Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

Билет 18

«Вайдурья-онбо» трактындағы дәрілік заттар тобын атаңыз

1. Шығыс елдерінің медицинасы мен фармациясының дамуында тибет медицинасы ерекше орын алады. Оның негізінде ежелгі Шығыс – Үнді, Персия және Қытай медицинасының жетістіктері жатыр. Тибет медицинасының дәрілік терапиясының негізінде келесі қағида жатыр. «Табиғатта дәрі ретәнде қолданылмайтын зат жоқ. Егер табиғатқа дәрілік заттарды іздеген дәрігердің көзімен қарасақ, біз дәрі әлемінде тұрамыз деп айта аламыз». Шынымен де Тибет медицинасы мен фармациясы адамды қоршаған өсімдік, жануар және минерал әлемін пайдаланады. «Вайдурья -онбо» трактында дәмдік қасиеттеріне бойынша біріктірілген дәрілік заттардың 98 тобы берілген. Мысалы, тәтті дәрілік заттардың тобында орал миясы, жүзімнің әртүрлі түрлері, қант қамысы берілген. Қышқыл дәрілік заттар тобында - анар ағашы , қытай айвасы, қымыз берілген. Тұзды дәрілік заттар тобында – минералды тұздар. Күйдіргіш дәрілік заттар тобында – қара бұрыш, дәрілікимбирь, сарымсақ. Ащы дәрілік заттар тобында – горечавка, әртүрлі жапырақты борец, байкал шлемнигі, мускус, мумие. Дәрілік заттың емдік қасиетін анықтайтын фактор ретінде дәмдік қасиеттері тағам өнімдерін дені сау және науқас адамдарға ұсыну кезінде негіз болды. Тәтті, қышқыл және күйдіргіш дәрілер, тибет дәрігерлерінің пікірінше, жүйке жүйесінің бұзылысын емдейді (рлунг). Ашы,уландыратын және тәтті заттар – қан айналу жүйесіне (мкхрис), күйдіргіш, қышқыл, тұзды заттар – гуморальды және эндокринді жүйеге (бадкан).

Тибет фармациясы шөптерден, жануарлардан, бағалы тастардан, топырақтан, ағаштар мен оның бөліктерінен – түбірлерінің, қабығынан, діңгегінен, бұтағынан, жапырақтарынан, гүлдері мен жемістерінен алынған дәрілерді пайдаланды. Өсімдіктерден алынған әртүрлі шырындар қолданды.

Индо-тибет медицинасының емдеу жүйесінде емдеудің физикалық әдістеріне көп көңіл бөлінген: емдік тазалау клизмалары, ішекті шаю, гидропроцедуралар, минералды және емдік ванналар, қан шығару, күйдіру, инемен түйреу.

2.Ресейдегі латын тілінде шыққан фармакопея.

Ғылым академиясының дәрілік өсімдіктер флорасын және халық медицинасын зерттеу бойынша экспидициясының нәтижелері, дәрігерлер мен дәріханашылардың көп жылғы тәжірибесі латын тілінде тұңғыш Жалпымемлекеттік орыс фармакопеясын дайындауға және шығаруға мүмкіндік берді (1778 жыл). Фармакопеяда 770 дәрілік зат кірді. 1793 жылы латын тілінде екінші орыс фармакопеясы шықты. 1802 жылы ол орыс тіліне аударылып басылды. Фармакопеяның мақсаты – дәрігерлер мен фармацевттерді дәрілік шикізаттармен таныстыру болды.

1763 жылы ІІ Екатеринаның жарлығымен Ресейде Медициналық канцелярияның орнына Медициналық коллегия тағайындалды. Оның алдындағы міндет – дәрігерлер мен дәріханашылардың отандық кадрларын дайындау, Ресей фармакопеясын шығару, оны көп экземплярда басып шығару және оны мекемелер мен жеке тұлғаларға тарату болды.

Орыс армиясының көбеюіне және нығаюына, әскери бөлімшелерде медицина бөлімшелерінің ашылуына байланысты Медицина коллегиясы өзінің қызметін полктік дәріханалар үшін Әскери фармакопеяны шығарумен бастады, ол 1765 жылы латын тілінде шықты. Ол «Pharmocopoea Castrensis continens titulos et deschptions medicamentorum in cistis chirurgoram» деп аталды («Хирургтардың жәшігінде болатын дәрілердің аты және сипаттамасы берілген әскери фармакопея»).

1783 жылы Ресейде тарихта бірінші рет орыс флотының дәрігерлері үшін «Ресей флоты үшін дәріхана немесе корабль рангы бойынша алты ай вояжда корабль жәшігінде болуға тиіс дәрілердің жазбасы» деген атпен әскери-теңіз флотының фармакопеясы шықты.

1793 жылы Медициналық коллегияның президенті болып ІІ Екатерина кезеңінің көрнекті төресі А.И.Васильев тағайындалды (1742-1807), ол Ресейде медициналық білімнің дамуына мүмкіндік жасады. 1798 жылы латын тілінде екінші орыс фармакопеясы шықты Pharmocopoea Bossia.