
- •Билет 1
- •1. «Фармация тарихы» түсінігінің анықтамасы.
- •2. Араб алхимигі ар-Разидің қызметі.
- •Билет 2
- •1. Фармация тарихының мәні.
- •2. Алхимияның жағымды және жағымсыз жақтары.
- •Билет 3
- •Фармация және медицина тарихын оқып-үйренуде қолданылатын дерек көздері.
- •Хvііі ғасырда фармацияның дамуына үлесін қосқан негізгі ғалымдарды атаңыз.
- •Билет 4
- •Фармация терминнің шығуы.
- •Қайта өрлеу дәуіріндегі дәрілік өсімдіктерді кім зерттеді.
- •Билет 5
- •Адамзат кеселдерін алғашқы емдеушілер ретіндегі әйелдің ролі.
- •Алғашқы ботаникалық бақтар мен дәрілік өсімдіктер бақшасы қайда пайда болды.
- •Билет 6 ( 1 – бөлік )
- •1. Патриархат кезеңіне өтуге себеп болған факторлар.
- •2. Медицинадағы Самюэль Ганеманның ролі.
- •Билет 6 ( 2 – бөлік )
- •Билет 7
- •1. Жеке және жалпы фармацияның ерекшеліктері.
- •2. Хіх ғасырда фармацияның дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз
- •Билет 8
- •1. Патриархат дәуірінің негізгі көрсеткіштері.
- •2. Фитохимиялық зерттеулердің дамуы қайдан басталды
- •Билет 9
- •1. Медицина тарихындағы Панацеяның ролі.
- •2. Алғашқы фармакопея қайда және қашан шықты
- •Билет 10
- •1. Медицина тарихындағы Гигеяның ролі.
- •2. Дәрілік қалыптардың дамуы қалай басталды.
- •Билет 11
- •Ежелгі Египеттегі әлемнің негізгі элементтері.
- •2. Фармацевтикалық өнеркәсіптер қашан және қайда пайда болды және дамыды.
- •Билет 12
- •Ежелгі Египетте ауруды түсіндіретін теорияларды атаңыз.
- •2. “E.Merk” фармацевтикалық компаниясының даму тарихы.
- •Билет 13
- •Месопотамиядағы ауру туралы ілімнің ерекшеліктері туралы айтыңдар.
- •2. “Schering-Ploughs” фармацевтикалық компаниясының даму тарихы.
- •Билет 14
- •Ежелгі Египетте ауруларды емдеуде қолданылған дәрілік қалыптар.
- •Билет 15
- •Ежелгі Үндістандағы медициналық білім беру орталықтарын атаңыз.
- •2. Аптекарлық бұйрық қайда қашан шықты.
- •Ежелгі Үндістан медицинасында алтынның қолданылуы.
- •2. І Петрдің жеке дәріханалар ашу туралы бұйрығы. Кремльде алғашқы дәріхананың ашылуы.
- •Билет 16 (2 – бөлік )
- •Билет 17 Ежелгі Қытайдағы «бес алғашқы элемент» теориясының мәні.
- •Медициналық колегияның құрылуы. Ресейде алғашқы ресми фармакопеяның шығуы.
- •Билет 18
- •2.Ресейдегі латын тілінде шыққан фармакопея.
- •Билет 19
- •Ежелгі Грецияда медицинаның дамуына әсерін тигізген факторлар.
- •2. Уставқа сәйкес аптекарға қойылатын талаптар. Аптекарлық таксаның маңызы.
- •2.Уставқа сәйкес аптекарға қойылатын талаптар. Аптекарлық таксаның маңызы.
- •Билет 20 ( 1 - бөлік)
- •. «Гиппократ анты» қайда және кім қабылдады. Медицинаның атасы.
- •Билет 20 ( 2 - бөлік)
- •2.1802 Жылы құрылған Медициналық коллегияның функциясы
- •Билет 21
- •Аристотель ілімі: негізгі нұсқаулықтары.
- •1836 Жылғы аптекарлық уставтың негізгі құрылымдары.
- •Билет 22
- •Теофрастың «Өсімдіктер туралы зерттеулер» кітабы қайда және қашан шықты.
- •2.Хіх ғасырдың алғашқы жартысындағы дәріханалардың құрылысы.
- •Билет 23
- •«Асклейпейон» терминінің шығу тарихы.
- •XIX ғасырдағы дәрілік қалыптарды атаңыз.
- •Билет 24
- •Ежелгі Грецияда дәрілік шикізат қорлары және сақтау бөлмелері.
