Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Labor_BMiK.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.98 Mб
Скачать

6.9. Бұрғылау құбырларының аудармалары

Бұрғылау құбырларының аудармаларын (6.10-сурет) жалғаушы элементтер ретінде қарауға болады.

Аудармаларды үш түрде жасайды : қорғаушы ҚА , муфталық аудармалар МА және ниппельдік НА.

Қорғаушы аудармалар жиі ашылып-жабылатын құлптық бұрандаларды тез тозудан қорғайды, әрі өлшемдері әр түрлі құлптық бұрандалы екі бөлшекті жалғау үшін қолданылады.

Муфталық және ниппельдік аудармаларды бұрғылау құбыры тізбегінің немесе аспаптардың жалғанатын шеттері біркелкі муфталы немесе ниппельді болып келген жағдайларда қолданады.

Стандатр бойынша бұрғылау құбырлары құлпыларының үш түріне сәйкес аудармалардың 233 түрі және ниппельдік немесе муфталық құлпылық бұрандалардың 17 түрі жасалады. Аудармалар болаттың 4 ОХН немесе 4Х маркілерінен әрі тапсырыс берушілердің келісімі бойынша беріктік тобы "Д" болаттардан жасалады. Аудармалар түрлері оң әрі сол құлптық бұрандалы болып жасалуы мүмкін.

Аудамалар белбеушесіне төменгідей белгілер соғылады:

а) дайындаушы заводтың товарлық белгісі;

б) аударманың түрі, өлшем белгілері;

в) болаттың маркасы;

д) дайындалу мерзімі;

Сол бұрандалы аудармаларға негізгі белбеушеден басқа, одан 10 мм аралықта ені 5 мм қосымша белбеуше ойылады.

а-қорғаушы аударма; б-нипельдік аударма; в-муфталық аударма

6.10-сурет. Бұрғылау құбырларының аудармалары

6.10. Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер

Сүзгілер − бұрғылау құбырлары тізбегі арқылы өтетін бұрғылау сұйықтарындағы бөгде қоспалардан тазарту үшін қолданылады. Сүзгілер бірнеше түрлі болып жасалады. Ең жиі қолданылатын сүзгі түрі 6.11-суретте көрсетілген. Сүзгі соңы фасонды флянцпен 5 аяқталған тесіктері бар түтіктен 3 және сүзгі орнықтылығын қамтамасыз ететін құбыр 2 тұрады. Гидравикалық қысым айырмасын азайту үшін тесік түтіктің жоғарғы жағына конусты ұштық 1 жасалған.

Сүзгі жетекші құбыр мен бұрғылау құбырының арасына конустық ұшы жоғары қаратылып орнатылады.

1-конустық ұш; 2- қысқа құбыр; 3-тесіктері бар түтік; 4- оралған сым; 5-фосонды флянец

6.11-сурет. Сүзгі

Кері клапандар бұрғылау тізбегінің арасына орнатылады. Оның негізгі міндеті − бұрғылау тізбегі арқылы қабат сұйықтарының кері атқылауын болдырмау. Кері клапан құрылмасы 6.12-суретте көрсетілген. Бұрғылау құбырларының түрлеріне сәйкес кері клапандардың үш түрі шығарылды.

КЗН – құлптарының ішкі диаметрі қалыпты бұрғылау тізбектері үшін;

КЗШ - құлптарының ішкі диаметрі кең бұрғылау тізбектері үшін;

КЗУ - құлптарының ішкі диаметрі кеңейтілген бұрғылау тізбектері үшін;

Кері клапандар оң және сол құбырлық бұрандамен жасалады. Клапан тұрқы болаттың 40Н маркасынан, ал серіппеден басқа бөлшектері төменгі маркалы болаттардан жасалады.

