Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

Билет 26 (2 – бөлік )

бөлімшесінде провизордың жұмысын қатар алып жүрген алғашқы қазақ-дәрігерлердің бірі Әміре Дұрмұхамбетович Айтбақин болды. Ол 1860 жылы дүниеге келген. 1889 жылы Томск университетінің медициналық факультетіне оқуға түсті. 1895 жылы оқуды бітіргеннен кейін алыс аудандардың бірінде амбулатория және дәріхана ұйымдастырды. 1900 жылы дәріханалар саны 18-ге жетті. Қазақстан халқының саны 4 472 мыңға жетті, яғни бір дәріханаға 249 мың адамнан келді. ХХ ғасырдың басында дәріхналар ауылдарда, темір жол бекеттерінде, халық тығыз орналасқан аудандарда ашыла бастады. 1902 жылы Оренбург-Ташкент темір жолының ашылуымен бірге Ташкент қаласында Ортаазиялық темір жолдың Орталық дәріханасы ұйымдастырылды. Ал 1907 жылы жеке дәріханалар Қостанай облысында, Шалқарда, Қазалы станцияларында ашылды.

Фармация қызметкерлерінің саны жылына 2-3 адамға ғана өсіп отырды. 1890 жылы фармацевтердің саны 8, 1910 жылы – 44, ал 1915 жылы 64-ке жетті. Оның 17-сі дәріхана иелері-провизорлар болса, 47-сі провизордың көмекшілері болды. 1915 жылы әрбір фармацевтке 78 мың адамнан келді. Фармацевтикалық кадрларды дайындау революцияға дейінгі Қазақстанда болған жоқ. Дәріханалар бақылаусыз жұмыс істеді, сатылатын дәрілердің сапасына және бағасына бақылау жасалынбады. Дәрілік заттардың қымбат болуына байланысты адамдар дәріханаға өте мұқтаж болған жағдайда ғана келетін болды.

1917-1919 жылдары Қазақстан территориясында азамат соғысы жүріп жатты, аштықтың, эпидемияның таралуы дәріханаға келушілердің санын арттырды. 1919 жылдан бастап кеңес өкіметі дәріханаларды ұлттандыра бастады. Дәріханалардың барлығы уездік және губерниялық денсаулық сақтау бөлімдеріне берілді. 1-2 жылдан кейін дәріхана ісінің жағдайы қиындай түсті. Дәрі-дәрмек қорының азаюы, білікті кадрлардың жетіспеуі, дәріханаға жөндеу жұмыстарын жасауға қаржының жоқтығы олардың бірқатарын жабуға әкелді, дәрі-дәрмектердің аз ғана қоры бар 26 дәріхана ғана қалды. 1921 жылы 10 маусымда Кирнаркомздрав жанынан фармацевтикалық бөлім ұйымдастырылды, оның меңгерушісі болып Я.К.Пикман сайланды. Оның міндеті дәріхана қызметін қалпына келтіру болды. Қалпына келтіру жұмысы қиын жағдайларда жүрді. Фармацевтердің жетіспеуінің салдарынан дәріханаларда практиканттар жұмыс істеді, кейбір облыстар мен уездерде 1-2 фармацевтен ғана болды. Мысалы, сол кезде Қостанай облысында бір ғана фармацевт жұмыс істеді, ал Торғай уезінде бірде-бір фармацевт болған жоқ. Архив мәліметтері бойынша 1922 жылы Қазақстан территориясында бар болғаны 33 фармацевт қана болды. Киргосмедторг және оның жергілікті жерлердегі органдары ұйымдастырылды. Олардың міндетіне дәріхана желісін және емдеу мекемелерін дайын дәрілік заттармен қамтамасыз ету кірді. Өздерінің мүмкіндіктеріне қарай медторг дәріхана желілерінің кеңеюіне мүмкіндік жасады, галенді препараттардың өндірісін ұйымдастырды, дәрі-дәрмектерді сатып алды және таратты. Осы жұмыстарды жүргізуде Қазақстандағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылардың бірі Бисенғали Абдрахманов көп жұмыс атқарды. Ол 1914 жылы Воронеж фельдшерлік мектебін бітірді. Киргосмедторг ұйымдастырылған кезде оның төрағасы болып сайланды. Оның басшылығымен дәріхана желісі біршама кеңіді және 1927 жылдың соңына қарай Қазақстанда 127 дәріханалық мекемелер болды. 1928 жылы Казгосмедторг Қазақстан дәріхана басқармасы болып қайта ұйымдастырылды.