Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ВВС и вопросы лекобеспечения 2012 каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
221.7 Кб
Скачать

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

Курс 2

Пән: «МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ ЖӘНЕ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДӘРІМЕН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ СҰРАҚТАР»

Құрастырушылар:

доц. Шопабаева А.Р.

аға оқыт. Жумаева Г.Ш.

оқытушы Наурызалиева Ж.Т.

2012

ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

МАҚСАТЫ: Студент білуі керек:

  • медициналық және фармацевтикалық қызметтің норматвиті-құқықтық қамтамасыз етілуін;

  • азаматтардың денсаулығын қорғау сферасындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу тәртібін;

  • ҚР фармацевтикалық қызметті реттеу тәртібін.

Орындай білуі керек:

  • азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін анықтауды;

  • азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы басқарудың әртүрлі деңгейінің компетенттілігін жіктеуді;

  • денсаулықты сақтау және бекіту сферасындағы азаматтардың құқы мен міндеттерін анықтауды.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Тапсырмаларды орындау, кіші топтадағы жұмыс, жұптасып жұмыс істеу, оқытушымен бірге тақырып сұрақтарын талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА

1 есеп. Азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы мемлекеттік саясат принсиптерін жазбаша көрсетіңдер.

2 есеп. Азаматтардың денсаулығын қорғауды ұйымдамтырудың схемасын құрыңдар.

3 есеп. Азаматтардың денсаулығын қорғау сферасындағы қатынастарды мемлекеттік реттеуді схема түрінде көрсетіңдер:

  • азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы ҚР Ұкіметінің компетенциясы;

  • азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы өкілетті оргадардың компетенциясы;

  • азаматтардың денсаулығын қорғау облысындағы жергілікті (облыс, қала және т.б.) мемлекеттік басқару органдарының компетенциясы;

4 есеп. Денсаулығвын сақтау және бекіту бойынша азаматтардың міндеттерін схема түрінде көрсетіңдер.

5 есеп. Қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурумен ауыратын азаматтардың міндеттерін жазбаша көрсетіңдер.

6 есеп. Дәрілік қамтамасыз етудің мемлекеттік кепіл жүйесінің 4 деңгейін схема түрінде көрсетіңдер.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Фармацевтикалық қызметті нормативті-құқықтық қамтамасыз ету

ХХІ ғасырда біздің еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттер, адамдардың денсаулығын барлық бағытта (физикалық, рухани және әлеуметтік) қолдауды және бекітуді талап етеді. Қазақстан халқының денсаулығы еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі факторы және ұлттың жақсы болуының негізі ретінде қарастырылады. Осыны түсіне отырып, мемлекет азаматтарға денсаулықты қорғау облысында сәйкес құқықтар мен кепілдерді ұсына отырып ұлт денсаулығының белгілі бір деңгейін қолдау бойынша міндеттерді өзіне алады.

ҚР-да дәрілік қамтамасыз етудің мемлекеттік кепіл жүйесінің төрт деңгейі қарастырылған.

Бірінші деңгейінде халыққа жедел медициналық көмекті көрсету үшін ҚР Үкіметінің жанынан шектелген номенклатурадағы дәрілік заттардың оперативті аймақтық қорын құру қамтамасыз етіледі. Бұл резервтер Денсаулық сақтау министрлігінің және денсаулық сақтау мен фармацевтикалық қызметті басқару органдарының құзырында болады.

Екінші деңгейінде денсаулық сақтаудың дәрімен қамтамасыз етудің ұлтық жүйесі арқылы халықтың белгілі бір категорияларына дәрілік заттарды тұтынудың әлеуметтік стандарттарына сәйкес тегін дәрілік көмекті алуға кепілдік етеді.

Үшінші деңгейінде денсаулық сақтаудың дәрімен қамтамасыз етудің аймақтық жүйелері арқылы дәрілік заттарды тұтынудың аймақтық әлеуметтік стандарттарына сәйкес тегін көмек алатын азаматтардың категорияларын қамтамасыз ету қарастырылған.

Алғашқы үш деңгейді қаржыландыру аймақтық бюджет есебінен жүргізіледі.

Төртінші деңгейі компенсациялық механизмді енгізу арқылы жүзеге асырылады, ол мемлекеттік және аймақтық әлеуметтік стандарттардан тыс алынған дәрілік заттар үшін халыққа қосымша төлемді қарастырады. Бұл деңгейді қаржыландыру ерікті медициналық сақтандыру есебінен және азаматтардың жеке қаржылары есебінен жүргізіледі.

Ұзаққа созылған тарихи даму нәтижесінде денсаулықты сақтау облысында халықаралық нормалар жасалды. Қазіргі кезде әрбір дамыған мемлекет құжаттарды қабылдау кезінде әлемдік қоғамдастықтың жетістігіне бағыт түзеуі керек.

