- •Билет 1
- •1. «Фармация тарихы» түсінігінің анықтамасы.
- •2. Араб алхимигі ар-Разидің қызметі.
- •Билет 2
- •1. Фармация тарихының мәні.
- •2. Алхимияның жағымды және жағымсыз жақтары.
- •Билет 3
- •Фармация және медицина тарихын оқып-үйренуде қолданылатын дерек көздері.
- •Хvііі ғасырда фармацияның дамуына үлесін қосқан негізгі ғалымдарды атаңыз.
- •Билет 4
- •Фармация терминнің шығуы.
- •Қайта өрлеу дәуіріндегі дәрілік өсімдіктерді кім зерттеді.
- •Билет 5
- •Адамзат кеселдерін алғашқы емдеушілер ретіндегі әйелдің ролі.
- •Алғашқы ботаникалық бақтар мен дәрілік өсімдіктер бақшасы қайда пайда болды.
- •Билет 6 ( 1 – бөлік )
- •1. Патриархат кезеңіне өтуге себеп болған факторлар.
- •2. Медицинадағы Самюэль Ганеманның ролі.
- •Билет 6 ( 2 – бөлік )
- •Билет 7
- •1. Жеке және жалпы фармацияның ерекшеліктері.
- •2. Хіх ғасырда фармацияның дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз
- •Билет 8
- •1. Патриархат дәуірінің негізгі көрсеткіштері.
- •2. Фитохимиялық зерттеулердің дамуы қайдан басталды
- •Билет 9
- •1. Медицина тарихындағы Панацеяның ролі.
- •2. Алғашқы фармакопея қайда және қашан шықты
- •Билет 10
- •1. Медицина тарихындағы Гигеяның ролі.
- •2. Дәрілік қалыптардың дамуы қалай басталды.
- •Билет 11
- •Ежелгі Египеттегі әлемнің негізгі элементтері.
- •2. Фармацевтикалық өнеркәсіптер қашан және қайда пайда болды және дамыды.
- •Билет 12
- •Ежелгі Египетте ауруды түсіндіретін теорияларды атаңыз.
- •2. “E.Merk” фармацевтикалық компаниясының даму тарихы.
- •Билет 13
- •Месопотамиядағы ауру туралы ілімнің ерекшеліктері туралы айтыңдар.
- •2. “Schering-Ploughs” фармацевтикалық компаниясының даму тарихы.
- •Билет 14
- •Ежелгі Египетте ауруларды емдеуде қолданылған дәрілік қалыптар.
- •Билет 15
- •Ежелгі Үндістандағы медициналық білім беру орталықтарын атаңыз.
- •2. Аптекарлық бұйрық қайда қашан шықты.
- •Ежелгі Үндістан медицинасында алтынның қолданылуы.
- •2. І Петрдің жеке дәріханалар ашу туралы бұйрығы. Кремльде алғашқы дәріхананың ашылуы.
- •Билет 16 (2 – бөлік )
- •Билет 17 Ежелгі Қытайдағы «бес алғашқы элемент» теориясының мәні.
- •Медициналық колегияның құрылуы. Ресейде алғашқы ресми фармакопеяның шығуы.
- •Билет 18
- •2.Ресейдегі латын тілінде шыққан фармакопея.
- •Билет 19
- •Ежелгі Грецияда медицинаның дамуына әсерін тигізген факторлар.
- •2. Уставқа сәйкес аптекарға қойылатын талаптар. Аптекарлық таксаның маңызы.
- •2.Уставқа сәйкес аптекарға қойылатын талаптар. Аптекарлық таксаның маңызы.
- •Билет 20 ( 1 - бөлік)
- •. «Гиппократ анты» қайда және кім қабылдады. Медицинаның атасы.
- •Билет 20 ( 2 - бөлік)
- •2.1802 Жылы құрылған Медициналық коллегияның функциясы
- •Билет 21
- •Аристотель ілімі: негізгі нұсқаулықтары.
- •1836 Жылғы аптекарлық уставтың негізгі құрылымдары.
- •Билет 22
- •Теофрастың «Өсімдіктер туралы зерттеулер» кітабы қайда және қашан шықты.
- •2.Хіх ғасырдың алғашқы жартысындағы дәріханалардың құрылысы.
- •Билет 23
- •«Асклейпейон» терминінің шығу тарихы.
- •XIX ғасырдағы дәрілік қалыптарды атаңыз.
- •Билет 24
- •Ежелгі Грецияда дәрілік шикізат қорлары және сақтау бөлмелері.
- •Дәрі-дәрмектерді белгілері бойынша топтарға бөлу қайда және қашан шықты.
- •Билет 25
- •Қазіргі заманда атақты Рим дәрігері және фармацевті Клавдий Галеннің шығармаларының мәні.
