Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТ шпора.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
808.65 Кб
Скачать

27.Керіжергілікті компенсациялық сұлбалар. Элементтерінін сипаттамалары

Жергілікті эффект- Телефон аппаратындағы микрофон және телефон арасындағы акустико-электрлік байланыс

Телефон аппараттары кері жергілікті сұлбалар бойынша құрылады, олар жергілікті эффектіні төмендетеді,

бұл кезде сөйлесуші өз телефонында өзіндік сөзін естиді.

Жергілікті эффект жағымсыз, өйткені ол абонент естуін қиындатады және есту табалдырығын жоғарылатады, бұл қабылданатын сөздің түсуін қиындатады, байланыс алыстығын және сапасын төмендетеді.

Жергілікті эффектіні төмендету үшін кері жергілікті сұлбалар кең қолданыс тапты:

1.көпірлік,2. компенсациялық

Телефон аппараттың компенсациялық сұлбасы

ОБ жүйесінің телефон аппаратының сөйлесуші аспаптарын қосудың компенсациялық жергілікке қарсы сұлбасының элементтері –

М микрофоны, Т телефоны,

Т трансформаторы, компенсациялаушы кедергісі және С конденсаторы болып табылады.

Телефон аппараттың компенсациялық сұлбасы

Автотрансформатордың Л,Т мен Б орамдары келістіріліп қосылады. Яғни, орамдардың біреуімен өтетін тоқпен тудырылған магнитті ағын сол бағыттағы басқа орамымен өтетін тоқпен қоздырылатын ағынмен күшейтіледі

Мүлде кері жергілікті жағдайы тек қана белгілі бір жиілікте ғана мүмкін болады (300-3400 Гц). Берілген диапазонда жақсы кері жергіліктіні алу үшін балансты контурлар күрделі болу керек. Беру кезінде микрофоннан пайда болатын қуат Wм, екі бөлікке бөлінеді: біреуі - Wл- байланыс жолына түседі , екіншісі - Wбк - балансты контурға.Сонымен қатар, микрофоннан пайда болатын қуаттын бір бөлігі хабарды жіберу үшін, ал екінші бөлігі жергілікті эффектіні басу үшін таралады

28.Цифрлық телефон аппараттарының кемшіліктері және артықшылықтары

Цифрлы байланыс желілерінде цифрлы жалғау жүйелерін (ЦЖЖ) пайдаланып уш түрлі жалғау әдістері қолданылады.Арналарды жалғау. Бұл әдіс телефон желісінде пайдаланылады, бұл жалғау әдісі сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу накты уакыт өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.Хабар жалғау. Дерек көлемі және жеткізу уакыты шектелмейді, сондыктан жолданатын дерек әрбір жалғау жүйесінде уакытша сақталады. Жолданатын ха-бардың басында қабылдаушы құрылғының мекенжайы және желімен тарату ба-ғыты көрсетіледі, соңында бұрмаланудан қорғайтын блокпен қамтмасыз етіледі. Қабылданған хабарда қателер кезіксе, қабылдаушы оны қайталап беруді талап етеді. Бұл әдіспен байланыс жолы тиімді пайдаланады.Десте жалғау. Десте дегеніміз өлшемі бірнеше байттан жүздеген килобайтка дейін болатын деректің пайдаланушыға бөлінбей жеткізілетін бөлігі. Таратылатын хабар жалғау жүйесінде қысқа дестелерге бөлінеді, әрбір дестеде мекен-жайы және реттік саны (нөмірі) керсетіледі, жалғаушы жүйе босаған арнамен бағыттаушы кестесін пайдаланып тиісті торапка бағыттайды, кабылдаушы нүктеде дестелер реттік санымен пайдаланушынын құрылғысына беріледі.

