
- •1 Жұмыстың мақсаты:
- •2. Жұмыстың мақсаты:
- •2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме
- •2.2. Жабдықтау түріне байланысты арқан ұзындығы
- •3.1. Ұңғыларды бұрғылау барысында тексерілетін көрсеткіштер
- •3.2 Қашауға түсірілген күш пен бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын өлшеу
- •3.3. Гидравликалық салмақ индикаторы
- •3.4. Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы мен қашауға түсірілетін күшті салмақ индикаторы бойынша анықтау
- •3.5. Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын негізгі көрсеткіш пен өздігінен жазатын манометр арқылы анықтау
- •3.6. Қашауға түсірілген күшті анықтау
- •3.7. Вернъер көрсеткіші бойынша анықтау
- •3.8. Индикатор диаграмасын оқып білу
- •4.Жұмыстың мақсаты:
- •4.1.Шығырды таңдау
- •4.2. Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •№5 Зертханалық жұмыс Тау жынысын талқандаушы аспаптар
- •5.2 Бұрғы қашауларының конструкциясы
- •5.3. Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
- •5.4. Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
- •5.5. Шарошкалы қашау конструкцияларын тұрақты ережеге бағындыру
- •Бақылау сұрақтары
- •№6 Зерітханалық жұмыс бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
- •6.1 Бұрғылау құбырлар тізбегінің атқаратын міндеттері
- •6.2 Бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
- •6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары
- •6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
- •6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.7. Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары
- •6.8. Жетекші құбырлар
- •6.9. Бұрғылау құбырларының аудармалары
- •6.10. Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер
- •6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер
3.1. Ұңғыларды бұрғылау барысында тексерілетін көрсеткіштер
Бұрғылау технологиялық-ережелер көрсеткіштері бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы, бұрғылау қондырғысы роторның білігінің айналдыру моменті, ротордың айналу жиілігі, бұрғылау сұйықтарының қысымы мен тұтыну мөлшері және қабылдау қалбырларындағы жуу сұйығының деңгейі . Бұл көрсеткіштер бұрғылау кезінде төмендегі приборлармен қадағаланады: гидравликалық салмақ индикаторы мен салмақ өлшеуіші, ротор білігінің айналдыру моментін өлшеуіш, ротордың айналу жылдамдығын өлшеуіш, геликсты манометр.
Бұрғылау ережесінің негізгі көрсеткіштері қашауға түсірілетін өстік салмақ (G) , қашаудың айналу жиілігі ( n ) роторлық бұрғылау тәсілінде ротордың айналу жылдамдығымен, ал турбобұрғылық тәсілде турбина білігінің айналу жылдамдығымен өлшенеді, бұрғылау сұйықтарының тұтыну мөлшері ( Q ) мен сапасы .
3.2 Қашауға түсірілген күш пен бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын өлшеу
3.3. Гидравликалық салмақ индикаторы
Гидравликалық салмақ индикаторының негізгі жинақ құрамы : гидравликалық салмақ ндикаторы, негізгі және верньерлік көрсеткіштер, тіркеуші прибор .
Салмақ индикаторында, тәл арқанына түсірілген күш, трансформатор арқылы көрсеткіш монометрлерге беріліп сұйық қысымының шамасына пропорционал түрленеді. Гидравликалық салмақ индикаторының құрама схемасы 1-суретте көрсетілген. Оның жинақ құрамына қысым трансформаторы (1), негізгі көрсеткіш (2), верньерлік көрсеткіш (3), тіркеуші прибор (4), пресс-бак (5) кіреді. Осы аталған барлық құрылғылар мыс түтік (7) арқылы жалғастырылып ішіне пресс-бак арқылы арнайы сұйық толтырылып, бір гидравликалық жүйе құрайды.
1-қысым трансформаторы, 2-негізгі көрсеткіш, 3-верньерлік көрсеткіш, 4-тіркеуші прибор,5 -пресс-бак, 7-мыс түтік
3.1-сурет. Гидравликалық салмақ индикаторының құрама схемасы
1,2,3 - шығыршықтар; 4-тәл арқаны; 5 - тәрелке; 6 - арнайы сұйық; 7- ішкі қуыс.
3.2-сурет. Қысым трансформаторырың схемасы
Ортанғы шығыршыққа (2) түсірілген қысым арқанды (4) керуші күштікөлденең құрастырушысы ретінде көрінеді . Сонымен:
R = 2PSinα. (3.1)
Күш тәрелкеге (5) әсер етеді , ол мембрана арқылы ішкі қуысты толтырушы (7) арнайы сұйыққа (6) беріледі. Бұл күш төмендегі формуладағыдай күшпен теңгеріледі:
R = PмF, (3.2)
мұндағы, Рм-мессдозадағы сұйық қысымы;
F-мессдоза мембранасының тірек бетінің ауданы.
1-теңдеуден:
P = R/2Sinα. (3.3)
Рм-ің 2-теңдеудегі мәнді 3-теңдеуге қойғанда:
P = PмF/2Sinα, (3.4)
Тәл ілімегіндегі салмақ төмендегі формуламен анықталады:
Q = 2mP/η, (3.5)
мұндағы, m -тәл блогының шығыршық саны;
η -тәл жүйесінің пайдалы әсер коэффиценті.
