Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

Билет 3

  1. Фармация және медицина тарихын оқып-үйренуде қолданылатын дерек көздері.

Фармация және медицина тарихын зерттеу үшін келесі дерек көздері қолданылады: 1) мыңжылдықтарды қамтитын өте ерте кезеңдер үшін, негізгі дерек көздері археология, палеонтология, палеопатология мәліметтері, қазба мәліметтері қолданылады; 2) жазудың пайда болуымен мұндай дерек көздеріне дәрігерлердің, жалпы тарихшылардың, мемлекеттік және әскери қызметкерлердің, философтардың жазбалары, баспа шығармалары, архив материалдары қолданылады; 3) лингвистика, этнография, бейнелеу өнері, халықтық эпос және фольклор материалдары; 4) фото- , кино- , видеоқұжаттар; 5) нумизматика, палеография (жазбаның дамуы туралы ғылым), эпиграфика (жазбалар туралы ғылым) мәліметтері. Медицинаны зерттеу көздерінің түрлері кеңейіп байып келеді.

  1. Хvііі ғасырда фармацияның дамуына үлесін қосқан негізгі ғалымдарды атаңыз.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда химияның дамуына ағылшын ғалымы Роберт Бойль маңызды үлес қосты. Теориялық көзқарастардан басқа фармация үшін Р.Бойлдың химиялық-аналитикалық зерттеулерінің маңызы ерекше. Сапалық талдау жүргізу кезінде ғалым әртүрлі реактивтер қолданды және тұнба түсу, түскен тұнбаның формасы, оның түсі бойынша қандай заттардың бар екенін анықтады. Қағазды сыналатын ерітіндіге салғанда түсін өзгертіп ерітіндінің қышқыл немесе сілтілі екенін анықтады. Мұны ең алғаш рет Бойль индикатор деп атады. Осы кезеңдерде европа елдерінде металлургия өте жоғары қарқынмен дамыды. Осы идеяларды дамыта отырып Эрнст Шталь тотығу және жану құбылыстарын түсіндіру үшін флогистон теориясын жасады. Флогистон гректің phlog – от деген сөзінен шыққан, яғни заттардың жануына олардың құрамында флогистонның болуы ықпал етеді. Штальдың теориясы кеңінен тарады және химияның дамуына әсер етті. Штальдың Франциядағы замандасы Этьен Франсуа Жоффруа – француз фармацевті, химигі және физигі. Оның негізгі зерттеулері неорганикалық химия саласынан болды. 1729 жылы Жоффруа көлемдік талдаудың титриметриялық әдісінің негізін қалады және «Фармация бойынша трактат» деген еңбегін жазды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысын химияның дамуының аналитикалық кезеңі деп атайды.

Жаңа тарихтың бірінші кезеңіндегі маңызды оқиғалардың бірі Франциядағы буржуазиялық революция болды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы Франция ғалымдарының барлығы дерлік елдің қорғану әсеріне байланысты қолданбалы ғылыми мәселелермен айналысты. Француз революциясы кезеңіндегі көрнекті француз ғалымдарының бірі Антуан Лоран Лавуазье болды. Ол заң жағынан білім алғанмен химия ғылымымен айналысты. 1772 -1784 жылдар аралығында пневматикалық химия (ауаның құрамы мен оттегіні алуды зерттеу) саласынан жүйелі түрде жүргізген зерттеулері флогистон теориясының негізгі қағидаларын жоққа шығарды. Оттегіні ала отырып Лавуазье алғаш рет оның жану процесіндегі, металдардың кальцинациясындағы, металдардың тотығуындағы, тыныс алу процесіндегі ролін түсіндірді. Лавуазье дәуірінде өмір сүрген оқымыстылардың бірі Клод Луи Бертолле. Ол алдымен медициналық білім алды, медицина докторы атанды, сонан кейін химиямен айналыса бастады. Ол жану кезіндегі селитраның ыдырауын, шарапты сірке қышқылымен ашыту нәтижелерін, мыстың сіркеқышқылды тұзының ыдырауын зерттеді. Аммиактың құрамын зерттеді. 1789 жылы Бертолле күкіртті сутегін зерттеді және табиғатта оттексіз қышқылдар болады деген қорытынды жасады. ХVІІІ-ХІХ ғасырда Германияда химиялық-аналитикалық зерттеулер өте жақсы дамыды. Сол кезеңдегі көрнекті неміс химигі және фармацевті, өзінің экспериментальдық зерттеулерімен бүкіл Европаға танымал болған Мартин Генрих Клапрот. Ол химиялық лабораторияны ұйымдастырды, химиялық-аналитикалық сипаттағы көптеген зерттеу жұмыстарын жазды. Ол көптеген тұздар мен минералды суларды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Клапрот 1789 жылы уран мен цирконийді, 1795 жылы титанды ашты. ХVІІІ-ХІХ ғасырда Германияда көптеген оқымысты-фармацевтер жұмыс жасады. Фармациядағы химияның дамуына Германия, ағылшын, италия химик-фармацевтері өз үлестерін қосты. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда фармацевтикалық өнерді танытатын жұмыстар пайда бола бастады. Бұл жұмыстар фармацевтер арасында зор маңызға ие болды. Олардың ішінде Капелланың «Фармацевтикалық сөздігі», Боменің «Теориялық және практикалық фармацияның элементтері», Хагенннің «Дәріханалық өнер оқулығы» ерекше кеңінен қолданылды. ХVІІІ ғасырдың аяғындағы фармацияның жетістіктері барлық европа елдерінде фармацевтикалық өндіріс орындарының ашылуына әкелді, олар кейіннен арнайы өнімдерді шығаратын фабрикалар мен заводтарға айналды, осылай фармацевтикалық өнеркәсіп құрылды.