ATM/SDH технология over ADSL Интернетке жоғары жылдамдықты қатынас құру құралы ретінде өзіне ерекше көңіл аудартты. Ғимаратқа жоғары деңгейлі, сапалы байланысты орнату үшін жақсы шешім болады. Және де айтып кетерлік мәселе, Қонаев даңғылына жақын маңда «Қазақтелеком» станция орталығы орналасқан. Ол біздің аумақ ішіндегі жақын ара қашықтықта орналасқан. Бұл ATM over ADSL технологиясын пайдалануға бірден-бір себеп болуы мүмкін. Өйткені, бұл технологияны пайдалану станция мен тұтынушы аралығы сегіз км-ден аспауы керек, кері жағдайда байланыс нашарлап немесе тіптен жоқ болуы мүмкін. ATM over ADSL технологиясы байланыс орнатудың арзан, әрі жеңіл комплексті шешімі болып табылады.

ATM over ADSL- дің тағы артықшылығы ретінде оның модемдері арасындағы қатынастың негізгі үш бөліктен тұратыны болып табылады.

Сурет 1. ATM/SDH over ADSL технологиясындағы жиіліктік бөлінуі

1- суретте көрсетілгендей жиіліктік модуляция есебінен телефон арнасына 0-4 КГц жиілік қана бөлінеді, ал ақпарат тарату үшін 25-160 КГц және қабылдау үшін 240-1,5 МГц жиілік бөлінеді. Бұл дегеніміз тұтынушының ақпаратты үлкен көлемді жылдам алуына мүмкіндік бар екенін көрсетеді. 160-240 КГц жиілік аралығы көп ауытқуларға бейім келетін болғандықтан қолданыста жоқ.    

Қазіргі уақытта келесідей құрылғылар қолданылады:

Ішкі PCI-модемдері

USB интерфейсті сыртқы модемдер

Ethernet интерфейсті сыртқы модемдер

Ethernet интерфейсті сыртқы маршрутизаторлар (роутерлер)

Іштей свитч орнатылған және WiFi қосылу нүктелеріне ие сыртқы маршрутизаторлар

Жұмыс үшін телефон жолдарын пайдаланатын, қорғаныс-өрт қауіпсіздік сигналдауын пайдаланатын Anrex ATM over ADSL маршрутизаторлары

ATM over ADSL модемдерін қосу үшін компьютерде тек USB 2 порты болса жеткілікті. Алайда кей дербес компьютерлер бұл порттарға ие емес, сондықтан арнайы карталарды қолданады.    

Техникалық және эксплуатациалық қиындықтар

Қазіргі ATM over ADSL модемдер жоғары бағадан басқа, көп жерлерді талап етеді және айтарлықтай қуатты шығындайды. Осылай, ATM over ADSL модемдерінің көпшілігі активті күйде 5-тен 8 Вт-қа дейінгі қуат күшін пайдаланады. Стансаларда орнатылған модемдер, әрбір байланысқа бір платадан (карталар) талап етеді. ATM over ADSL технологиясы коммутациялық стансаларға қолданылатындай болуы үшін, қолданылатын қуат күшін төмендету және порттардың тығыздылығын арттыру аса қажет.

 

 

Сурет 2. Ethernet/ATM құрылымдық желінің ADSL линиясына қосылуы

2.сурет.көрсетілгендей әрбір абонент пен провайдер арасында жеке-жеке модемдерді талап етеді, олардың әрқайсысын орнату және жұмыс қызметінде ұстау қомақты қаражатты талап етеді. Әрине, бұл шығындар уақыт өте өзі ақталып шығады. Дегенмен де, толық жүйені іске асыруға алдын-ала қаражатты талап етеді.

ATM over ADSL-дің кемшілігі ретінде тағы оның қима сымдардан (яғни, телефон жолында қаншалықты ATM over ADSL абоненті көп болса, соншалықты жылдамдық төмен болып келеді) әлсіз қорғанысын айтуға болады және абоненттен байланыс операторына бағытталған ақпарат тарату жылдамдығының төмен болуы. Барлық мүмкін жақтарын қарастыра отырып ATM over ADSL технологиясын пайдаланған уақытқа сай тиімді және байланыс сапасының жоғарылығы, даму барысында басқа жүйелермен үйлесімділігі қасиеттеріне ие болғандығы үшін таңдалынып алынды.