Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
колледж_каз_лаб.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Дқ құрамын көрсету үшін экрандық форма құру .

Сабақ мақсаты: мәліметтерді және олардың қасиеттерін бейнелеуге арналған компоненттерді үйрену, кестелер арасындағы байланысты орнату.

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Екі кесте бір-бірімен кілт арқылы байланысады. Байланысқан кестелердің біреуі негізгі, екіншісі қосымша кесте болады. Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған компоненттер DataAccess (деректерге кіру) және DataControls (деректерді басқару)беттеріндегі компоненттер кітапханасында орналасқан.

Деректер қорында қолданатын әрбір қосымша келесі үш түрдегі компоненталарды біреуін қамтиды:

  • Деректер қорымен тікелей байланысатын деректер жиыны (dataset) компоненттері. Бұл Table, Query компоненттер;

  • Бірінші түрдегі мен визуализация және деректерді басқару компоненттер арасындағы ақпарат алмасу деректер көзі (datasource) компоненттері. Бұл компонент Data Source болып табылады;

  • DBGrid, DBText және DBEdit сияқты, деректерді басқару және визуализациялау компоненттері.

2.Тапсырма ЖәНе жұмысты орындау реті

1) Экранды формада дқ-ның бір кестенің мазмұнын ұсыну .

Алдымен ДҚ жалғыз кестесіне қатынай алатын қарапайым экранды форма құрайық .

№3 формасына View/ Forms, менюінің элементін таңдау арқылы өтеміз, диологты терезеден Form3 таңдап Ok батырмасын басамыз. Компонент палитраларын ТDВGrid компонентін формаға орналастырамыз (Data Contwls беттерінен ).Data Source қасиетінің ТDВGrid компонентін №3 форманың unit модуль текстінің unit 5 модулінде сипатталған Data Module Data Source1 мәніне орналастырамыз( бұл үнсіздік бойынша Delphi-ге Data Source өзіміз ат берген қосылған) ТDВGrid компоненті кестелі формада мәліметтер жиынын бейнелеу үшін қызмет етеді .

Формаға батырма ТButton (компонент палитра Standаrd беті) компонентін қосып, Cancel Button объекті испекторларын пайдаланып компонентке ат береміз (Name қасиеті). Батырма тақырыбын (Caption қасиеті) Отменаға (болдырмауға ) өзгертеміз .

2.1-суретте өңделетін форма түрі көрсетілген .

Сурет 21. Өңдеу этапындағы форма түрі

Пайдаланушы батырманы басқанда орындалатын кодты батырмамен байланыстырайық. Формада қалып OnClick оқиғасын өңдеу процедура кодына төмендегідей кодты жазамыз.

Close :

Forml.Visible:=True;

Run менюінен (немесе F9) Run компонентін таңдап Delphi-ге қосымшаны орындатуға жібереміз. Қосымша Файл/Ввод менюінен Просмотр (қарап шығу) командасын таңдаймыз .

2.2 суретте жұмыс істейтін қосымша түрі көрсетілген .

Сурет 22. Орындау кезіндегі №3 форма түрі

Мәліметтер жинағына жазбаларды (Materialy. ДВ кестесінеде) ДВGrid компонненті арқылы қосуға болады .

Жазбалар қосу үшін Insert батырмасын басуымыз керек, немесе мәліметтер жиынының соңғы жазбасында болып “стрелка вниз ” батырмасы арқылы мәліметтер жиыны жаңа жазба режиміне автоматты түрде көшеді. Мәліметті енгізгеннен кейін мәліметтер жиынында жазба алаңын есте сақтауға болады, батырма көмегімен басқа жазбаға өту арқылы. Esc батырмасын бассақ жазбаны есте сақтаудан бас тартады. Жазбаларды өзгерту үшін керекті орынға ағымдағы жазбаға нұсқағышын орналастырамыз және керек жерде мәндерді өзгертеміз . Мәліметтер жиыны автоматты түрде редактрлеу режиміне көшеді.

Жазбаларды өшіру үшін оған ағымдағы жазба нұсқағышын орналастырып Ctri+Del батырма код комбинациясын басамыз .

2) ДҚ-ң екі кестелерінің мазмұнын ұсыну .

Енді жұмысты күрделендірейік ДҚ-ң 2-кестенің мазмұнын екі вариантта ұсынайық:

а) Экранды формада кестелер арасындағы байланысты орналастырмай;

б) Кесте мәліметтерін кесте арасындағы байланысын есепке алып бейнелейік.