Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Labor_BMiK.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.98 Mб
Скачать

6.7. Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары

Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары − бұрғылау құбырлар тізбегінің салмағын азайту үшін қолданады. Бұндай құбырлардың артықшылықтары да кемшіліктері де бар. Олардың артықшылығы тізбек салмағын азайту көтеріп-түсіру жұмыстарын жеңілдетеді және бұрғылау қондырғысының қазу тереңдігін арттырады. Ең басты артықшылығы, олардың диамагниттілігі. Бүл құбыр ішінде геофизикалық және басқа да жазу аспаптарын қолдануға мүмкіндік береді. Ал кемшілігі болып оларды түптік температурасы 1500С және қышқылдық орта РН >10 асқан жағдайларда қолдануға рұқсат етілмейді. Өткені бұндай құбырлардың құрамы көбіне дюралюминиден тұрғандықтан олар тез риакцияға түсіп, беріктік қасиетін жоғалтады

Жеңілдетілген бұрғылау құбырларын жасау үшін Д16 қорытпасы қолданылады. Термиялық өңдеуден кейін оған Д16-Т деген шифр беріледі. Д16 қорытпасын МЕСТ-4784-74 бойынша химиялық құрамы 6.3-кестеде көрсетілген.

6.3-кесте. Жеңілдетілген бұрғылау құбырларының химиялық құрамы

Қорыт

паның маркасы

Химиялық құрамы %

мыс

магний

марганец

Қоспалар

Алюмин-

ий

темір

кремний

мырыш

қалайы

Д16

3,6-4,9

1,2-1,8

0,3-0,9

0,5

0,5

0,3

0,5

қалғаны

Құбыр шеттеріне стандартты құбырлық бұранда ойылады, оларға болаттан жасалған құлпылар бекітіледі. Жалғау бөлшектері стандартты гидравликалық станокта, арнайы май жағылып, белгілі бұрау моменттерімен бұралып бекітіледі. Май әбден қатқаннан кейін әрбір құбырды 30 МПа ішкі қысымға тексереді. Жеңілдетілген бұрғылау құбырларын ұзындықтары 9 және 12 м диаметрлері 73, 93, 114, 129, 147 мм қабырға қалындықтары 9, 10, 11мм етіп

шығарады.

6.8-сурет. Жеңілдетілген бұрғылау құбыры

6.8. Жетекші құбырлар

Жетекші құбырлардың атқаратын міндеті – бұрғылау тізбегін бұрғылау қондырғысы роторының көмегімен айналдыру және түптік қозғалтқыштардан болатын реверстік айналуды тойтару.

Жетекші құбырлар біртұтас және құрама түрінде жасалады. Құрама жетекші құбырлар қимасы квадрат немесе алтыбұрышты болуы мүмкін. Жетекші құбыр штангадан және төменгі штангалық аудармадан тұрады. Төменгі аударма бұрандасын, бұрғылау құбырларын ашып-жабу кездерінде тозудан сақтау үшін оған қорғаушы аударма жалғанады.

а-жалпы көрініс; б-көлденең қимасы төртбұрыш; б- көлденең қимасы алтыбұрыш

6.9-сурет. Жетекші бұрғылау құбырлары

.

Жетекші құбырды бұрғылау құбырынан осы қорғаушы аударманың төменгі бұрандасы арқылы айырады.

Қазіргі кезде бүтіндей жасалған көлденең қимасы төртбұрышты жетекші құбырлар қолданады. Бұл құбырлардың ерекшелігі сыртқы және ішкі қималарының төртбұрыш тәрізді болуында, ал төменгі шетіне ішкі құлпылық бұранда ойылады. Терең мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау жұмыстарында алты қырлы жетекші құбырлар да қолданады. Бұл құбырлардың шеттеріне ішкі құлпылық бұранда ойлған. Қырларының өсуі құбыр­дың бұралу мен майысуға төзімділігін арттырады. Жетекші құбырлардың шеттеріне құбырлық бұранда ойылады. Штанга болаттың "Д" және "К" беріктік топтарынан , ал аудармалар Х40 маркалы болаттардан жасалады. Жетекші құбырдың шеткі цилиндрлік бетіне немесе қырларының біріне төмендегідей белгі басылады:

1) болаттың беріктік тобы

2) құбырдың нөмірі

3) балқыту нөмірі

4) квадрат (шаршы) жақтарының мөлшері

5) шығарылу мерзімі

6) құбыр ұзындығы

7) дайындаушы заводтың товарлық белгісі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]