Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать
  1. XIX ғасырдағы дәрілік қалыптарды атаңыз.

ХІХ ғасырда Ресей дәріханаларында әртүрлі дәрілік қалыптар дайындалды: ұнтақтар, жағылмалар, пилюлялар, линименттер, пластырлар, тұндырмалар, қайнатпалар және т.б. ХІХ ғасырдағы дәріхана халыққа тек дәрілік заттар босатып қана қойған жоқ. Барлық косметикалық, технохимиялық және басқа да препараттар дәріханада дайындалды. Фармацевтер барлық соттық-химиялық, сонымен бірге санитарлық зерттеулерді жүргізуге міндетті болды. Заң бойынша дәріхана түскен барлық дәрілік препараттарды тексеруге міндетті болды. Жыл сайын дәріхананы тексеріп отырды. Петербургте және Москвада дәріханаларды тексеру Медициналық коллегия мен Москва конторасының штадтфизиктерінің көмегімен жүргізілді. Провинцияларда бұл функция дәрігерлік басқармалардың инспекторларына жүктелді.

Билет 24

  1. Ежелгі Грецияда дәрілік шикізат қорлары және сақтау бөлмелері.

Б.э.д. V-VІ ғасырларда ежелгі грек құл иелену қоғамының, грек мәдениетінің өркендеген кезеңі болды. Медицина мен фармацияның дамуы «философия» деген жалпы түсінікпен біріктірілген басқа ғылымдармен тығыз байланыста болды.

Ежелгі Греция дәрігерлері медицинаның және әсіресе фармацияның көптеген сұрақтарына жаңа шешімдер берді. Олар аурудың материалды себептерін және олардың сыртқы ортамен байланысын анықтады.

Біз үшін «Гиппократ жинағында» көрініс тапқан фармакотерапия көп қызығушылық тудырады. Ол: «Дәрі және оның қарапайым қасиеттер сипаатталған болса, оны сен жадыңда ұстауың керек. Олардан сен ауруды емдеуге қатыстыларын, яғни белгілі бір ауруларға қалай және қанша мөлшерде әсер етеді, соны білуің меңгеруің керек, өйткені дәріні танудлың басмы, ортасы және аяғы осында», - жазды.

Ежелгі Греция дәрігерлері қатты, сұйық, жұмсақ және газ тәрізді дәрілік қалыптарды пайдаланды. Ұнтақ түрінде өсімдік, жануар және минерал текті дәрілік заттар белгілі болатын.

Дәрігер мен фармацевтің жоғары моральды бейнесі және тәртіп этикасы туралы көзқарас Гиппократтың атымен байланысты. Гиппократтың есептеуі бойынша, еңбекқорлық, өз кәсібін үнемі жетілдіріп отыру, байыптылық, жылы шырайылылық, сезгіштік қасиеттері тән болуы керек. «Гиппократтың антында» науқасқа қамқорлықпен қарау, білімі мен дәріні адамға зиян келтіретіндей етіп қолданбау туралы талаптар бар.

  1. Дәрі-дәрмектерді белгілері бойынша топтарға бөлу қайда және қашан шықты.

Алғашқы Ресей дәріханаларында келесідей өндірістік бөлмелер болды: рецептуралық зал, материалдық бөлме, лаборатория, кептіру бөлмесі, тұндырмалар мен қайнатпалар дайындалатын бөлме және өсімдік текті және басқа да материалдарды майдалайтын «жұмыс бөлмесі». Рецептуралық бөлмеде рецепт бойынша дәрілер дайындалып, босатылды; рецептсіз дәрілерді сату жүргізілді. Оның құрал-жабдығы екі столдан тұрды: столдың біреуінде дәрілер дайындалса, екіншісі рецептсіз дәрілік заттарды босатуға арналды. Рецептуралық бөлмеде дәрі-дәрмектердің қоры сақталды. Улы дәрілік заттар басқаларынан бөлек сақталды. Штанластар ағаштан, саз балшықтан, кейде шыныдан және фарфордан жасалды. Мыстан, қалайыдан және металдан жасалған ыдыстарда дәрілік заттарды сақтауға рұқсат етілмеді. Рецептуралық бөлме қабылдау бөлмесімен жалғасады. Дәрі-дәрмектердің негізгі қоры материалдық бөлмеде ағаш, шыны, тас және фарфор штангластарда, ағаш жәщіктерде, қораптарда сақталды. Құрамында эфир майлары бар шикізаттар шыны ыдыстарда, тығыз жабылған ыдыстарда сақталды. Өсімдік шикізаттарын майдалап сақтауға болмайды. Улы дәрілік заттар ерекше шкафта сақталды, оның кілті дәріхана меңгерушісінде ғана болды. Әрбір улы заттарға жеке таразылар мен арнайы қасықшалары бар келілер бөлінді. Әрбір дәріханада галенді препараттар дайындау үшін, эфир майларын, хош иісті суларды, тұздарды алу үшін жақсы жабдықталған лабораториялар болды. Лабораторияларда күрделі технологиялық процестер жүргізілді.