
- •1 Жұмыстың мақсаты:
- •2. Жұмыстың мақсаты:
- •2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме
- •2.2. Жабдықтау түріне байланысты арқан ұзындығы
- •3.1. Ұңғыларды бұрғылау барысында тексерілетін көрсеткіштер
- •3.2 Қашауға түсірілген күш пен бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын өлшеу
- •3.3. Гидравликалық салмақ индикаторы
- •3.4. Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы мен қашауға түсірілетін күшті салмақ индикаторы бойынша анықтау
- •3.5. Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын негізгі көрсеткіш пен өздігінен жазатын манометр арқылы анықтау
- •3.6. Қашауға түсірілген күшті анықтау
- •3.7. Вернъер көрсеткіші бойынша анықтау
- •3.8. Индикатор диаграмасын оқып білу
- •4.Жұмыстың мақсаты:
- •4.1.Шығырды таңдау
- •4.2. Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •№5 Зертханалық жұмыс Тау жынысын талқандаушы аспаптар
- •5.2 Бұрғы қашауларының конструкциясы
- •5.3. Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
- •5.4. Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
- •5.5. Шарошкалы қашау конструкцияларын тұрақты ережеге бағындыру
- •Бақылау сұрақтары
- •№6 Зерітханалық жұмыс бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
- •6.1 Бұрғылау құбырлар тізбегінің атқаратын міндеттері
- •6.2 Бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
- •6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары
- •6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
- •6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.7. Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары
- •6.8. Жетекші құбырлар
- •6.9. Бұрғылау құбырларының аудармалары
- •6.10. Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер
- •6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер
Бақылау сұрақтары
Бұрғы қашауларының конструкциясы
Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
Шарошкалы қашаулар конструкциясы
Арнайы мақсаттарда қолданылатын қашаулар
№6 Зерітханалық жұмыс бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
Бұрғылау құбырлары тізбегін жұмыс істеу жағдайы мен түріне қарай бір-біріне жалғастырылған элементтерден тұратын механика-гидравликалық жүйе ретінде қарауға болады.
Бұрғылау құбырлары тізбегінің бұрғы қашауының жұмысы мен ұңғы оқпанының бағытына тигізетін әсері өте зор. Сондықтан бұрғылау құбырлары тізбегі құрамын дұрыс жобалау керек. Ол үшін олардың атқаратын міндеттерін жете білу қажет.
Бұрғылау құбырлары тізбегінің негізгі элементтері: болаттан жасалған бұрғылау құбырлары, жеңілдетілген, ауырлатылған бұрғылау құбырлары, әртүрлі аудармалар, тіктеуіштер мен кеңейткіштер, кері клапандар, жетекші құбыр, центратор, калибратор, амортизаторлар, сүзгілер, маховиктер қорғаушы сақиналар. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән атқаратын белгілі міндеті бар. Оларды керекті жерінде қолданбау бұрғылау жұмыстарын шиеленіс пен апат жағдайларына әкеліп соқтырады.
Жұмыстың мақсаты: бұрғылау құбырлар тізбегін түзуші элементтер мен олардың атқаратын міндеттерін студенттерге оқытып үйрету.
6.1 Бұрғылау құбырлар тізбегінің атқаратын міндеттері
Бұрғылау құбырлары тізбегі жер үсті мен ұңғы түбіндегі жабдықтарды жалғастыра отырып, төмендегідей міндеттерді атқарады:
1.Бұрғылау қондырғысы жетегінен тау жыныстарын бұзушы аспапқа (қашауға) айналым береді;
2.Бұрғылау сұйықтарын қашауға, ұңғы түбіне түптік қозғалтқыштарға жеткізуші канал;
3.Түптік қозғалтқыштардың реактивтік моментін қабылдайды;
4.Тау жыныстарын бұзушы аспаптарға өстік салмақ түсіреді;
5.Тау жыныстарын бұзушы аспаптар мен түптік қозғалтқыштарды және басқа да аспаптарды түсіру-көтеру жұмыстарын жүргізу үшін;
6.Электробұрғылау тәсілінде ток өткізуші секцияларды жалғайды;
7.Қосалқы жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді (ұңғы оқпанын пысықтау және кеңейту, қабаттарды зерттеу және сынау, апат, шиеленісу жұмыстарын тойтару және т.б).
Шиеленісу немесе апат жағдайларында ұңғы ішіндегі бұрғылау тізбегін шегендеуші тізбек ретінде пайдалануға болады.
6.2 Бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
Бұрғылау құбырлары тізбегінің негізгі элементтері (3.1-сурет) жетекші құбырдың жоғарғы аудармасы жетекші құбырға, жетекші құбырдың төменгі аудармасы жетекші құбырдың қорғаушы аудармасы арқылы муфта құлпына, құлп ниппелі бұрғылау құбырларына жалғанады. Бұрғылау құбырлары мен ауырлатылған бұрғылау құбырлары (АБҚ) аудармасы арқылы, центратор мен-амортизаторға және ол өз кезегінде тау жынысын бұзушы аспапқа жалғанып, бұрғылау құбырлар тізбегін құрайды.
Жоғарыда айтылғандардан басқа бұрғылау құбыры тізбегінің элементтері құрамына, стабилизаторлар, кеңейткіштер, ауырлатылған бұрғылау құбырының аралық тіректері, кері клапандар, сүзгілер, маховиктер, қорғаушы сақиналар кіреді.
1 -жетекші құбырдың жоғарғы аудармасы; 2 – жетекші құбыр; 3- жетекші құбырдың төменгі аудармасы; 4- жетекші құбырдың қорғаушы аудармасы ; 5 – муфта құлпы; 6- құлп ниппелі ; 7 – бұрғылау құбыры; 8 - протектор; 9 – АБҚ аудармасы; 10 - АБҚ; 11- центратор; 12 -амортизатор
6.1-сурет. Бұрғылау құбырлары тізбегінің негізгі элементтері