- •2.А.Б. Лесневскаяның мектебі: Ресей фармация тарихындағы маңызы.
- •Билет 26 (1 – бөлік )
- •1. Клавдий Галеннің ғылым ретіндегі фармацияның дамуына қосқан үлесі.
- •Билет 26 (2 – бөлік )
- •Билет 27 (1 – бөлік )
- •1. Диоскоридтің еңбектері.
- •2. Қаздәріхана басқармасының қашан құрылды.
- •Билет 27 (2 – бөлік )
- •Билет 28 (1 – бөлік )
- •Авиценаның (Абу-Али ибн Сина) фармацияға қосқан үлесі.
- •2. Қаздәріхана басқармасының алғашқы төрағасы кім болды.
- •Билет 28 (2 – бөлік )
- •Билет 29 (1 – бөлік )
- •Азаматтық дәріханалар мен ауруханалар қайда және қашан пайда болды.
- •2. Қазақстан фармациясының негізін салушылар кімдер.
- •Билет 29 (2 – бөлік )
- •Билет 30
- •Химияның пайда болуы: қай дәуірде және қай елде.
- •2. Қазақстан фармациясының дамуына Сакен Хасенович Субханбердиннің дамуына қосқан үлесі.
Билет 19
Ежелгі Грецияда медицинаның дамуына әсерін тигізген факторлар.
б.э.д V – VI ғасырда ежелгі грек құл иелену қоғамының, полистік құрылыстың, грек мәдениетінің көркею кезеңі басталды. Медицина мен фармацияның дамуы «философия» деген жалпы ұғымға біріктірілген басқа ғылымдармен тығыз байланысты болды.
Ежелгі грецияда медициналық ғылым көрнекті орын алады. Оның дамуы және деңгейі колониялардың өсуімен, сауданың және халықаралық байланыстардың дамуымен негізделді; эпидемиялар болып жатты, гректердің өте кең территориясы тек әскердің сананың ғана емес дәрігерлердің санының өсуін талап етті. Сондықтан грецияда Кротон қаласында, книдос және Косе аралдарында дәрігерлік кадрларды дайындайтын бір қатар мектептер ашылды.
Ежелгі Греция дәрігерлері медицинаның әсіресе фармацияның көптеген сұрақтарына жаңа шешімдер берді. Олар аурудың материалды шығу себептерінің, оның сыртқы ортамен байланысын анықтады, ауруды белгілі бір стадиялардан өтетін өзгеріп отыратын құбылыс ретінде көрсетті. Практика жүзінде осы принциптерді алғаш рет Гиппократ қолданды, оны «медицинаның әкесі» деп атайды.
2. Уставқа сәйкес аптекарға қойылатын талаптар. Аптекарлық таксаның маңызы.
Аптекарлық уставтың және аптекарлық таксаның қабылдануы.
Ресей фармациясы тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі 1789 жылғы 20 қыркүйекте аптекарлық устав пен аптекарлық таксаның шығуы болды. Аптекарлық устав дәріханашыларға маңызды талаптар қойды және дәріханадан дәрілік заттарды босатуды ретке келтірді. Аптекарлық устав 1857 жылға дейін сақталды. Аптекарлық таксада дәрілік заттарға қойылатын бағаны реттеді. Аптекарлық таксаның екінші басылымы 1800 жылы шықты. Ол алғашқы басылымынан біршама ерекшеленді.
2.Уставқа сәйкес аптекарға қойылатын талаптар. Аптекарлық таксаның маңызы.
1789 жылғы 20 қыркүйекте қабылданған дәріханашылар уставында дәріханашыларға бірнеше талаптар қойылды:
Дәріханашы сынақтан өтуі және Мемлекеттік медицина коллегиясының фармацевт лауазымына ие болуы керек.
Дәріханашыларға науқастарды қабылдауға рұқсат алмаған дәрігерлер мен емшілердің рецепті бойынша дәрілік заттарды босатуға тыйым салынды.
Дәріханашыға науқас адамдарға дәрі жазып беруге және емдеуге рұқсат етілмеді.
Аптекарлық таксаның маңызы дәрілік заттарға бағаны реттеу болды. Аптекарлық таксада дәрілерді дайындау, ұнтақтарды бөлу, шыны ыдыстарды тығындау және басқа технологиялық операциялар үшін алынатын баға белгіленді.
Билет 20 ( 1 - бөлік)
. «Гиппократ анты» қайда және кім қабылдады. Медицинаның атасы.
