Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

2.Хіх ғасырдың алғашқы жартысындағы дәріханалардың құрылысы.

Алғашқы Ресей дәріханаларында келесідей өндірістік бөлмелер болды: рецептуралық зал, материалдық бөлме, лаборатория, кептіру бөлмесі, тұндырмалар мен қайнатпалар дайындалатын бөлме және өсімдік текті және басқа да материалдарды майдалайтын «жұмыс бөлмесі». Рецептуралық бөлмеде рецепт бойынша дәрілер дайындалып, босатылды; рецептсіз дәрілерді сату жүргізілді. Оның құрал-жабдығы екі столдан тұрды: столдың біреуінде дәрілер дайындалса, екіншісі рецептсіз дәрілік заттарды босатуға арналды. Рецептуралық бөлмеде дәрі-дәрмектердің қоры сақталды. Улы дәрілік заттар басқаларынан бөлек сақталды. Штанластар ағаштан, саз балшықтан, кейде шыныдан және фарфордан жасалды. Мыстан, қалайыдан және металдан жасалған ыдыстарда дәрілік заттарды сақтауға рұқсат етілмеді. Рецептуралық бөлме қабылдау бөлмесімен жалғасады. Дәрі-дәрмектердің негізгі қоры материалдық бөлмеде ағаш, шыны, тас және фарфор штангластарда, ағаш жәщіктерде, қораптарда сақталды. Құрамында эфир майлары бар шикізаттар шыны ыдыстарда, тығыз жабылған ыдыстарда сақталды. Өсімдік шикізаттарын майдалап сақтауға болмайды. Улы дәрілік заттар ерекше шкафта сақталды, оның кілті дәріхана меңгерушісінде ғана болды. Әрбір улы заттарға жеке таразылар мен арнайы қасықшалары бар келілер бөлінді. Әрбір дәріханада галенді препараттар дайындау үшін, эфир майларын, хош иісті суларды, тұздарды алу үшін жақсы жабдықталған лабораториялар болды. Лабораторияларда күрделі технологиялық процестер жүргізілді.

Билет 23

  1. «Асклейпейон» терминінің шығу тарихы.

Ежелгі Шығыс елдеріне қарағанда Ежелгі Греция медицинасына религияның тигізген әсері қандай да бір дәрежеде аз болды. Элладада емдеу храмдарда, «асклепейон» деп аталған арнайы бөлмелерде жүргізілді. Мұнан басқа осындай атпен кәсіби емханалар мен дәрігерлердің мектептері жұмыс істеді. Кәсіби емханаларға ұсақ «ятрейлер» - дәрігерлер үйіндегі емханаларда жатты.

«Асклепейон» термині Асклепия деген аттан шыққан (латын мифологиясында ол Эскулап деп аталады). Асклепий Грецияның солтүстігінде Фессалияда өмір сүрді. Оның көптеген оқушылары болды. Кейіннен Асклепий құдай деп танылып дәрігерлік өнердің құдайы ретінде грек және әлемдік әдебиетке енді. Медицинаның жеке саласының қамқоршылары – Гигейя (гигиена термині осыдан шыққан) және дәрілік терапия қамқоршысы – Панацея оның қыздары болып есептеледі. Гигейя профилактикалық кеңес беруші денсаулықтың құдайы болып есептелді. Ол сол қолында жылан ішіп тұрған тостаған бар жас қыз бейнесінде көрсетіледі. Кейіннен жылан мен тостаған бейнесі медицинаның эмблемасына айналды. Эмблеманың мәні дәрігер жылан сияқты данышпан болу керек, ал данышпандықты табиғатты танып-білу арқылы алу керек. Панацея «барлық ауруларды» емдей білді. Кейіннен сәйкес емдік қасиеті бар затты «панацея» деп атайтын болды.

Аскле́пий (в древнеримской мифологии Эскулапдр.-греч. Ἀσκληπιός, «вскрывающий») — в древнегреческой мифологии[1] — бог медицины и врачевания. Был рождён смертным, но за высочайшее врачебное искусство получил бессмертие.

Асклепия изображают с посохом, увитым змеями. Однажды он шёл, опираясь на посох, и вдруг посох обвила змея. Испугавшись, Асклепий убил змею. Но следом появилась вторая змея, которая несла во рту какую-то траву. Эта трава воскресила убитую. Асклепий нашёл эту траву и с её помощью стал воскрешать мёртвых (тот же миф рассказывали о Полииде, см. также Главк (сын Миноса)). Обвитый змеёй жезл Асклепия используется как медицинский символ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]