- •Билет 1
- •1. «Фармация тарихы» түсінігінің анықтамасы.
- •2. Араб алхимигі ар-Разидің қызметі.
- •Билет 2
- •1. Фармация тарихының мәні.
- •2. Алхимияның жағымды және жағымсыз жақтары.
- •Билет 3
- •Фармация және медицина тарихын оқып-үйренуде қолданылатын дерек көздері.
- •Хvііі ғасырда фармацияның дамуына үлесін қосқан негізгі ғалымдарды атаңыз.
- •Билет 4
- •Фармация терминнің шығуы.
- •Қайта өрлеу дәуіріндегі дәрілік өсімдіктерді кім зерттеді.
- •Билет 5
- •Адамзат кеселдерін алғашқы емдеушілер ретіндегі әйелдің ролі.
- •Алғашқы ботаникалық бақтар мен дәрілік өсімдіктер бақшасы қайда пайда болды.
- •Билет 6 ( 1 – бөлік )
- •1. Патриархат кезеңіне өтуге себеп болған факторлар.
- •2. Медицинадағы Самюэль Ганеманның ролі.
- •Билет 6 ( 2 – бөлік )
- •Билет 7
- •1. Жеке және жалпы фармацияның ерекшеліктері.
- •2. Хіх ғасырда фармацияның дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз
- •Билет 8
- •1. Патриархат дәуірінің негізгі көрсеткіштері.
- •2. Фитохимиялық зерттеулердің дамуы қайдан басталды
- •Билет 9
- •1. Медицина тарихындағы Панацеяның ролі.
- •2. Алғашқы фармакопея қайда және қашан шықты
- •Билет 10
- •1. Медицина тарихындағы Гигеяның ролі.
- •2. Дәрілік қалыптардың дамуы қалай басталды.
- •Билет 11
- •Ежелгі Египеттегі әлемнің негізгі элементтері.
- •2. Фармацевтикалық өнеркәсіптер қашан және қайда пайда болды және дамыды.
- •Билет 12
- •Ежелгі Египетте ауруды түсіндіретін теорияларды атаңыз.
- •2. “E.Merk” фармацевтикалық компаниясының даму тарихы.
- •Билет 13
- •Месопотамиядағы ауру туралы ілімнің ерекшеліктері туралы айтыңдар.
- •2. “Schering-Ploughs” фармацевтикалық компаниясының даму тарихы.
- •Билет 14
- •Ежелгі Египетте ауруларды емдеуде қолданылған дәрілік қалыптар.
- •Билет 15
- •Ежелгі Үндістандағы медициналық білім беру орталықтарын атаңыз.
- •2. Аптекарлық бұйрық қайда қашан шықты.
- •Ежелгі Үндістан медицинасында алтынның қолданылуы.
- •2. І Петрдің жеке дәріханалар ашу туралы бұйрығы. Кремльде алғашқы дәріхананың ашылуы.
- •Билет 16 (2 – бөлік )
- •Билет 17 Ежелгі Қытайдағы «бес алғашқы элемент» теориясының мәні.
- •Медициналық колегияның құрылуы. Ресейде алғашқы ресми фармакопеяның шығуы.
- •Билет 18
- •2.Ресейдегі латын тілінде шыққан фармакопея.
- •Билет 19
- •Ежелгі Грецияда медицинаның дамуына әсерін тигізген факторлар.
- •2. Уставқа сәйкес аптекарға қойылатын талаптар. Аптекарлық таксаның маңызы.
- •2.Уставқа сәйкес аптекарға қойылатын талаптар. Аптекарлық таксаның маңызы.
- •Билет 20 ( 1 - бөлік)
- •. «Гиппократ анты» қайда және кім қабылдады. Медицинаның атасы.
- •Билет 20 ( 2 - бөлік)
- •2.1802 Жылы құрылған Медициналық коллегияның функциясы
- •Билет 21
- •Аристотель ілімі: негізгі нұсқаулықтары.
- •1836 Жылғы аптекарлық уставтың негізгі құрылымдары.
- •Билет 22
- •Теофрастың «Өсімдіктер туралы зерттеулер» кітабы қайда және қашан шықты.
- •2.Хіх ғасырдың алғашқы жартысындағы дәріханалардың құрылысы.
- •Билет 23
- •«Асклейпейон» терминінің шығу тарихы.
- •XIX ғасырдағы дәрілік қалыптарды атаңыз.
- •Билет 24
- •Ежелгі Грецияда дәрілік шикізат қорлары және сақтау бөлмелері.
- •Дәрі-дәрмектерді белгілері бойынша топтарға бөлу қайда және қашан шықты.
- •Билет 25
- •Қазіргі заманда атақты Рим дәрігері және фармацевті Клавдий Галеннің шығармаларының мәні.
- •2.А.Б. Лесневскаяның мектебі: Ресей фармация тарихындағы маңызы.
