Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Labor_BMiK.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.98 Mб
Скачать

3.8. Индикатор диаграмасын оқып білу

Салмақ индикаторының (6 – сурет) тіркеуші бөлімнің (4) диаграммадағы жазуы бойынша ұңғыда істелген жұмысты бағалауға болады. Сонымен қатар бұрғылау бригадасы ережесінің берілген мәндерін қадағалай алады. Диаграммада бұрғылау тізбегінің салмағының барлық ауытқулары көрсетіледі. Диаграмма (6 – сурет) бетіне центрлес шеңберлер сызылған дөңгелек қағаз. Жалпақ қара шеңберлер негізгі көрсеткіш бөліктеріне (0,10,20.....100) сәйкес. Бұл шеңберлер арасындағы кеңістік 10 бөлікке бөлінген, олар арқылы жіңішке шеңберлер өтеді. Нөлден жүзге дейінгі белгілер диаграмма центрінен шеттеріне қарай жүргізілген. Сыртқы шеңбер бір тәуліктегі сағат санына сәйкес 24 тең үлкен бөліктерге бөлінген. Әр үлкен бөлік, әр – қайсысы 15 минутқа сәйкес 4 бөлікке бөлінген.

Диаграммадағы жазуды былай оқуға болады. Егер диаграммадағы сызық шеңберлердің қайсы біреумен параллельді өтетін болса, онда бұл сол уақыт аралығындағы тәл ілмегіндегі салмақтың өзгермегендігін көрсетеді. Бұл тоқтап тұрғанда немесе тұрақты бір күшпен бұрғылау кездерінде болады.

Егер, сызық тарамдалған қисық сызыққа параллель түсетін болса, бұл тізбек салмағының өзгергендігін көрсетеді /бұрғылау тізбегін көтеру, ұңғы ішінде қысылып қалған бұрғылау тізбегін тарту, тағы басқа жұмыстар/ .

Егер, бұрғылау тізбегінэлеваторға немесе ұстағыш сынаға отырғызатын болсақ, бұл кезде де, дәл жоғарыда айтылғандай сызық түседі, тек, бұл жағдайда салмақтың жоғарғы бір мәнінен шартты нөлдікке (10 бөлік) дейін азайғанын білдіреді. Бұрғылау тізбегін ұңғыға түсіру процесі қашауды ауыстырғаннан кейін басталады, яғни әрбір «свечаны» түсірген сайын салмақ өсіп отырады. Көтеру процесі түсіру процесіне кері сурет береді. Әр «свечаны» көтерген сайын салмақ азяды.

Қашауға түсірілген күш біркелкі болмаған жағдайда диаграмада толқын тәріздес сызықтар жазылады. Қашауға түсірілген күш диаграммада шеңберлер арасындағы тор сызықтар саны арқылы анықталады.

3.6-сурет. Индикатор диаграмасы

Бақылау сұрақтары

1. Гидравликалық салмақ индикаторының құрама схемасы?

2. Қысым трансформаторырың схемасы?

3. Қашауға түсірілген күшті қалай анықтаймыз?

4. Вернъер көрсеткіші бойынша анықтау

5. Индикатор диаграмасынның қызметі?

Зертханалық жұмыс №4

Бұрғылау шығырының тежегіш жүйелері

4.Жұмыстың мақсаты:

Бұрғылау шығырының негізгі және қосымша тежегіш жүйелерімен танысу.

4.1.Шығырды таңдау

Шығыр жүк көтергіштігі бойынша таңдалады және көтеріп – түсіру операциялары кезінде тәл арқанының қозғалатын ұшының тартылу күші арқылы анықталады. Бұл кезде келесі шарт орындалуы керек:

Рп.ж≤Рқоз, (4.1)

мұнда Рп.ж – шығырдың паспорттық жүк көтергіштігі (11-кесте);

Рқоз. (4) – формуламен анықталады.

4.2. Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын анықтау

Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын келесі формуламен анықтайды:

NЖ.Ш.= , (4.2)

мұнда Ni – ілмек жетегіндегі қуат, кВт;

ηқ.к. – қозғалтқыш білігінен ілмекке дейін көтеру қондырғысының пайдалы әсер коэффициенті.

Зерттеулер негізінде ілмектегі оптималдық қуат номиналдық жүкті Vкр = (0.4÷0.5)м/с жылдамдықта көтеруге тең, сондықтан:

Ni = = , (4.3)

PiH мәнін 2-ші кестеден аламыз.

ηк.қЛ.П∙ηТС , (4.4)

мұнда ηЛ.П− көтеру қозғалтқышының білігінен шығыр барабанына дейінгі пайдалы әсер коэффициенті. Есептеулер үшін ηЛ.П=(0.75 ÷ 0.8). ηТС – мәні 2-ші кестеде берілген.

Тежеуіштік жүйелер:

Уралмашзваодының бұрғылау шығырларында екі тежеуіштік жүйесі қолданылады- негізгі және қосымша.

