Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

Билет 10

1. Медицина тарихындағы Гигеяның ролі.

1.Грецияның солтүстігіндегі Фессалияда өмір сүрген атақты дәрігер Асклепийдің қызы Панация, Гигейя болған. Гигейя – аурудың алдын алу шараларын жүргізген. Гигиена термині осы Гигеядан шыққан.Медицинаның жеке саласының қамқоршысы – Гигейя және дәрілік терапия қамұоршысы –Панация болып есептеледі. Гигея профилактиканықкеңес беруші денсаулықтың құдайы болып есептелген. Ол сол қолында жылан ішіп тұрған тостаған бар жас қыз бейнесінде көрсетілгеді. Кейінірек жылан мен тостаған бейнесі медицинаның эмблемасына айналды.Эмблеманың мөні дәрігердің жылан сияқты данышпанд болу керек, ал данышпандылықты табиғатты танып білу арқылы алу керек. Гигея барлық ауруларды емдей білді.

2. Дәрілік қалыптардың дамуы қалай басталды.

Ежелгі Грецияда Әрбір дәрігердің өзінің дәрілік шикізатының қоры болды, олар арнайы бөлінген бөлмелерде; қойма бөлмесінде, амбарда және т.б. сақталды. Мұндай бөлмелер грекше apotheca деп аталған, «аптека» сөзі осыдан шыққан. Осы дәріханаларда дәрігер өздерінің құлдарының көмегімен науқастарға босатылатын дәрілік заттарды дайындайды. Дәрілік заттарды дайындауға арналған құралдар өте қарапайым жабайы түрде болса да, грек фармацевтикалық техникасы египеттік және үнділік техникадан жоғары тұрды. Ежелгі Греция дәрігерлері қатты, сұйық, жұмсақ және газтәрізді дәрілік қалыптарды қолданған. Ұнтақ түрінде өсімдік, жануар және минерал текті заттар белгілі болды. Ұнтақтарды майдалау, кебектеу және компоненттерді араластыру арқылы жасады. Ұнтақтарды негізінен сыртқа қолданды. Сұйық дәрілік қалыптардан «Гиппократ жинағында» ерітінділерді, тұндырмаларды, қайнатпаларды, сүзінділерді дайындау сипатталған. Өсімдіктердің қайнатпаларын суға, шарапқа, ешкі сүтіне дайындады және ұшы бар шошқа қуығының көмегімен қынап себіндісі ретінде қолданылды. Сұйық дәрілік қалыптарды дайныдауда ежелгі грек дәрігер-фармацевтері майдалау, еріту, сулау, тұндыру, қайнату, сүзуді қолданды. Ал, Ежелгі римнің халық медицинасы мен фармациясында шөптермен, ауылшаруашылық өсімдіктерімен, әсіресе шикі капустамен емдеу үлкен орын алды. Ежелгі Римнің дәрігерлері фармацевтің міндетін де атқарды. Дегенмен Римде дәрігерлерді мамандандырумен қатар фармацияны өз алдына медицинаның саласы ретінде бөлудің алғашқы белгілері пайда болды. Сол уақыттарда ауруханалар жанында әртүрлі дәрі-дәрмектер, препараттар және дәрілік қалыптар дайындалатын және сақталатын бөлмелер салына бастады (officinae). Дәрілік қалыптардың дамуы Ежелгі Греция және Римде пайда болған.

Билет 11

  1. Ежелгі Египеттегі әлемнің негізгі элементтері.

Тарихи құжаттарға сәйкес Египет, Ертедегі Шығыстың медицина, фармация және химия саласында білімдері әйгілі болған ең көне цивилизациясы болып табылады. Египеттіктер әлемдегі 4 негізгі элементтің негізінде (су, ауа, жер, от) төрт негізгі шырын туралы ілімді жасаған, олар осы элементтердің тасымалдаушылары, адам ағзасын құраушы және деннің саулығы мен ауруды негіздеуші болып табылады. Сонымен бірге пневма туралы ілімді жасаған, соған сәйкес ауада көрінетін және көрінбейтін заттар бар, олар дем алған кезде өкпеге және жүрекке енеді де, бүкіл денеге тарайды. Қанның және пневманың қалыпты жағдайы адамның денсаулығын анықтайды, ал осы заттардың қалыпты жағдайының бұзылуы ауруға алып келеді. Ағзаға әсер ету сипаты да осы көзқараспен байланысты болды: ағзадан онда түзілген шіріген заттарды, бұзылған қанды және паразиттерді бағытталған ем. Бұл құсық тудыратын, іш жүргізетін, несеп жүргізетін, тер шығаратын препараттарды тағайындау арқылы жүзеге асырылды. Қолданылған преапараттардың бай қоры Ежелгі Египетте эмпириялық фармацияның жоғары дамығанын көрсетеді. Ежелгі египтердің Эберс папирусында «Дененің барлық бөлігіне дәріні дайындау кітабы» бар. Онда өсімдіктерден әртүрлі шырындар мен майларды алудың 800 рецепті берілген. Тұндыру, сүзу, ашыту, сығу, айдау, экстракциялау және возгонка жасау процестері әйгілі болды. Әртүрлі технологиялық процестер кезінде сүзу кеңінен қолданылды.