мәліметтер қойылады:

  1. шарошка саны бойынша қашау түрі;

  2. қашау диаметрі, мм;

  3. жуу жүйесі;

  4. тірек конструкциясы ерекшеліктері.

  5. шарошка потшибниктерін майлау ерекшеліктері.

Тиісті жүйелердің цифр және әріптік белгілері жақша ішінде көрсетілген. Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларда цифр соңына «у» әріпі қойылады.

Мысалы: диаметрі 190,5 мм шарошкалы қашау шифры төмендегідей көрсетіледі: III 190,5 СЗГНУ /МЕСТ 20692-75/.

Қашау ниппелінің жоғары шетіне ойылып марка белгісі соғылады. Үш шарошкалы жуу жүйесі тесіктері ортасына бағытталған қашауларға «Ц» әрпі соғылады.

Әр қашауға «қашау паспорты» беріледі. Қашау түрлері, жасақ элементтері 5.2- кестеде келтірілген.

5.2- кесте. Шарошкалы қашау жасақтарының сипаттамалары

Жасақтарына байланысты қашау түрі

Шарошка өсінің ауытқуы, К,мм

Жасақ элементтері

Жасақтардың шарошкадан шығып тұру биіктігі

Шірдегі жасақтардың орналасу адымы

Тістердің қыр бұрышы

М

4+10

азаяды

Фрезерленіп жасалған

Азаяды

Азаяды

Көбейеді

МС

С

СТ

Т

ауытқусыз

Фрезерленіп жасалған Г26 немесе К.

ТК

К

К немесе Г26

ОК

МЗ

4+10

азаяды

М немесе Г25

Азаяды

Азаяды

МСЗ

Фрезерленіп жасалған М немесе Г25

СЗ

С немесе Г25

ТЗ

ауытқусыз

Т немесе Г25

КЗ

<1,5

С+К немесе Г25+Г26

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]