Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать
  1. Алғашқы ботаникалық бақтар мен дәрілік өсімдіктер бақшасы қайда пайда болды.

Ең алғаш дәрілік өсімдіктер өсіретін ботаникалық бақтар ХVI ғасырда Европадағы университет қабырғаларында пайда болды. 1533 жылы Падуеде профессор Франческо Вионафеденің қолдауымен университетте бірінші өзіндік фармация кафедрасы ашылды. 1545 жылы Франческо Вионафеде «Orto dei simplici» ( «Жай дәрілік өсімдіктер бақ») деген атпен бірінші ботаникалық бақ ашты. Профессор өзінің кафедрасында дәрілік өсімдіктердің коллекциясын және дәрілік шикізаттар үлгілерін жинап, университетте ботаника мен фармакогнозиядан практикалық сабақтар жүргізді. Екі жылдан соң 1547 жылы ғылыми мақсатта құрылған ботаникалық бақтардың бірі – Италиядағы Пизза бақшасы болған. Оның негізін қалаушы жергілікті медицина университетінің профессоры Луна Гани болатын. Ол 1543 жылы алғашқылардың бірі болып өзінің шәкірттерімен Альпі тауларынан дәрілік өсімдіктерді жинап, оларды университет жанына шоғырландырған болатын. Бұл өсімдіктер студенттердің практикалық сабақтарында кеңінен пайдаланылды.

Сент-Галле – Франциядағы бақ. Ол XIV ғасырға дейін шіркеу жанында орналасып, тек практикалық мақсатта қолданылып келді. Кейіннен дәріханалық баққа айналды. Онда өсімдіктердің түріне, пайдаланылуына және ерекшеліктеріне аса көңіл бөлінді. Дәрілік және хош иісті өсімдіктер құлыптармен жабылатын жерлерде өсірілді. Хош иісті өсімдіктер иістерінің болуына байланысты басқа өсімдіктерден бөлек аумақта өсірілді.

ХVІІІ ғасырдың аяғына таман ботаникалық бақтар Польшада да пайда бола бастады.

Билет 6 ( 1 – бөлік )

1. Патриархат кезеңіне өтуге себеп болған факторлар.

Патриархат дәуірі. Б.э.д. ІІІ-ІІ ғасырларда бақташылықтың дамуымен және кең тарауымен, сонан кейін көшпелі мал шаруашылығының дамуымен аналық ру әкелік руға – патриархатқа жол берді. Бұл кезеңде өктемдік ету еркекке көшті. Мал шаруашылығының дамуы ер адамдардың ролін арттырды, өйткені малды үйрету және оны бағып-қағу солардың ісі болатын. Әйелдердің үй шаруашылығы еркектердің кәсіпшілік еңбегімен салыстырғанда маңызын жойды. Осыдан бастап рулық әке жағынан есептелетін болды. Енді әйелдер некеге тұрғаннан кейін өзінің руынан қол үзуі керек болды. Патриархат дәуірінде металдарды (мыс, қалайы, күміс, алтын) өңдеу біршама маңызға ие болды. Мыстан балта, пышақ, найза және әртүрлі әшекейлер жасады. Мал шаруашылығының маңызы біртіндеп өсе берді Барлық жерлерде халықтың өсуі байқалды. Отырықшы өмір үй құрылысының жаппай дамуына әкелді. Ұсақ саз балшықтан мүсін жасау және әшекейленген ыдыстардың бай орнаментикасы өнер саласында үлкен жетістіктердің болғанын куәландырады. Өндіруші күштердің жалпы өсуі әлеуметтік және саяси өмір формаларында прогресивті өзгерістер тудырды. Неолит дәуірінде пайда болған патриархальды ру алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себепшісі болды. Патриархальды отбасының басшыларының қолында отбасы мүшелерінің еңбек өнімдері шоғырланды. Еңбекті қоғамдық бөлуде және айырбастың дамуында бұл алғашқы қауымдық теңшілдіктің ыдырауына және таптық теңсіздікке әкелген жеке меншіктің пайда болуына әкелді. Патриархат дәуірінде адам түсті металдар мен темірді алудың және өңдеудің ірі орталықтарын құрды. Металлургиялық дағдыларды әртүрлі тайпалар игере бастады, ал бұл пышақ және скальпель сияқты саймандардың жасалуына алып келді. Қыш-құмыра жасау кәсіпшілігінің дамуыыен тамақ дайындауға және емдік дауаларды дайындауға болатын қыш ыдыстар пайда болды. Патриархат дәуірінде адамдарда өмір сүру көздері туралы көзқарас өзгерді.. Алғашқы қауымдық адамдардың көзқарасы бойынша ата-бабаларына құрмет көрсеткен жағдайда отбасы мүшелері ауырмайды. Сондықтан алғашқы қауымдық адамдарда емдеу тәсілдері алдымен ата-бабаларының көңілін табуға жұмсалды. Дуаға, жадылыққа (сиқырлық), көз өтуге (қаяу) деген сенімдер кеңінен тарады. Сендіру және қорқыту әдістері қолданылды – сәйкес костюмдерде, гонгпен, қоңыраумен, айқай-шумен би билеу. Ашулы әруақты қуу үшін көп жағдайда адамдарға тамақ бермеді. Науқастарды инемен шаншыды, «ашулы әруақ» шығып кетпейінше ұрып-соқты. Алғашқы адамдар «ашулы әруақ» адам денесіне тамақпен түседі деп сенді, сондықтан адамдарға құстыратын препараттар берді. «Ашулы әруақты» қуу техникалық жолмен де жүргізілді – іріңдеп кеткен жаралар болған кезде іріңді сорды. Колумбия үндістерінде бақсы «ашулы әруақты» науқастың ішін жұдырықпен басу арқылы қуды. Қан шығару, жыру және скарификация қолданылды.