- •Билет 26 (1 – бөлік )
- •1. Клавдий Галеннің ғылым ретіндегі фармацияның дамуына қосқан үлесі.
- •Билет 26 (2 – бөлік )
- •Билет 27 (1 – бөлік )
- •1. Диоскоридтің еңбектері.
- •2. Қаздәріхана басқармасының қашан құрылды.
- •Билет 27 (2 – бөлік )
- •Билет 28 (1 – бөлік )
- •Авиценаның (Абу-Али ибн Сина) фармацияға қосқан үлесі.
- •2. Қаздәріхана басқармасының алғашқы төрағасы кім болды.
- •Билет 28 (2 – бөлік )
- •Билет 29 (1 – бөлік )
- •Азаматтық дәріханалар мен ауруханалар қайда және қашан пайда болды.
- •2. Қазақстан фармациясының негізін салушылар кімдер.
- •Билет 29 (2 – бөлік )
- •Билет 30
- •Химияның пайда болуы: қай дәуірде және қай елде.
- •2. Қазақстан фармациясының дамуына Сакен Хасенович Субханбердиннің дамуына қосқан үлесі.
2. Фармацевтикалық өнеркәсіптер қашан және қайда пайда болды және дамыды.
Бұрын дәріхана желісіне дәрілік заттардың басым көпшілігі медициналық өнеркәсіптен түсетін. Келесідей өз алдына жеке салаларды бөледі: химиялық- фармацевтикалық, галенді- фармацевтикалық, сонымен бірге антибиотиктердің, органопрепараттардың және витаминдердің өндірісі. Дегенмен осыдан 120-150 жыл бұрын дәрілік аздаған мөлшері өндірістік жағдайда дайындалды. Бұл өнеркәсіпорындар қажетті апаратурасы, білікті кадрлары, шығарылатын өнімдерін стандарттау әдістері жоқ дәріханалар базасында пайда болды. Дәрілік заттарды жаппай өндіруге бет бұру тек ХХ ғасырдың 80- жылдарында ғана болды, дегенмен осындай қысқа уақытқа қарамастан, фармацевтикалық өнеркәсіп бай және тартымды тарихқа ие. Фармацевтикалық өнеркәсіптің пайда болуы XIX ғасырдың бірінші жартысына, яғни капитализмнің даму кезіне жатады. XIX ғасырда химиялық – фармацевтикалық өндіріс Германияда қарқынды дамыды.
Билет 12
Ежелгі Египетте ауруды түсіндіретін теорияларды атаңыз.
Тарихи құжаттарға сәйкес Египет, Ертедегі Шығыстың медицина, фармация және химия саласында білімдері әйгілі болған ең көне цивилизациясы болып табылады. Египеттіктер әлемдегі 4 негізгі элементтің негізінде (су, ауа, жер, от) төрт негізгі шырын туралы ілімді жасаған, олар осы элементтердің тасымалдаушылары, адам ағзасын құраушы және деннің саулығы мен ауруды негіздеуші болып табылады. Сонымен бірге пневма туралы ілімді жасаған, соған сәйкес ауада көрінетін және көрінбейтін заттар бар, олар дем алған кезде өкпеге және жүрекке енеді де, бүкіл денеге тарайды. Қанның және пневманың қалыпты жағдайы адамның денсаулығын анықтайды, ал осы заттардың қалыпты жағдайының бұзылуы ауруға алып келеді. Ағзаға әсер ету сипаты да осы көзқараспен байланысты болды: ағзадан онда түзілген шіріген заттарды, бұзылған қанды және паразиттерді бағытталған ем. Бұл құсық тудыратын, іш жүргізетін, несеп жүргізетін, тер шығаратын препараттарды тағайындау арқылы жүзеге асырылды. Қолданылған преапараттардың бай қоры Ежелгі Египетте эмпириялық фармацияның жоғары дамығанын көрсетеді. Ежелгі египтердің Эберс папирусында «Дененің барлық бөлігіне дәріні дайындау кітабы» бар. Онда өсімдіктерден әртүрлі шырындар мен майларды алудың 800 рецепті берілген. Тұндыру, сүзу, ашыту, сығу, айдау, экстракциялау және возгонка жасау процестері әйгілі болды. Әртүрлі технологиялық процестер кезінде сүзу кеңінен қолданылды.
Дәріні қабылдау уақытын анықтап көрсеткен. Кейбір ауру түрлерін емдеуде ауру күндері бойынша бөлінген бірқатар шаралардан тұратын емдеу курстары қолданылды. Жедел ауруды емдеу бір күндік дайындық және төрт күндік басты емдеуден тұрды. Египеттіктер емдеу ісі Фармаки немесе Фармаци деп аталатын дәрігерлік өнердің құдайы Тотаның қамқорлығында болды деп есептеді, аудармасы қорғаушы, емдеуші. Сондықтан болар, біздің кезімізге дейін түбірі «фарма» болып келетін сөздердің жеткені, «фармация», фармацевт, фармакопея.
