Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ТБС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133.41 Кб
Скачать

2 Жылжымалы байланыс жүйесінің әдістері

Жылжымалы байланыс жүйесі – телекоммуникацияның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Келесі онжылдықтың ішінде барлық байланыстың жартысынан көбі толығымен сымсыз болады деп күтілуде. Қазіргі кезде жылжымалы байланыс жүйесі бай қолданушыларға арналған қымбат құрылғы разрядынан нарықтың басым бөліктерінің біріне айналды. Интернет және оның құрылымдық бөліктерінің жылдам дамуы мобильді жүйелердің болашағы үшін қолайлы жағдай жасады. Бұл жүйелердің теориясы мен практикасы академиялық мекемелердегі дәрістік курстардың тақырыбына айналып, күннен күнге телекоммуникация саласында жұмыс істейтін мамандардын қызығушылығын тудыруда.

Транкингті жүйелер – кеңістікте шашыраңқы орналасқан ресурстарды басқару қажеттігі туындайтын ірі кәсіпорындарда коммуникационды желі орнатуға арналған жылжымалы байланыс жүйесі. Мысалы, мұндай кәсіпорындардың бірі – жүк көтеруші немесе қызмет көрсетуші (такси) автомобильдер паркі. Транкингті жүйелер, әсіресе, транспорттық компаниялар мен арнайы қызмет орындары үшін қолайлы; мысалы: полиция, апаттық қызмет көрсету органдары, газ және энергия тасымалдаушы компаниялар және т.б. Мұндай жүйелердің өзіндік ерекшелігі – шақыруды үлестіретін диспетчерлік және басқарушы орталықтардың болуы. Бұл жүйеде басқа телефон желілерде тек арнайы қызмет түрінде берілетін байланыс түрлерін орнатуға болады; мысалы: диспетчерлік орталықтан бір мезетте барлық жылжымалы станциялармен немесе олардың арнайы бір тобымен байланыс орнату немесе бірнеше жылжымалы станциялар арасындағы өзара байланыстың орнатылу мүмкіндігі.

3 Gprs Ұлы байланыс технологиясы

с жүзіндегі GSM желілері арқылы жоғары жылдамдықпен деректемелерді тарату үшін GPRS (GeneralPacketRadioService) технологиясы, яғни радиоарнабоынша дестелік тарату қызметі әзірленді. GSM-де бар GPRS технологиясы TDMA негізіндегі радиоинтерфейсті деректерді жоғары жылдамдықпен тарату үшін қолданады және үшінші буынды жүйелерді құру үшін аралық қадам болып табылады. GPRS технологиясын қолдайиын жүйелер 2G+ деген атауға ие болды. GPRS-тің базалық спецификацияларын ETSI 1998 жылы деректердің дестелік радиотаратуын жүзеге асыратын GSM фаза 2+ стандартты технологиясы ретінде қабылданды. Шетелдік және отандық ақпарат құралдары GPRS желісінің жалпы ұйымдастырылуымен, желінің негізгі құраушыларын және олардың функцияларын сипаттаумен, физикалық және логикалық арналарды ұйымдастырумен, GPRS хаттамаларының құрылымымен, дестелік таратуды активациялайтын процедуралармен, ішкі желілік адресациямен, GPRS хаттамалық стегінің әр түрлі деңгейдегі деректердің хаттамалық блогын ұсыну форматтарымен, биллингпен және т.б байланысты GPRS технологиясының әр түрлі жақтарын көрсетеді.Қазіргі уақытта GSМ арналары бойынша деректерді тарату келесідегідей ұйымдастырылған: абонентке жүйе мобильді терминалға орнатылған модель арқылы дыбысты тарату үшін қолданатын жеке арна бөлінеді, бұл арна арқылы деректемелердің таратылуы жүреді, бұ кезде деректерді тарату арасындағы арна бос болмай тұрады. GPRS – бұл GSМ стандартты ұялы ЖБЖ желісінің шеңберінде ақпараттың дестелік тарату хаттамасын қолдайтын және жүзеге асыратын жүйе. GPRS жүйесін қолданған кезде ақпарат дестелерге жиналады , және абоненттердің сөйлесулерінің аралықтарында әрқашан болатын, қазіргі мезетте қолданылмайтын дыбыстық арналар арқылы эфирге беріледі. Бірнеше дыбыстық арналарды бір уақытта қолдану деректемелерді таратудың жоғары жылдамдықтарын қамтамасыз етеді.

GPRS дестелерді мобильді құрылғылар мен дестелік тарату желілері арасында тасымалдайды. Дестелер ІР немесе Х.25 форматтарында болуы мүмкін. Сыртқы желілердің ІР дестелері мобильді құрылғы қозғалыста болса да жетеді.

23 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]