Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

Билет 28 (1 – бөлік )

  1. Авиценаның (Абу-Али ибн Сина) фармацияға қосқан үлесі.

Х-ХІ ғ Шығыстағы ірі мәдениет ошағы. Орта Азия болған. Бұхарада, Хорозмде,Ургеншеде аса тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істеген. Әлем тарихындағы атақты дәрігер Абу-Али ибн Сина (980-1037) үлкен шығармашылық мұралар қалдырған. Оның 450ге жуық шығармасынан 240қа жуығы біздің заманымызға дейін сақталған. Оның ішінде 150 кітап философияға, әлемдік көзқарас мәселелеріне, 40 кітабы медицинаға, қалған 50 кітабы басқа ғылымдарға арналған. Ибн Синаның әдеби шығармалары да болған. Оның басты медициналық еңбегі «Дәрігерлер ғылымның каноны» деп аталған. Онда ХІғ дейін жеткен Шығыс және Ежелгі Греция халықтарының медицинасын және өзінің бақылаған ауруларының сипаттарын жазған. «Канон» 5 кітаптан тұрады. бірінші кітапта медицина анықтамасы, анатомия, аурулар туралы жалпы сипаттамасын оларды емдеу және денсаулықты сақтау туралы жазылған. Екінші кітапта қарапайым дәрілер және олардың әсер етуі туралы жазылған.Үшінші кітапта жеке потология, терапия жеке аурулардың сипаттамасы және оларды емдеу әдістері қамтылған.Төртінші кітапта хирургияға және қызбалық жалпы еміне бағытталған. Бесінші кітапта күрделі дәрілік заттар, улар және уларға қарсы заттар туралы жазылған. Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылымның каноны» еңбегінің «Қарапайым дәрілер туралы» екінші және «Күрделі дәрілер туралы» бесінші кітаптары зерттеушілерге дәрітану тарихынан көптеген мәліметтер береді. Бұл кітап фармацевтер үшін тек фармацияның ғана емес, сол сияқты химияның, зоологияның, ботаниканың, минералогия мен философияның да теңдесі жоқ көне жәдігері болып табылады.

2. Қаздәріхана басқармасының алғашқы төрағасы кім болды.

1921 жылы 10 маусымда Кирнаркомздрав жанынан фармацевтикалық бөлім ұйымдастырылды, оның меңгерушісі болып Я.К.Пикман сайланды. Оның міндеті дәріхана қызметін қалпына келтіру болды. Қалпына келтіру жұмысы қиын жағдайларда жүрді. Фармацевтердің жетіспеуінің салдарынан дәріханаларда практиканттар жұмыс істеді, кейбір облыстар мен уездерде 1-2 фармацевтен ғана болды. Мысалы, сол кезде Қостанай облысында бір ғана фармацевт жұмыс істеді, ал Торғай уезінде бірде-бір фармацевт болған жоқ. Архив мәліметтері бойынша 1922 жылы Қазақстан территориясында бар болғаны 33 фармацевт қана болды. Киргосмедторг және оның жергілікті жерлердегі органдары ұйымдастырылды. Олардың міндетіне дәріхана желісін және емдеу мекемелерін дайын дәрілік заттармен қамтамасыз ету кірді. Өздерінің мүмкіндіктеріне қарай медторг дәріхана желілерінің кеңеюіне мүмкіндік жасады, галенді препараттардың өндірісін ұйымдастырды, дәрі-дәрмектерді сатып алды және таратты. Осы жұмыстарды жүргізуде Қазақстандағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылардың бірі Бисенғали Абдрахманов көп жұмыс атқарды. Ол 1914 жылы Воронеж фельдшерлік мектебін бітірді. Киргосмедторг ұйымдастырылған кезде оның төрағасы болып сайланды. Оның басшылығымен дәріхана желісі біршама кеңіді және 1927 жылдың соңына қарай Қазақстанда 127 дәріханалық мекемелер болды. 1928 жылы Казгосмедторг Қазақстан дәріхана басқармасы болып қайта ұйымдастырылды. Оның бірінші төрағасы болып Мажит Мұхамеджанұлы Чумбалов сайланды. М.М.Чумбалов 1873 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Императорлық Қазан университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін өзінің туған жеріне қайта оралып аурухананың бас дәрігері қызметінде чума ауруымен күреседі. Белгілі ғалым-чумологтар В.И.Исаев, профессор Д.К.Заболотный, профессор И.И.Мечниковтармен бірге