Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

Билет 27 (1 – бөлік )

1. Диоскоридтің еңбектері.

Энциклопедиямен қатар Плинийдің, мүмкін одан да ертерек, орта ғасырдан Қайта өрлеу дәуіріне дейін ботаниктердің, дәрігерлер мен фармацевтердің жетекші құралы болған еңбек пайда болды. Бұл еңбек Диоскоридтің “Materia medica” және “Peri hylus latricus” ботаникалық еңбегі.

Киликияның Анасарбы қаласында туып-өскен, грек Диоскорид Педаний (Dioscorides) Римде кең танымал болған білімді дәрігер-практик болды. Ол көп саяхаттады, кіші Азияда, Грецияда, Египетте, Германияда, Испанияда; Галлияда және Италяиының әртүрлі облыстарында болды. Ол Клавдий және Нерон үстемдік еткен рим армиясы кезінде дәрігер болып қалыптасты.

Диоскорид өзі көп бақылады және өзінің тәжірибесі арқылы көп білді. Бұл оның хабарлайтын мәліметтеріне ерекше құндылық берді. “Materia medica” («Дәрілік заттар») б.э.д. 70 жылдары жазылды және 5 кітаптан тұрды. Арабтар оны өз тіліне аударды. Латын тілінде ол шамамен 1495 жылы жарық көрді. Өзінің еңбегінде Диоскорид емдік өнерге қатысы бар 600-ге жуық өсімдікті сипаттады. Диоскорид өсімдік шайырлары мен камедтерге (стиракс, астрагал камеді, хилтит, сафиор) ерекше көңіл бөлді және оларды алу тәсілдерін сипаттады.

Диоскорид өсімдіктерді кейбір морфологиялық белгілері бойынша топтады және олардың таралуы мен орналасқан жерін сипаттады. Диоскоридтің өсімдіктер туралы мәліметтері кейіннен өсімдіктерді жүйелеуде, сонымен бірге кейінгі кезең мен халықтардың дәрітануында маңызды роль атқарды.

2. Қаздәріхана басқармасының қашан құрылды.

1921 жылы 10 маусымда Кирнаркомздрав жанынан фармацевтикалық бөлім ұйымдастырылды, оның меңгерушісі болып Я.К.Пикман сайланды. Оның міндеті дәріхана қызметін қалпына келтіру болды. Қалпына келтіру жұмысы қиын жағдайларда жүрді. Фармацевтердің жетіспеуінің салдарынан дәріханаларда практиканттар жұмыс істеді, кейбір облыстар мен уездерде 1-2 фармацевтен ғана болды. Мысалы, сол кезде Қостанай облысында бір ғана фармацевт жұмыс істеді, ал Торғай уезінде бірде-бір фармацевт болған жоқ. Архив мәліметтері бойынша 1922 жылы Қазақстан территориясында бар болғаны 33 фармацевт қана болды. Киргосмедторг және оның жергілікті жерлердегі органдары ұйымдастырылды. Олардың міндетіне дәріхана желісін және емдеу мекемелерін дайын дәрілік заттармен қамтамасыз ету кірді. Өздерінің мүмкіндіктеріне қарай медторг дәріхана желілерінің кеңеюіне мүмкіндік жасады, галенді препараттардың өндірісін ұйымдастырды, дәрі-дәрмектерді сатып алды және таратты. Осы жұмыстарды жүргізуде Қазақстандағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылардың бірі Бисенғали Абдрахманов көп жұмыс атқарды. Ол 1914 жылы Воронеж фельдшерлік мектебін бітірді. Киргосмедторг ұйымдастырылған кезде оның төрағасы болып сайланды. Оның басшылығымен дәріхана желісі біршама кеңіді және 1927 жылдың соңына қарай Қазақстанда 127 дәріханалық мекемелер болды. 1928 жылы Казгосмедторг Қазақстан дәріхана басқармасы болып қайта ұйымдастырылды. Оның бірінші төрағасы болып Мажит Мұхамеджанұлы Чумбалов сайланды. М.М.Чумбалов 1873 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Императорлық Қазан университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін өзінің туған жеріне қайта оралып аурухананың бас дәрігері қызметінде чума ауруымен күреседі. Белгілі ғалым-чумологтар В.И.Исаев, профессор Д.К.Заболотный, профессор И.И.Мечниковтармен бірге чуманы жоюға қатысады. М.М.Чумбалов Қазақстан дәріхана басқармасында