Адам құқын анықтайтын негізгі халықаралық құжат – бұл 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған адам құқының жалпыға бірдей декларациясы. Осы құжаттың 25 статьясында, әрбір адам өзінің және отбасының жағдайын және денсаулығын қолдауға қажетті өмірлік деңгейге құқы бар деп жазылған.

Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы ҚР заңдылығының конституциялық негіздері. 1995 жылы күшіне енген ҚР конституциясының арнайы статьясында азаматтың денсаулығын қорғауға және медициналық көмекке құқы бекітілген. Мемлекеттік денсаулық мекемелерінде азаматтарға медициналық көмек сәйкес бюджеттің, сақтандыру жарналарының, басқа да түсімдердің есебінен тегін көрсетілетін конституция тұрғысынан белгіленген.

Конституциялық кепілдерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметі ҚР азаматтарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік кепіл бағдарламасын жасады. Бағдарлама шеңберінде бюджет қаржысы есебінен (жедел көмек, әлеуметтік маңызы бар науқастарға медициналық көмек, мысалы, психиатриялық, онкологиялық және де медициналық көмектің қымбат тұратын түрі), сонымен бірге міндетті медициналық сақтандыру есебінен ҚР азаматтарына көрсетілетін медициналық көмек түрлері мен көлемі белгіленген. Тегін медициналық көмек белгіленген көлем мен норматив шегінде көрсетіледі, яғни әртүрлі аурулар мен дәрігерлік араласуларға диагностикалық зерттеулер мен емдік шаралар анықталған. Осы нормадан асып кететіндердің барлығы азаматтардың жеке қаржысынан немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен төленуі керек.

ҚР Конституциясының 29 бабында ерекше көрсетілген, ҚР тұрғындарының денсаулығын сақтау және бекіту үшін республикалық бағдарламалар қаржыландырылады (мысалы, қант диабеті және туберкулез аруларымен күрес, аналар мен балаларды қолдау), денсаулық сақтаудың жеке және мемлекеттік жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылданады, адамның денсаулығын бекітуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жайлы жағдай жасауға мүмкіндік жасайтын қызмет түрлері ынталандырылады. Бұл құжаттың преамбуласында азаматтардың денсаулығына деген мемлекеттің қатынасы құрылатын негізгі қағидалар мазмұндалған:

  • азаматтардың денсаулығын қорғау қоғам өмірінің ажырамас бөлігі ретінде танылған;

  • азаматтардың денсаулығын сақтау және бекіту үшін мемлекеттің жауапкершілігі бекітілген;

  • денсаулықты сақтау саласындағы адамдар мен азаматтардың құқы мен еркіндік приоритеттері бекітілген.

Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңдылық клесі міндеттерді шешеді:

  • азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік өкімет органдарының жауапркешілігі мен компетенттілігін анықтау;

  • азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы құқықтық реттеу, меншік формасына тәуелсіз барлық ұйымдардың, сонымен бірге денсаулық сақтаудың мемлекеттік, муниципальды және жеке жүйелерін;

  • денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың, тұрғындадың жеке топтарының құқықтарын анықтау және оларлың сақталуына кепілді белгілеу;

  • медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің жауапкершілігін, кәсіби құқықтары мен міндеттерін анықтау және олардың әлеуметтік қорғалуына кепілді белгілуе.

Арнайы статьяда азаматтардың денсаулығын қорғаудың негізгі принциптері алғаш рет тұжырымдалып берілді:

  • денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың құқының сақталуы және осы құқықтармен байланысты мемлекеттік кепілімен қамтамасыз ету;

  • азаматтардың денсаулығын қорғау саласында прифлактикалық шаралардың приоритеті;

  • медициналық-әлеуметтік көмектің жеткілікті болуы;

  • денсаулығын жоғалтқан жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы;

  • денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқының қамтамасыз етілуіне мемлекеттік өкімет және басқару органдарының, меншік формасына тәуелсіз осы саладағы ұйымдардың, қызметтегі тұлғалардың жауапкершілігі.

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің негізгі құқықтарына жатады:

  • еңбекті қорғау талаптарына сәйкес қызмет шарттарымен қамтамасыз ету;

  • еңбек келісімі (контракт) бойынша жұмыс істеу, соның ішінде шетелде;

  • өзінің кәсіби ары мен намысын қорғау;

  • қол жеткізген теориялық және практикалық дайындық деңгейіне сәйкес біліктілік категорияларын алу;

  • кәсіби білімдерін жетілдіру;

  • кәсіби міндеттерін салақ орындауымен байланысты емес, азаматтардың денсаулығына зиян келтірген кәсіби қателіктерін сақтандыру.