Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

2. І Петрдің жеке дәріханалар ашу туралы бұйрығы. Кремльде алғашқы дәріхананың ашылуы.

Дәріхана ісін кеңейту мақсатымен І Петр 1701жылы жарлық шығарды, онда «жеке дәріхана ашқысы келетін кез келген орыс немесе шетелдік, үкіметтің рұқсатымен ақысыз орын және өзінің мекемесін мұраға қалдыру грамотасын алады» деп көрсеткен. Алғашқы қазыналық дәріхана Петербургте 1704 жылы ашылды. Кейіннен бұл дәріхана бас дәріхана деп аталды. Ресейдегі дәріхана желісі біртіндеп кеңейе берді. 1843жылы 1302 дәріхана болса, 1910жылы дәріханалар саны 4523-ке жетті. тигізді.

Ресейде ХVІІІ ғасырдың басы І Петрдің қайта өзгерістерімен байланысты болды. Қуатты

Билет 16 (2 – бөлік )

тұрақты армия пайда болды, әскери және сауда теңіз флоты құрылды, жаңа мануфактуралар пайда болып, ақша жүйесі реформаланды. 1703 жылы Ресейдің жаңа астанасы Санкт-Петербургтың құрылысы басталды. Елдің экономикалық, мемлекеттк және мәдени өмірін қамтыған Петрдің өзгерістері медициналық және фармацевтикалық ғылым мен практикаға да өз әсерін тигізді. Медицина саласындағы негізгі реформалардың бірі госпитальдардың және емшілер мен дәріханашыларды дайындайтын арнайы мектептердің ашылуы. Петр Англияда, Голландияда, Францияда болған кезінде дәріханалық істі жүргізумен танысады және Ресейде оны жүзеге асыру бойынша бірқатар іс-шараларды жүргізеді. 1715 жылы Петербургте матростар мен солдаттарға арналған «генералдық госпиталь» ашылды. Әскери дәріханалардың қызметін «Әскери Устав» регламенттеді. Дәріхана ісін кеңейту мақсатымен І Петр 1701 жылы жарлық шығарды, онда «жеке дәріхана ашқысы келетін кез келген орыс немесе шетелдік, үкіметтің рұқсатымен ақысыз орын және өзінің мекемесін мұраға қалдыру грамотасын алады», деп көрсеткен. Алғашқы қазыналық дәріхана Петербургте 1704 жылы ашылды. Кейіннен бұл дәріхана Бас дәріхана деп аталды. Ресейдегі дәріхана желісі біртіндеп кеңейе берді, 1843 жылы 1302 дәріхана болса, 1910 жылы дәріханалардың саны 4523-ке жетті. 1714 жылы императордың жарлығымен «Дәріханалық бақтың» негізі қаланды. Ол бірнеше ондаған жылдар бойы қазыналық дәріханаларды дәрілік өсімдіктермен қамтамасыз етіп тұрды, ал 1735 жылдан бастап онда өсімдіктердің коллекциясын құру бойынша жұмыстар жүргізіле бастады, ол медициналық мектептің оқушыларына ботаника мен фармакогнозияны оқып-үйрену үшін негізгі база болды. ХVІІІ ғасырдың аяғына қарай әрбір дәріхананң өзінің дәріханалық бағы болды. І Петр кезінде дәріханалық бақтардың негізі қаланумен бірге жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеу жақсы дамыды. Осы мақсатпен елдің әртүрлі региондарындағы дәрілік өсімдіктерді зерттеу үшін экспедициялар құрылды. Бас дәріханадан жіберілетін «дәрілік заттар» реестрі сол кезде қолданылған дәрілік заттардың ассортименті әртүрлі болғанын көрсетеді. Ол жағылмалардың, тұндырмалардың, пластырлардың, эссенциялардың, экстрактардың, ұнтақтардың майлардың 160 атауын біріктіреді. 1717 жылы І Петр Парижде құрал-саймандар шебері Этьен Стефан Луботьемен келісім бекітті. 1718 жылы шебер Петербургке келді және Медициналық канцелярияның штатына алынды. 1719 жылы патшаның жарлығымен дәрі жасауға қажетті саймандар шығарыла бастады, бұл Ресейде медициналық өнеркәсіптің дамуына жол ашты. Ресейдегі медицина мен фармацияның дамуындағы үлкен оқиға 1725 жылы І Петрдің дайындауымен Ғылым академиясының ашылуы болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]