6.12-сурет. Кері клапан

6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер

Тұрақтылықтың жойылуы әсерінен ауырлатылған бұрғылау құбырларының майысуы, олардың жалғау бөлшектері мен қашау жұмысын қиындатып, бұрғылау құбырының біркелкі айналуын бұзады және басқа да апатты жағдайларға соқтырады. Сондықтан ауырлатылған бұрғылау құбырларының жұмысын жақсарту үшін бұрғылау тізбегі құрамына аралық тіректер қойылады. Олардың өлшемдері ауырлатылған бұрғылау құбырларының көлденең қимасындағы деформациясын азайтуы, тау жынысы бөлшектерінің еркін көтерілуі және ұнғы қабырғасымен құбыр аралығындағы саңылауды азайтуы қажет. Жоғарыда айтылған талаптарды қимасы төртбұрышты тіректер толық қанағаттандырады. Осындай тіректердің бірі төмендегі 6.13-суретте көрсетілген.

6.13-сурет. Аралық тірек

Шлам ұстаыштар − бұрғылау сұйықтары көтеріп шығаратын тау жыныстарының ірі бөлшектері мен металл сынықтарын ұстау үшін қолданылады. Шлам ұстағыш бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі жағына қашаудан жоғары қойылады. Жұмыс істеу принципі центрлес орналасқан сыртқы және ішкі құбырлар арқылы пайда болған қабылдау қуысы алдында бұрғылау сұйықтарының көтерілу жылдамдығының кенет азаюына байланысты. Хвостовик шлам ұстағышты ұңғы ішінде тік ұстауды қамтасасыз етеді. Шлам ұстағыш бұрғылау құбырлары тізбегінің элементтерімен стандартты құлпылық бұранда арқылы жалғанылады. Ұңғы қабырғасы мен сыртқы құбыр арасындағы саңылау, бұрғылау сұйықтарының көтерілу жылдамдығын 5-7 м/с шамасында болуын қамтамасыз ету шартына байланысты анықталады.

6.14-сурет. УМК-215,9 шлам ұстағышы

6.4-кесте. Шлам ұстағыштардың түрі мен негізгі параметірлері

Параметрлері

Шлам ұстағыш түрі

УМК-215,9

ШМУ-194

Сыртқы диаметрі, мм

215,9

194

Ұзындығы, мм

700

700

Массасы, кг

71

66

Түсіруге болатын шектік өстік салмақ , кН

250

250

Қорғаушы сақиналар − шегендеу тізбегін, бұрғылау құбырлары тізбегінің айналуы кезінде, бұрғылау құбырлары құлпыларынан зақымдануын және құлпылардың өзін мұжылудан қорғау үшін қолданылады.

Олар металарезина материалынан алынбалы немесе тұтас сақина түрінде жасалады. Өндірісте негізінен тұтас резина қорғаушы сақиналары қолданылады 6.14-сурет. Оларды арнайы пневматикалық құрылғының көмегімен, қайнаған суға жібіту арқылы керіп, бұрғылау құбырларына кигізеді. Олар құлпы бетіне арнайы желімдер арқылы ұстатылады. Бұрғылау тізбегін көтеру кезінде қажалған немесе мұжылған жерлері байқалса, қорғаушы сақинаны сол жерлерге аралығы 3-6м аралығында орнатады.

6.14-сурет. Тұтас резина қорғаушы сақинасы

Центраторлар − бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі жағын ұңғы ішінде тік ұстау үшін және ұңғы оқпанының ауытқуын болдырмау үшін қолданылады. Олар төмендегідей сұрыпталынады:

Конструкциялық дайындалуы бойынша: қалақшалы, шарошқалы.

  1. Өлшемдері бойынша:

  • толық өлшемді – центрде ұстаушы бөлшектерінің диаметрі қашау диаметріне тең немесе 1-2 мм кем;

  • толық өлшемсіз – центрде ұстаушы бөлшектерінің диаметрі қашау диаметрінен 3-4 мм кем.

  1. Жұмыс істеу принципі бойынша:

  • механикалық – центрде ұстаушы бөлшектері қозғалмайтын;

  • гидравикалық – центрде ұстаушы бөлшектері жылжымалы;

  • ортадан тепкіш – бұрғылау құбырлары тізбегі ұңғы қабырғасынан айалмалы плашкалардың ортадан тебу күштері әсерінен итеріледі;

  • центрде ұстаушы бөлшектері икемді.