Негізгі- бұрғылау және шегендеу бағаналарын түсіруді орындау кезінде шығыр барабанын тежеуге арналған.

Қосымша- қажетті күйде барабанды фиксациялауға арналған шапшаң тежеуге арналған, сонымен бірге келесі апаттық жағдайларда барабанды тежеуге арналған:

1. әртүрлі пневмотикалық қондырғыларға сығылған ауа өткізетін, пневможүйелерді саңылаусыздандыруда;

2. тәлдік жүйені көтеру кезінде;

3. шығыр барабанының айналу жиілігін арттыру кезінде.

Негізгі тежеуіштер гидравликалық тежеумен жүзеге асырылады ( У2-5-5 шығырлары), электромагнитті индукциялы тежеуішпен (ауыспалы тоқ) ЭМТ-4500.

Қосымша тежеуіштер шығыр барабанына тікелей әсер ететін, екі ленталы тежеуіштермен жүргізіледі және Уралмашзаводының барлық шығырларында қолданылады.

Түсірілетін барлық бұрғылау бағаналарын тежеу кезінде үлкен жылу мөлшері бөлінеді.

Ленталы тежеуішпен тежеген кезде тежеуіштік шкивтің үстіңгі беті мен тежеуіштік колодканың жанасқан беттерінде температура 8000С жетеді. Осы тежеуіштік беттердің шкивіндегі айналу беттеріндегі жылуды төмендететін ешқандай әдіс жоқ.

Жоғары температураның әсерімен тежеуіштік шкивтің беттері, жарықшақтар торымен жабылып қалады, үгіліп кетеді, кейде тежеуіштік шкивтің доғасы үзіліп кетуі мүмкін. Осының бәрі тежеуіштік шкивтерді, тежеуіштік колодкаларды ауыстыруға алып келеді, соған байланысты бұрғылау ұзақ уақыт тоқтап қалады.

Осыларды болдырмау үшін, бұрғылау немесе шегендеу бағаналарын түсіру кезінде тежеуді негізгі тежеуішпен орындау қажет. Ленталы тежеуішпен бұрғылау немесе шегендеу бағаналарын түсіру кезінде тежеуге рұқсат берілмейді, ол тежеуіш бұған есептеліп жасалмаған.

Гидравликалық тежеуіштер:

Уралмашзаводының У2-5-5 шығырыы гидравликалық тежеуіштермен жабдықталады. У2-5-5 шығыры – салқындатқышы бар немесе салқындатқышсыз, диаметрі 1450 мм, бір роторлы УТГ-1-1450 гидротежеуішімен жабдықталады. Осы тежеуіштердің қондырғысын бір схема бойынша жасайды.

4.1-Кесте-Шығырдың жұмыс істеу кезіндегі бұзылу мүмкіндіктері және оларды болдырмау әдістері

Бұзылу мүмкіндіктері

Бұзылу себептері

Болдырмау әдістері

Ілмек жоғарыға тоқтап және үзіліп көтеріледі

Шығырдың НШ-70 муфта ПМП-7ШО немесе беріліс қорабы астына майдың түсіп кетуі

Майдың түсіп кетуі себептерін болдырмау

Дағыра қосылмайды

Жүйенің бұзылуы

Жүктелмеген ілмек төменге қарай жай барады

Колодка тежегіші шкивтен ажырамайды.

Таспалы тежегіштің реттегіш тартылу күшін жіберу. Таспаны реттеу.

Тежегіш тұтқа ең төменгі шекке дейін барып тоқтамайды

Тежегіш колодкасының тозуы

Тежегіш таспаны тарту

Тежегіш момент артық күшке шыдай алмайды

Тежегіш шкивке майдың түсіп кетуі

Майдың түсіп кетуінің себебін анықтау

Тежегіштің ауалы цилиндірі қосылады

Тежегіш тұтқаның тарту күші реттеугітен шығып кеткен

Тұтқаны шеткі төменгі жағдайға дейін бұрап кіргізу керек

РПДЭ қосылған жұдырықшалы муфта 1 см ұзындыққа қосылудан шығып және кіреді

Тартылу кішінің механизмі ұзындығының өзгеруі

Ұзындығын реттеп конргайкамен бұрап кіргізу керек

Гиротежегішпен жұмыс істеу кезінде оның корпусы солқылдайды

Дағыра білігімен гидротежегіштің ортасы бұзылған

Гидротежегішті орталықтандыру қажет

Гидротежегіштің саңылауы арқылы қатты су ағады

Гидротежегіштің манжеті тозған

Манжетті ауыстыру қажет

Гидротежегіште скважинаға инструменттің түсуі кезінде үзілу байқалады

НІМ гидротежегіш муфтаның астына майдың түсіп кетуі

Майдың түсу себебін болдырмау және сүрту

Бақылау сұрақтары

  1. Бұрғылау шығырының негізгі жұмыс істеу принципі?

  2. Бұрғылау шығырының тежегіш жүйелері?

  3. Бұрғылау шығырының негізгі тежегіші?

  4. Бұрғылау шығырының қосымша тежегіштері?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]