- •1 Жұмыстың мақсаты:
- •2. Жұмыстың мақсаты:
- •2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме
- •2.2. Жабдықтау түріне байланысты арқан ұзындығы
- •3.1. Ұңғыларды бұрғылау барысында тексерілетін көрсеткіштер
- •3.2 Қашауға түсірілген күш пен бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын өлшеу
- •3.3. Гидравликалық салмақ индикаторы
- •3.4. Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы мен қашауға түсірілетін күшті салмақ индикаторы бойынша анықтау
- •3.5. Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын негізгі көрсеткіш пен өздігінен жазатын манометр арқылы анықтау
- •3.6. Қашауға түсірілген күшті анықтау
- •3.7. Вернъер көрсеткіші бойынша анықтау
- •3.8. Индикатор диаграмасын оқып білу
- •4.Жұмыстың мақсаты:
- •4.1.Шығырды таңдау
- •4.2. Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •№5 Зертханалық жұмыс Тау жынысын талқандаушы аспаптар
- •5.2 Бұрғы қашауларының конструкциясы
- •5.3. Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
- •5.4. Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
- •5.5. Шарошкалы қашау конструкцияларын тұрақты ережеге бағындыру
- •Бақылау сұрақтары
- •№6 Зерітханалық жұмыс бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
- •6.1 Бұрғылау құбырлар тізбегінің атқаратын міндеттері
- •6.2 Бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
- •6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары
- •6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
- •6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.7. Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары
- •6.8. Жетекші құбырлар
- •6.9. Бұрғылау құбырларының аудармалары
- •6.10. Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер
- •6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер
5.3. Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
Жуу жүйесі, жуу сұйықтары немесе үрлеу агенттерінің ағынын ұңғы түбінің қажетті бөлігіне бағыттау үшін қолданылады. Ол қашаудың ішкі қуысынан (1), жеткізуші канал (2) бір немесе бірнешеу, шығару тесігінен (3), тұрады (2.8-сурет).
Шығару тесіктерінің жуу сұйығын бағыттауына қарай қашаулар төмендегіше бөлінеді:
жуу тесіктері ортасына бағытталған қашаулар. Яғни сұйық ағыны ұңғы түбінің ортасына бағытталған.
Жуу тесіктері қапталына бағытталған . Сұйық ағыны ұңғы түбінің шетіне қарай, шарошқалар арасына қашау осіне белгілі бір бұрышпен бағытталған . Сұйық ағыны жынысына тікелей әсер етіп, ұңғы түбін тазартуды жақсартады. Қашау тесіктерінен шығатын сұйық ағыны 80м/с-тан асқан жағдайда, ағынның ұңғы түбіне динамикалық әсерінің тиімділігі (гидромониторлық тиімділік) байқалады.
Сұйық ағыны ұңғы түбіндегі тау жыныстарының бұзылуын жеңілдетеді. Мұндай жуу жүйесі бар қашауларды гидромониторлы қашаулар деп атайды. Ағын жылдамдығы 30 м/с асқан кезде қашау тесіктері тез тозады. Сондықтан гидромониторлық қашаулар тесектеріне гидромониторлы торап /ГМГ/ қойылады. Әр гидромониторлық торап құрамына төмендегі үш элемент міндетті түрде кіреді (2.8-сурет б) : сұғындама (3), тығыздауыш (4), ұстаушы құлып (5). Алынып-салынбалы сұғындама төзімді берік материалдардан дайындалады. Тығыздауыш сұғындама мен қашау тұрқы арасындағы саңлауды бекіту қызметін атқарады. Ұстауыш құлып сұғындаманы қашау тұрқына бекітіп ұстату үшін қолданылады.
Бұрғы қашауларында гидромониторлық торап /ГМГ/ конструкциясының үш түрі кеңінен қолданылады
1-қашаудың ішкі қуысы; 2-жеткізуші канал; 3-сұғындама; 4-тығыздауыш; 5-ұстауыш құлып.
5.8-сурет. Шарошкалы қашаулардың жуу жүйесі
5.4. Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
ВИИБТ (Бүкіл одақтық бұрғылау техникасы ғылыми зерттеу институты) мен минхиммаш заводы бірлесе отырып, ГНУ және ГАУ сериялы қашауларын жасап шығарды. ГНУ /2АН/ қашаулары конструкциялық және сапалылығы жағынан СН-26-03-126-69 нормаліне сайкес келеді. Бұл сериямен бұрғы қашауларының кез келген тобы, түрі және модификациясы дайындалады. Олардың ерекшеліктері дайындау технологиясында, тіректер конструкциясы мен олардың элементтерінде. ГНУ сериялы қашаулар роторлық және айналымы төмен түптік қозғалқыштармен, бұрғылауда, орташа, төмен тереңдіктерде /1600-4500 м/ қолданылады.
ГАУ сериялы қашаулар тек роторлық бұрғылауда h=/40-60/ айн/мин/, 4500-7000 м тереңдікте қолданылады. Жуу жүйесі тесіктері бүйіріне бағытталған гидромониторлы, шарошка тіректерін майлау және бекіту жүйесі дербес.
ГАУ сериялы қашау тіректері төмендегі схема бойынша дайындалады: шеткілері радиалды-сырғанау подшипник, ортаңғылары радильді тіректік шарикті подшипник, соңғылары радиалді және тіректік сырғанау подшипниктер.
Бекіту жүйесіне цапфа бойынша отырғызылған резеңке металл тығыздауыш кіреді және тірек қуысындағы май қысымын теңестіруші және түйістіруші құрылғысы бар.
Сынау мәліметтері бойынша ГАУ сериялы қашаулардың ұңғы түбінде жұмыс істеу уақыты 40-100сағ., кейбір жағдайларда 140-170 сағатқа жетеді. Ал ГНУ қашауларыныкі, роторлық бұрғылауда 30-90сағ. Турбобұрғы тәсілінде 20-25 есе жоғары. Роторлық бұрғылаумен қатар ГНУ қашаулары Д2-172М винттік қозғалтқыш, үш секциялы ЗГСШ-195 турбобұрылғыларымен де тиімді қолданылып жүр.
1-резинаметалды тығыздауыш; 2- резиналы сальник; 3-тіректе жасалған арнайы ойық; 4-кері клапан; 5-май жіберуші канал; 6-ұстаушы сақина; 7-май толтырылған резервуар; 8-резина тығыздауыш.
5.9-сурет. Тіректері май толтырылып бекітілген қашау сұлбасы
