Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
колледж_каз_лаб.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.51 Mб
Скачать

2.Тапсырма және жұмысты орындау реті Экрандық форманың әртүрлі кестелерінің sql-сұратуды пайдаланып мәліметтерді бейнелеу

Бірнеше кестелерден мәліметтерді бейнелеу үшін форма құрайық, ол үшін TdataModule5 контейнеріне TQuery компонентін жайғастырамыз (Data Access компонент палитра беті). Үнсіздік бойынша оның аты Query1. PRIMER-ге DatabaseName қасиетін орнатамыз. TDataSource (DataSource 4) компонентін орналастырамыз. Query1 мәніне DataSet қасиетін орнатамыз.

№4 формаға TDBGrid компонентін орналастырамыз. Оның DataSource қасиетін DataSource4 мәніне орнатамыз.

Объектілердің инспекторында Query1 компоненті үшін SQL-қасиетін тауып батырмасын басамыз. Содан пайда болған редактор терезесінде SQL –сұрату текстін тереміз.

SELECT P.DatPrih, P.Material, P.Kolvo,Т.Zena,

(P.Kolvo * T.Zena) As Stoim

FROM Materialy T, Prihod P

WHERE T.Material = P.Material

ORDER BY P.DatPrih, P.Material

Және Ok батырмасын басамыз .

Осыдан кейін Query1. Active қасиетін True мәніне орнатамыз. Query 1 мәліметтер жиыны қоймаға түскен материалдар жайындағы мәліметтерден тұрады. Бұл жиынның жазба құрамына DatPrih (кіріс датасы), Material (материал аты), Kolvo (кіріс мөлшері), Zena ( берілген материалдар бағасы), Stoim (кіріс материал құны) алаңдары кіреді. SQL қасиетінің сұрату текстінен мәліметтер жиыны екі кестеден "жиналатыны" көрініп тұр: Materialy.DB және Prihod.DB кестелері. Material алаңының бірдей мәндері бар ДҚ кестелерінің жазбалары біріктіріледі ( сурет.37).

№1формасының есеп беру пунктіне келесі код енгіземіз :

Form 1. Visible := False ;

Form 4. Visible := True ;

Query 1 мәліметтер жиынына жаңа жазбаларды қосуға және мәліметтер жиынындағы жазбаларды өшіруге немесе өзгертуге болмайтынын ескеруіміз керек.ДҚ жалғыз "жиналатын" бұл мәліметтер жиындарының типін оқуға ғана болады.

Сурет .37. Әртүрлі кестеден мәліметтерді бір мәліметтер жиынына біріктіру

Есеп беру формасын құру және олардың ДҚ-ға қатынауын орнату және мәліметтерді өңдеуді ұйымдастыру

Есеп беру формаларын құруды кез-келген форма деп алуға болады және берілген бөлімге экранды формамен қарауымызға болады. Бірақ есеп беруді форматтаудың өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар есеп беруді форматтау процесін ДҚБЖ сұрақтарынан жеке қарауымызға болады. Есеп беру формасын форматтауына үш түрлі компанент кіреді. Бұл есеп беру экрандық формасы текст және кестелер қағаздық тасығыш шығарған есеп беру формасы графикалық материалдар және материалдар түрінде.

Сондықтан бұл сұрақтардың барлығын жеке бөлімге шығарып әртүрлі түрдегі есеп беруді форматтау сұрақтарын қарап шығамыз .

Жүйе жұмысын тексеруі және жіберілу

Өңделетін жүйені оқтын-оқтын орындауға жіберіп және оны жұмыс істеу қабілетін тексеру керек.Жұмыс істеу қабілетін құрудың кез-келген этапында жүргізуімізге болады оны толық құруды аяқтау міндетті емес тек минимальді конфигурациясын алсақ жеткілікті. Минимальді конфигурациясын ДҚ және ДҚ қатынайтын жалғыз форма құрады.

Жүйені жіберу үшін құрылған барлық компаненттерді есте сақтау керек.

Rиn | Rиn командасы арқылы жүйені жіберу жүзеге асады, ыстық перне F9 батырмасы көмегімен де жіберуге болады.

Жүйе байланысын қалған жағдайда немесе жүйеден шығу мүмкін болмаса оқиғасында немесе жүйеден шығу Rиn | Program Reset командасы көмегімен жұмысты үзуді жүзеге асаруға болады.

Жүйе жұмысын тоқтатқанана кейін оны өңдеуге және жөндеуге болады.

Жүйенің толық вариант жұмысы, есепберу бөлімінсіз, экранда меню формасы бейнеленетімен басталады. Ары қарай жүйені пайдаланушы меню көмегімен кез-келген басқада экранды формаға өтуіне және жүйенің басты менюіне қайтып келе алады.

Егер экрандық форма ережесін бейнелеу тіленілетін вариантқа сәйкес келмесе6 онда оны Project Prgect/Options меню элементі көмегімен Main Form алаңында өзгертуге болады.