Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТ шпора.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
808.65 Кб
Скачать

1.Дыбыс, дыбыс өрісі, дыбыс толқындары, дыбыс интенсивтілігі және қуаты

Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс.

Дыбыс тербелісі - Адамның есту мүшесіне әсер етіп оның санасында дыбыстық спецификалық сезімді тудыратын тығыз ортадағы молекулалар тербелісі.

Тербелістер 16-20000Гц ауқымында жатыр

Дыбыс тербелістері :16 Гц инфрадыбыс ,1000 МГц гипердыбыс,20 кГц -1000 МГц ультрадыбыс .

Ортаның қандайда – бір нүктесінде пайда болған дыбыс тербелістері дыбыс толқындары ретінде дыбыс көзінен барлық бағыттарға таралады.

Дыбыс толқыны таралатын кеңістік дыбыс өрісі деп аталады.

Дыбыс толқынының таралу жылдамдығы, немесе дыбыс жылдамдығы с, ортаның физикалық қасиеттерімен күйіне байланысты.

+20’C температура кезінде және қалыпты атмосфералық қысым кезінде ауа үшін дыбыстың таралу жылдамдығы 344 м/с.

Егер де бөлшектердің тепе-теңдік күйін лездік ығысуы синусоидалық заң бойынша жүрсе, онда акустикалық жылдамдық.v = vmcost, мұндағы vm - акустикалық жылдамдықтың амплитудасы.

Дыбыс толқынының қуаты толқынның таралу бағытына перпендикуляр орналасқан дыбыс өрісіндегі, қарастырылатын бет арқылы 1 с өтетін энергияның мөлшері; Вт – пен өлшенеді.

Дыбыстың интенсивтілігі І толқынның таралу бағытына перпендикулярлы дыбыс өрісінде орналасқан ауданды бет арқылы өтетін энергия мөлшері; Вт/м өлшенеді.

Пайда болу заңдарын, дыбыстық толқындарын таралуын қарастыратын және әр түрлі факторларды дыбыстық құбылысымен байланысуын орнататын телефондық акустика деп айтылады

2.Акустикалық түрлендіргіштердің классификациясы

Пайда болу заңдарын, дыбыстық толқындарын таралуын қарастыратын және әр түрлі факторларды дыбыстық құбылысымен байланысуын орнататын телефондық акустика деп айтылады

Адам өміріне дыбыс толқындарының, сондай-ақ, оларды зерттейтін ғылым – акустиканың атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық сипаттамаларын зерттеу ақпарат берудің (жеткізудің) жетілген жүйелерін жасауға, сигналдау жүйесін дамытуға, жетілдірілген музыкалық аспаптарды жасауға мүмкіндік береді. Дыбыс толқындары су асты байланысында,навигациядалокацияда қолданылады. Төменгі жиілікті дыбыс жер қыртысын зерттеудің негізгі бір әдісі болып есептеледі. Ультрадыбыстың практикада қолданылуы қазіргі техниканың тұтас бір саласы – ультрадыбыс техникасының пайда болуына ықпал етті. Қазіргі кезде жоғары жиілікті дыбыс толқындары, әсіресе гипердыбыс, қатты дене физикасында зерттеулер жүргізудің аса маңызды құралы болып отыр.

Акустикалық түрлендіргіш - электр энергиясын дыбыс энергиясына немесе дыбыс энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы. Мәселен, репродуктор, телефон сияқты түрлендіргіштер электр тербелісін дыбыс тербелісіне, ал микрофон, лорингофон, керісінше, дыбыс тербелісін электр тербелісіне түрлендіреді.

Акустикалық түрлендіргіш контактілік, магниттік-электрлік, пьезо-электрлік, электростатикалық және магнитострикциялық болып бөлінеді. Олардың жұмыс принциптері магниттік-электрлік түрлендіргіш принципіне ұқсас. Магниттік-электрлік түрлендіргіште дыбыс тербелістері мембранаға әсер етеді. Мембранамен тікелей жалғасқан тұрақты магнит өрісіндегі лента немесе катушка тербеліп, оларда электр қозғауыш күш пайда болады, яғни дыбыс энергиясы электр энергиясына түрленеді. Ал егер, керісінше, лента немесе катушкаға электр қозғауыш күш түсірсе, олар тербеліске келіп дыбыс шығарады. Бұл жағдайда электр энергиясы дыбыс энергиясына түрленеді.

Акустикалықтүрлендіргіштер радиотехникада, автоматикада, гидроакустикада, гидролокацияда кең қолданылады.