Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

2. Фитохимиялық зерттеулердің дамуы қайдан басталды

Фитохимия ( грек рито – өсімдік және химия деген сөздерден шыққан) өсімдіктердің химиялық құрамын зерттейтін ғылым. Фитохимия негізгі тапсырмасы экологиялық таза заттардыдан және өсімдік текті заттардан жоғарғы әсерлік дәрілік препараттарды дайындау. Фитохимия фармагознозия мен тығыз байланыста, бірақ атқаратын жұмысы бойынша жеке ғылым болып табылады.Д.Г.Коресиников фитохимияның негізін салушы.Ол 30 жыл фитохимия саласында жұмыс істеген. .1965 жылы фитохимия лобароториясы ашылды және Д.Г.Коресиников оны басқарған.

Билет 9

1. Медицина тарихындағы Панацеяның ролі.

1.«Асклепейон» термині Асклепия деген аттан шыққан (латын мифологиясында ол Эскулап деп аталады). Асклепий Грецияның солтүстігінде Фессалияда өмір сүрді. Оның көптеген оқушылары болды. Кейіннен Асклепий құдай деп танылып дәрігерлік өнердің құдайы ретінде грек және әлемдік әдебиетке енді. Медицинаның жеке саласының қамқоршылары – Гигейя (гигиена термині осыдан шыққан) және дәрілік терапия қамқоршысы – Панацея оның қыздары болып есептеледі. Гигейя профилактикалық кеңес беруші денсаулықтың құдайы болып есептелді. Ол сол қолында жылан ішіп тұрған тостаған бар жас қыз бейнесінде көрсетіледі. Кейіннен жылан мен тостаған бейнесі медицинаның эмблемасына айналды. Эмблеманың мәні дәрігер жылан сияқты данышпан болу керек, ал данышпандықты табиғатты танып-білу арқылы алу керек. Панацея «барлық ауруларды» емдей білді. Кейіннен сәйкес емдік қасиеті бар затты «панацея» деп атайтын болды.

2. Алғашқы фармакопея қайда және қашан шықты

«Фармация» терминінің шығуы өте ерте кезеңге жатады. Египеттің фармаки (қауіпсіздік сыйлаушы) сөзі гректің фармакон (дәрі) сөзіне негіз болды. Алдымен Ежелгі Грецияда, сонан кейін басқа халықтарда да дәріні дайныдау және сатумен байланысты қызметтердің барлығына түбірі фарма немесе фармако болатын сөздерді бере бастады. Мысалы, Ежелгі Римде дәрілік ісінің мамандары pharmaceutae, pharmacopoae деп аталды. Біздің күндерге дейін келесідей терминдер сақталып қалды, мысалы фармакопея – дәрілік заттардың сапасын регламенттейтін стандарттар мен қағидалардың жиынтығы; фармакология – дәрілік заттардың ағзаға тигізетін әсерін зерттейтін ғылым; фармакогнозия - өсімдік және жануар текті дәрілік заттарды және олардың кейбір біріншілік өңдеу өнімдерін зерттейтін ғылым. 1925 жылы фармацевтикалық білім бойынша съезде фармацияға келесідей анықтама берілді. Дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік қалыптағы дәрілік зат. Фармакопеялық бап – дәрілік заттың сапасын және қауіпсіздігін анықтайтын нормативті-техникалық құжат. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы дәрілік заттың қауыпсіздігін және сапасын нормалайтын мемлекеттік стандарттар мен қағидалардың диынтығы. Үндістан дәрілік өсімдіктердің отаны болып саналады. Б.э.д. ІІ ғасырда Үндістанда медициналық білім болды. Ежелгі үндістан дәрігерлері үшін дәріні тағайындау емдеудің маңызды және жауапты бөлігі болып саналды. «Аюр-Веде» - өз алдына үндістандық фармакопеяда – 760 дәрілік препараттың тізімі берілген. Үндістан дәрігерлері көбінесе өсімдіктен дайындалған дәрілік заттарды тағайындады. 1783 жылы Ресейде тарихта бірінші рет орыс флотының дәрігерлері үшін «Ресей флоты үшін дәріхана немесе корабль рангы бойынша алты ай вояжда корабль жәшігінде болуға тиіс дәрілердің жазбасы» деген атпен әскери-теңіз флотының фармакопеясы шықты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]