Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

Билет 17 Ежелгі Қытайдағы «бес алғашқы элемент» теориясының мәні.

  1. . Ежелгі Қытайдағы дәрітану. Дәстүрлі қытай медицинасының негізі бес «алғашы элемент» (металл, су, ағаш, от, жер) туралы ежелгі қытайдың философиялық ілімі болып табылады. Ес бастысы ретінде қарама қарсы емдеу принципі қабылданды, яғни ыстық этиологиялы ауруларды суықпен емдеді және керісінше. Негізінен ежелгі қытай медицинасында өсімдік текті дәрілік заттарды қолданды. Ежелі Қытайдың медицинасы туралы ең көп тараған «Ней-цзин» - «Ішкі құрылыс туралы трактат» дерек көзінде белгілі бір принципке сәйкес тағайындалған дәрілік өсімдіктердің 900 атауы берілген. Ежелгі Қытайда дәрілік заттарды фармакологиялық қасиеттері бойынша жіктеу алғаш жасалды. Іш жүргізетін, түшкіртетін, қан шығаратын және басқа да заттар жеке топтарға бөлінді. Ежелгі қытай емшілерінің арқасында, әлемдік фармакопеяға қоршаған табиғаттан көптеген дәрілік заттар енгізілді. Терапия дәрілерді мұқият таңдаумен және жіктеумен ерекшеленді.

  1. Медициналық колегияның құрылуы. Ресейде алғашқы ресми фармакопеяның шығуы.

1736 жылы ІІ Екатеринаның жарлығымен Медициналық канцелярияның орнына Медициналық коллегия құрылды. Оның негізгі міндеті – отандық дәрігерлер мен дәріханашылар кадрын дайындау, Ресей фармакопеясын құру, оны көп мөлшерде шығарып тарату болды. Армия санының өсуіне, әскери бөлімшелерде медицина бөлімдерінің құрылуына байланысты Медициналық коллегия өз қызметін полк дәріханаларына арналған Әскери фармакопеяны шығарудан бастады, ол 1765 жылы латын тілінде басылып шықты. Медициналық коллегия бірінші Әскери фармакопеяны жасау кезінде алфавиттік жүйені қолданды және дәрігерлердің оң пікіріне ие болған, емдеу практикасында өздерін ақтаған дәрілік заттар ғана таңдалып алынды. Фармакопеяның бірінші бөліміне 191 дәрілік зат кірді, оның 82 дәрілік өсімдіктер, 88 – гален препараттары, қалғандары химиялық препараттар. Химиялық препараттар дәріханада дайындалды, олардың ішінде сынап және сурьма препараттары маңызды орын алды. Фармакопеяның екінші бөлімі 47 күрделі дәрілік қалыптың жазбаларын қамтыды (пластырлар, жағылмалар). Фармакопеяда сонымен бірге полк дәрігеріне қажетті хирургиялық саймандардың тізімі берілді. Фармакопеяның екінші басылымы 1779 жылы шықты. Ғылым академиясының дәрілік өсімдіктер флорасын және халық медицинасын зерттеу бойынша экспедициясының нәтижелері, дәрігерлер мен дәріханашылардың көп жылғы тәжірибесі латын тілінде тұңғыш жалпы мемлекеттік орыс фармакопеясын дайындауға және шығаруға мүмкіндік берді (1778 жыл). Фармакопеяға 770 дәрілік зат кірді, оның ішінде: 316 - өсімдік текті, 29 – жануарлардан алынған, 147 – химиялық және 278 күрделі қоспалар жазбасы. 1793 жылы латын тілінде екінші орыс фармакопеясы шықты. 1802 жылы ол орыс тіліне аударылып басылды. Фармакопеяның мақсаты – дәрігерлер мен фармацевтерді дәрілік шикізаттармен таныстыру болды. Фармакопеяда экстрактардың, дәрілік сулардың, сироптардың, пластырлардың, жағылмалардың, бальзамдардың, балауыздардың, сабындар мен спирттердің дайындау әдістері сипатталды. 1798 жылы латын тілінде екінші орыс фармакопеясы шықты Pharmocopoea Bossia