Дәрігердің моральдық бейнесі және этикасы туралы көзқарас Гиппократпен байланысты. «Гиппократтың антында» науқасқа қамқорлықпен және мейірбандықпен қарау, білімі мен дәрілік затты адамға зиян келтіру үшін қолданбау туралы талаптар қойылған
Ежелгі Греция дәрігерлері медицинаның әсіресе фармацияның көптеген сұрақтарына жаңа шешімдер берді. Олар аурудың материалды шығу себептерін, оның сыртқы ортамен байланысын анықтады, ауруды белгілі бір стадиялардан өтетін өзгеріп отыратын құбылыс ретінде көрсетті. Практика жүзінде осы принциптерді алғаш рет Гиппократ (460 – 377жж.) қолданды, оны «медицинаның әкесі» деп атайды.
Гиппократ дәрігерлер династиясынан шыққан – атақты дәрігердің 18 буынға дейінгі барлық руы медицинфмен айналысты. Тәжірибелерін бір ұрпақтан келесілеріне бере отырып, тұрақты отбасы мектебін құрды. Білімді ол Гераклит деп аталған әкесінен алды. Гиппократ Костағы медицина мектебінде оқыды. Гиппократ заманынан қазіргі кезге «Гиппократ жинағы» деген еңбегі жеткен, оған 7О шығармасы кірген. Гиппократтың ілімі медицинадағы идеалистикалық ілімнен түбірімен өзгеше болды. Өзінің матералистік көзқарастарымен Гиппократ абыздық медицинаны жоққа шығарды. Ол ауруды барлық ағзаның жалпы процесі деп түсінді, ағза мен процесті, онда болып жатқандарды біртұтас деп түсінуге тырысты. Гиппократ қабылдаған гуморальдық көзқарастарға сәйкес ағза өмірі төрт шырынмен: қан, шырыш(флегма), сары өт шырыны және қара өт шырынымен анықталады. Бұл шырындардың негізінде табиғаттың төрт бастауының әртүрлі бірігуі жатыр: жылының, суықтың, құрғақтың, ылғалдылықтың. Төрт шырынның әрқайсысына белгілі бір «темперамент» сәйкес келеді: қанға – сангвинистік, шырышқа – флегматикалық, сары өтке – холералық, қара өтке – меланхолиялық. Осы заттардың сандық өзгерісі адам ағзасында ауру тудырады. «Гиппократ жинағында» көрініс тапқан фармакотерапия Ежелгі Грециядағы фармация туралы мәліметтердің негізгі көзі болып табылады. Гиппократ еңбектері: «Дәрігер анты», медициналық деректердің шығармасы,«Гиппократтың жинағы», еңбектер «Ауалар, сулар және аймақтар », «Эпидемиялар», «Болжамдар», «Афоризмдер»,«Сынықтар», «Бастың жаралары туралы». 3. Гиппократ дәрігерлер династиясынан шыққан – атақты дәрігердің 18 буынға дейінгі барлық руы медицинамен айналысты. Тәжірибелерін бір ұрпақтан келесілеріне бере отырып, тұрақты отбасы мектебін құрды. Білімді ол Гераклит деп аталған әкесінен алды. Гиппократ Костаға медицина мектебінде оқыды. Гиппократ заманынан қазіргі кезде «Гиппократ жинағы» деген еңбегі жеткен, оған 70 шығармасы кірген.
Гиппократтың ілімі медицинадағы идеалистік ілімнен түбірімен өзгеше боды. Өзінің материалистік көзқарастарымен Гиппократ абыздық медицинаны жоққа шығарды. Ол ауруды барлық ағзаның жалпы процесі деп түсінді, ағза мен процесті, онда болып жатқандарды біртұтас деп түсінуге тырысты. Гиппократ қабылдаған гуморальдық көзқарастарға сәйкес ағза өмірі төрт шырынмен: қан , шырыш(ФЛЕГМА), сары өт шырыны және қара өт шырынымен анықталады. Бұл шырындардың негізінде табиғаттың төрт бастауының әртүрлі бірігуі жатыр: жылының, суықтың, құрғақтың, ылғалдықтың. Төрт шырынның әрқайсысына белгілі бір «темперамент» сәйкес келеді: қанға - сангвинистік, шырышқа – флегматикалық, сары өтке – холералық, қара өтке – меланхолиялық. Осы заттардың сандық өзгерісі адам ағзасында ауру тудырады. «Гиппократ жинағында» көрініс тапқан фармакотерпия Ежелгі Грециядағы фармация туралы мәліметтердің негізгі көзі болып табылады.
Гиппократ өз практикасында шөппен емдеуге аса көңіл бөлді. ОЛ дәрілік заттардың табиғатын сақтап қалу үшін оларды сақтау және буып-түю әдістерін жасады, оны көне дәріханалар қазбасынан байқауға болады. Гиппократ қан шығару мен банка қоюды қолданған. Ол ағзаның реакциясын ескеруді, мұқият болуды, асықпауды және бір дәріні екіншісімен тез ауысиырмауды ұсынды.