Р-ің 4-теңдеуіндегі мәнін 5-теңдеуге ауыстырып қойғанда:
Q = mPмF/ Sinα n, (3.6)
α -бұрышының болымсыздығын ескере отырып былай жазуға болады:
Sinα = tgα = у/ι,
Онда:
Q = m PмF ι/ у η. (3.7)
m, F, ι, у, η -тұрақты шамалар, сондықтан белгілі мессдоза құрылмасы мен тәл жүйесінің пайдалы әсер коэффицентін төмендегідей жазуға болады:
m F ι/ у η = const = C.
Онда:
Q = C Pм. (3.8)
8-формула бойынша бұрғышы манометрлердегі F-ің мәні бойынша тәл ілмегіндегі салмақты анықтай алады.
Қазіргі кезде гидравликалық салмақ индикаторының үш түрі кеңінен қолданылады. Олар: ГИВ-6-2, ГИВ-6-3.
Жинақ құрамында ТД-2А қысым трансформаторы кіретін ГИВ-6-1 диаметірі 15-19 мм тәл арқандарының қозғалмайтын шетінің созылуын өлшеуге арналған. Өлшеу шегі: 1-40 және 2-80 кН.
Жинақ құрамында ТД-4 қысым трансформаторы кіретін ГИВ-6-2, диаметірі 19-28 мм арқандарға арналған. Өлшеу шегі: 5-120, 5-150,5-180 кН.
Жинақ құрамында ТД-5 қысым трансформаторы кіретін ГИВ-6-3, диаметірі 32-38 мм арқандар үшін. Өлшеу шегі: 8-20012-250 кН.
Жинақ өлшеу шегі шеткі және ортаңғы шығыршықтар құрсауы астындағы төсемдердін көмегімен арқанның сыну бұрышына реттеліп қойылады. Ортаңғы шығыршық қалпы реттеліп қойылғаннан кеиін пломба салынады. Реттеу, индикаторы машинасында тарировка жасағанда іске асырылады. Төменгі өлшеу шегі барлық жағдайда негізгі манометр тілі оныншы бөліктегі қалпында қойылады. Бұл жағдайда арқанның керілу күші тәл блогы, ілмек және ұршықтың жалпы салмағына тең.
Заводтта қысым трансформаторы диаметірі белгілі бір арқанға градирленеді, сызықтары келтіріледі. Салмақтық қисықтар арқанның керілуін өлшеу арқылы шығарылған график. Арқан диаметірінің өзгеруіне қарай салмақты қисықта өзгереді. Сондықтан трансформаторды тек диаметірі белгілі бір арқанмен қолданылады.
Гидравликалық индикатор жүйесінде қысым барлық жағдайларда 1,0-0,1 МПа тең.Трансформаторда ең жоғарғы қысымда негізгі манометр тілінің бұрылу бұрышы 270° тең .
Негізгі көрсеткіш манометр (3.3-сурет), шаң мен сұйық шашырандыларын өткізбейтін тұрқы 1, сезгіш элемент ретінде қолданылатын манометрлік бурден сеппесінен 2 тұрады. Сеппенің қозғалмайтын шеті тұрқыға дәнекерленіп бекітілген, ал бос шеті турбо-секторлық механизммен 5 гопсы арқылы жалғанып: тартқыш 4 арқылы ұштықпен жабылған. Бұл құрылғы штуцер 3 арқылы қысым трансформаторынан көрсеткішке жеткізілетін сұйық қысымын қадағылап отыруға мүмкіндік береді. Құрылғы көрсету 270°-тық доғадағы тең 10 бөліктен бөлінген көрсеткіш шкала бойынша өлшенеді.
3.3-сурет. Негізгі көрсеткіш манометр
Верньерлік көрсеткіш (3.4-сурет ) қашауға түсірілген салмақты өлшеуде күш индикаторының көрсетуін анықтау үшін қолданылады, верньерлік көрсеткіштің құрылғысы негізгі көрсеткіштікімен бірдей, тек сезімталдығы одан алты есе жоғары,сондықтан оның шкаласы едәуір созылған.Ол 40 бөлікке бөлінген 360° тең шеңбер. Бурден серіппесі жүйедегі қысымы 1,0 МПа болған жағдайда көрсеткіш тілін тартқыш пен турбо-секторлы: механизм арқылы 180°-қа бұрады. Верньерлік көрсеткіш арқылы қашауға түсірілген салмақтың өзгеруін негізгі көрсеткішке қарағанда өте жоғары дәлдікпен анықтауға болады.
3.4-сурет. Верньерлік көрсеткіш
ГИВ-6-ның барлық түрлерінде тіркегіш прибор ретінде өздігінен жазатын стандотта матметр МЕСТ-470 қолданылады.Ол дөңгелек қағаз диграмманы ортасынан шетіне қарай жазады. Оның сезгіш элементі өлшеу шегі 1,0МПа геликсоидалы манометрлік серіппе. Тіркегіштің айналу жылдамдығы 1 ай/тәулік .Сағат механизмінің жүру дәлдігі тәулігіне 15 мин.
Пресс-бак ( 5-сурет) барлық жүйені арнайы сұйықпен толтыру үшін қажет. Олт тұрқы (7), астында түтікті жалғайтын штуцері бар түптен (8) тұрады. Қақпақ (4) арқылы бұрағышы (1) бар, резенке түтікпен (2) қорғаған, поршенмен (6) топса арқылы жалғанған тығыздық сақинасы (5) бар бұрында өтеді ( 3).
3.5-сурет. Пресс-бак
Гидравликалық күш индикаторының дұрыс жұмыс істеуін қамтасмасыз ету үшін, оны дайындау, пайдалану және монтаждық нұсқаларындағы ережеларді басшылыққа алу керек.