6.15-сурет. Қалақшалы центратор конструкциясы

Кеңейткіштер – диаметрі кіші қашаулармен қазылған ұңғылар оқпанының кейбір жеке аралықтарын кеңейту үшін, сонымен қатар ұңғыда жүргізілетін арнайы жұмыстар үшін қолданылады. Қазіргі кезде негізінен шарошкалы кеңейткіштер қолданылып жүр. 6.16-суретте осы шарошкалы кеңейткіштердің бір конструкциясы көрсетілген.

6.16-сурет. Үш шарошкалы кеңейіткіш

Стабилизаторлар – бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі бөлігінің элементі. Ол бұрғылау құбырлары тізбегін ұңғы оқпаны ортасына келтіріп және ұңғы бағытын тұрақты ұстау үшін, құбырдың ұңғы оқпанына кептеліп қалудың алдын алу үшін қолданылады. Стабилизатор негізінен қимасы квадратты ауырлатылған бұрғылау құбырларынан, екі жағынан жалғаушы ұштармен жабдықталып жасалады. Осындай төртқырлы серпімді стабилизатор 6.17-суретте көрсетілген.

6.17-сурет. Төртқырлы серпімді стабилизатор

Амортиаторлар бұрғылау кезінде болатын соғу күштерін және бұрғылау құбырлары тізбегінің дірілдеуін азайту үшін қолданылады.

Амортиаторларды қолдану бұрғылау құбырларының, түптік қозғалтқыштар, турбобұрғы мен ауырлатылған бұрғылау құбырларын және бұрғылау құбырлары тізбегінің басқа да элементтерінің тозу қарқынын бәсеңдетеді.

Амортиаторлардың төмендегідей конструкциялық түрлері бар: тұрқылы және тұрқысыз дайындалған, серіппелі элементтері металл және металл емес, гидравликалық және пневматикалық.

6.18-суретте серіппелі элементті болаттан жасалған ВГАЗ-172 типті амортизатор көрсетілген. Ол амортизатор тұрқы мен негізден тұрады, олардың аралары серімді элементтермен жалғанған. Әр серпімді элемент амортизатор тұрқына паралель өстерде, бірінің артынан-бірі бекітілген. Серпімді элементтер серіппе тәрізді металорезиналардан, әр түрлі полимер материалдарынан жасалады.

Негіздің төменгі бөлігі тұрқыдан келген күш моментін беретін, ал жоғарғы бөлігі негіз бен тұрқының арасына бұрғылау сұйығын өткізбей қорғап тұратын тораптардан тұрады.

Бұрғылау процесі кезінде күшті өстік тербелістер қашаудан негізге беріледі де, серпімді элементтерден өтіп, амортизатордың тұрқына жұмсарып беріледі. Ал тұрқы бұрғылау тізбегіне аудармалар арқылы жалғанып, тізбекке берілетін діріл мөлшері минимумға жеткізіледі. Осының арқасында бұрғылау тізбегінің жалғаушы элеметтері тозудан қорғалып, ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.

1-тығыздауыш; 2-серіппе; 3-тұрық; 4-негіз.

6.18-сурет. ВГАЗ-172 типті амортизатор

6.5-кесте-ВГАЗ типті амортизаторлардың негізгі техникалық сипаттамалары

Техникалық сипаттамалар

Амортизаторлар түрі

ВГАЗ-172

ВГАЗ-195

ВГАЗ-240

Сыртқы діаметр, мм

172

195

240

Серпімді элемент түрі

Болат серіппе

Түсіруге болатын статикалық өстік салмақ мөлшері, кН

30…….200

50……..270

50……….350

Амортизатор ұзындығы, мм

1500

2000

2300

Бұрғылау құбырлары өтетін тесік диаметірі, мм

54

57

80

Амортизатор массасы, кг

350

500

650

Бақылау сұрақтары

      1. Бұрғылау құбырлар тізбегінің атқаратын міндеттері

      2. Бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері

      3. Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары

      4. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары

      5. Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары

      6. Жетекші құбырлар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]