
- •1 Жұмыстың мақсаты:
- •2. Жұмыстың мақсаты:
- •2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме
- •2.2. Жабдықтау түріне байланысты арқан ұзындығы
- •3.1. Ұңғыларды бұрғылау барысында тексерілетін көрсеткіштер
- •3.2 Қашауға түсірілген күш пен бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын өлшеу
- •3.3. Гидравликалық салмақ индикаторы
- •3.4. Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы мен қашауға түсірілетін күшті салмақ индикаторы бойынша анықтау
- •3.5. Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын негізгі көрсеткіш пен өздігінен жазатын манометр арқылы анықтау
- •3.6. Қашауға түсірілген күшті анықтау
- •3.7. Вернъер көрсеткіші бойынша анықтау
- •3.8. Индикатор диаграмасын оқып білу
- •4.Жұмыстың мақсаты:
- •4.1.Шығырды таңдау
- •4.2. Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •№5 Зертханалық жұмыс Тау жынысын талқандаушы аспаптар
- •5.2 Бұрғы қашауларының конструкциясы
- •5.3. Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
- •5.4. Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
- •5.5. Шарошкалы қашау конструкцияларын тұрақты ережеге бағындыру
- •Бақылау сұрақтары
- •№6 Зерітханалық жұмыс бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
- •6.1 Бұрғылау құбырлар тізбегінің атқаратын міндеттері
- •6.2 Бұрғылау құбырлар тізбегінің элементтері
- •6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары
- •6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
- •6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.7. Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары
- •6.8. Жетекші құбырлар
- •6.9. Бұрғылау құбырларының аудармалары
- •6.10. Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер
- •6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер
№1 Зертханалық жұмыс
Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесін жабдықтау
1 Жұмыстың мақсаты:
-ілмектегі мүмкін болатын жүктемеге байланысты тәл жүйесінің тиімді жабдықталуын таңдау;
-тәл жүйесі арқан тармақтарындағы тоқтап тұрған, көтеру, түсіру шақтарындағы жүктемелерді анықтау;
-жабдықтау түрлерінің артықшылығы мен кемшіліктерін түсіндіру.
БҚ тәлді жүйесі келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Пайдалану сенімділігі, өйткені тәлді жүйенің элементтерінің істен шығуы көлемді апаттарға алып келеді;
Қызмет көрсетудің ыңғайлылығы және қауіпсіздігі;
Ұзақтұрақтылығы;
Монтаждау мен демонтаждаудың, қайта жабдықтаудың тез жасалуының мүмкіндігі;
Кейбір элементтердің бірін бірі ауыстыра алуы.
Тәлді блок ілмекпен және бұрғылау тізбегін ұстауға арналған элеватормен жабдықталған.
Ұңғыларды бұрғылауда тәл жүйесін айқастыра жабдықтау кеңінен қолданылады. Онда кронблок осі, шығыр барабаны өсіне паралель, ал тәл блогының осіне перпендикуляр етіліп орналасуы тиіс. Тәл жүйесін жабдықтауды төмендегідей ретпен жүргізеді. Арқан шумағын металл білікке орналастырып, оның шетіне кендір арқан жалғап, арқан ұшын тәл блогы мен кронблок шығыршығынан бір ізбен өткізеді. Содан кейін арқанның жылжымалы шетін шығыр барабанындағы арнайы тетікке бекітіп, арқанды барабанға 8-10 айналдыра орап, тәл блогын еденге түсіріп, тәл арқанның қозғалмайтын шетін арнайы механизмге бекітеді. Тәл арқанның жылжымайтын шетін бекіту және оны қайта жабдықтау кезінде жіберіп, беру үшін арнайы механизмдер қолданылады.
Ілінген бұрғылау немесе шегендеу құбырларың тізбегінің салмағы канаттың тармақтарымен таралады. Канаттың жұмыс тармақтары тәлді блок пен кронблоктың шкив санына байланысты.
Көтеретін жүк салмағы 50-75т. бұрғы қондырғысында шкивтер саны 2х3 және 3х4 тәл жүйесі, ал 100-300 т. қондырғыларда шкивтер саны 4х5, 5х6, 6х7 тәл жүйелері қолданылады. Бұл жабдықтау жүйесіндегі бірінші цифр тәл блогы шкивінің, ал екінші – кронблок шкивінің санын көрсетеді. Ұңғыма тереңдігі 750-3000 м болса, 2х3, 3х4,ал 3000-12500м – 3х4, 4х5, 5х6, 6х7 жабдықталуы ұсынылады.
Арқанның жұмыс тармақтарының жүріс тармақтарына қатынасы жабдықталудың еселігі деп аталады.
Ілмектің
көтерілу жылдамдығы мына формуламен
анықталады:
Vкр =pДсрnдв/60iтсiтр , (1.1)
мұнда: nдв – шығыр қозғалтқышының айналу жиілігі, айн/мин
Vкр – ілмектің көтерілу жылдамдығы;
iтс – тәлді жүйенің еселігі
iтр – трансмиссияның берілістік саны
Сонда:
(1.2)
Параллель жабдықтағанда жүруші тармақ кронблоктың бір шеткі шкивтерінің бірінде орналасады, канаттың ауытқу бұрышы өседі.
Айқастыра жабдықтағанда тәлді блоктың көтеріп-түсіру операциялары кезінде тербелісі және айналып кетуі азаяды.
Тәлді механизмнің бөлшектері мен түйіндері максималды жұмыс және өзіндік салмағын қосатын жүктемеге есептеледі.
Егер ілмек жүктемеге есептелсе;
Рмах – ілмектің максималды рұқсат етілген жүккөтергішітігі;
Gшт – штроптың салмағы;
Gэл – элеватордың салмағы;
Ркр= Рмах+ Gшт+ Gэл. (1.3)
Тәлді блоктың бөлшектерінің салмағына ілмектікі қосылады:
Ртб= Ркр + Gкр. (1.4)
Кронблок бөлшектерінің салмағына тәлді блоктың салмағы қосылады:
Ркб=Ртб+Рмах(iтс+ 2)/iтс, (1.5)
мұнда Ртб – тәлді механизмнің қозғалмалы бөліктерінің салмағы.
Тәлді блоктың қозғалмалы бөліктерінің салмағы механизмнің жабдықталуы мен канаттың диаметріне байланысты.
Қозғалмалы бөліктердің салмағын мына формула бойынша табуға болады:
Gтм=(0,03…0,04)Рмах. (1.6)
Шыдамдылыққа есептеуді эквивалентті жүктеме бойынша келтіреді:
Рэк=кэР, (1.7)
мұнда кэ - эквиваленттілік коэффициенті (ұзақтұрақтылық);
Р – есептік жүктеме.
Тәлді механизмнің бөлшектері үшін, шкив мойынтіректерінен басқа кэ=0,5.
Статикалық беріктік қорының коэффициенті [s] және шыдамдылыққа [n] [n] ≥ 1,7, [s] ≥ 3,5 кем болмауы тиіс.
Шкивтердің айналу жиілігі ілмектің жылдамдығынан және арқанның тармақ санынан тәуелді:
ni=60Vкр/pДш, (1.8)
мұнда ni - і шкивінің айналу жиілігі;
Vкр – ілмектің түсу, көтерілу жылдамдығы, м/с
Дш - шкивтің диаметрі, м.
Вариант I
1.1-сурет. Жабдықталу сұлбасы
1.2-сурет. 5х6 жабдықталу сұлбасы
1.3-сурет. 4х5 жабдықталу сұлбасы
Бақылау сұрақтары
Жабдықтаудың еселігі деп нені айтамыз?
Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесін жабдықтау еселігін қалай анықтаймыз?
Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесінің тиімді жабдықталуын таңдағанда жұмысшы тармақтар саны неге байланысты болады?
Бүкіл тәл жүйесінің ПӘК қалай анықталады?
Тәл жүйесі тура және айқыш жабдықталуларының артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар?
№2 Зертханалық жұмыс
Тәл арқанына әсер ететін күшті өлшеу