- •Дәрі-дәрмектерді белгілері бойынша топтарға бөлу қайда және қашан шықты.
- •Билет 25
- •Қазіргі заманда атақты Рим дәрігері және фармацевті Клавдий Галеннің шығармаларының мәні.
- •2.А.Б. Лесневскаяның мектебі: Ресей фармация тарихындағы маңызы.
- •Билет 26 (1 – бөлік )
- •1. Клавдий Галеннің ғылым ретіндегі фармацияның дамуына қосқан үлесі.
- •Билет 26 (2 – бөлік )
- •Билет 27 (1 – бөлік )
- •1. Диоскоридтің еңбектері.
- •2. Қаздәріхана басқармасының қашан құрылды.
- •Билет 27 (2 – бөлік )
- •Билет 28 (1 – бөлік )
- •Авиценаның (Абу-Али ибн Сина) фармацияға қосқан үлесі.
- •2. Қаздәріхана басқармасының алғашқы төрағасы кім болды.
- •Билет 28 (2 – бөлік )
- •Билет 29 (1 – бөлік )
- •Азаматтық дәріханалар мен ауруханалар қайда және қашан пайда болды.
- •2. Қазақстан фармациясының негізін салушылар кімдер.
- •Билет 29 (2 – бөлік )
- •Билет 30
- •Химияның пайда болуы: қай дәуірде және қай елде.
- •2. Қазақстан фармациясының дамуына Сакен Хасенович Субханбердиннің дамуына қосқан үлесі.
2. Аптекарлық бұйрық қайда қашан шықты.
XV-XVI ғасырда Русь өзінің қайта өрлеу кезеңің басынан кешірді. XV ғасырда Мәскеуде италия, неміс және басқа да батысеуропалық архитекторлар, ағылшын және голланд дәрігерлері мен дәріханашылары келді. Иван Грозный кезінде Дәріханалық палата жұмыс жасады, Борис Годунов кейін оны Дәріханалық приказ деп қайта құрды. Дәріханалық приказдың арасында шетелдік мамандар көп болды. Олар тек патша маңындағыларды емдеді. Дәріханалық приказ штатында докторлар, дәріханашылар, емшілер, окулистер, алхимистер, шөппен емдеушілер, аудармашылар және емшілер мен дәріханашылардың оқушылар болды. Доктор деп университеттік білімі және медицина докторының дипломы бар дәрігерлерді атады. Дәріханашылар патшаға және отбасы мүшелеріне докторлардың рецепті бойынша дәрілер дайындады. Дәріханашылардың міндеті сонымен бірге дәріханаға келетін медикаменттерді қабылдау, жылына екі немесе үш ретдәрілік заттар қорына ревизия жүргізу де келді. Докторлармен бірге дәріханашылар медикаменттерге талап құрастырды, дәрілерді әкелу үшін шетелдерге барды. Дәріханалық приказ құрамында алхимиктерде болды, олар спирттерді айырумен, өсімдіктерден эфир майларын алумен, тұндырмаларды, хош иісті суларды дайындаумен айналысты. Алхимиктердің жұмысына дәріханашылар жетекшілік жасады. Дәріханалық приказдың барлық қызметкерлері патшаның бұйрығымен жұмысқа алынды және босатылды. 1581 жылы Иван Грозный патшалық етіп тұрған кезде Мәскеуде Джемс Френшам деген ағылшын алғашқы орыс дәріханасының негізін қалады.
Билет 16 (1 – бөлік )
Ежелгі Үндістан медицинасында алтынның қолданылуы.
Ежелгі мифтерде ұста-құдай Вулканның ұстаханасын Кавказда орналасуы кездейсоқ емес. Темір қолөнершіге осыған дейінгі белгілі ешбір металл, ешбір тас қарсы тұра алмайтын өткірлік пен қаттылық аспабын берді. Алғашқы қауымдық құрылыстың әртүрлі стадияларында темір әшекей үшін қолданылды, кейінірек еңбек құралдары мен қару-жарақ жасау үшін қолданылды. Кейбір региондарда адамдар металдардың кейбір қасиеттерімен, мысалы, балқығыштығымен таныс болды. Ескі халықтың тілінде металдардың аттары космостық құбылыстармен байланысты болды. Алтын мысалы, күн металы немесе жай ғана күн деп аталды. «Aurum» деген аты латынның «aurora» - таңғы шапақ сөзінен шыққан. Ежелгі египеттіктер, армяндар және басқа да халықтар метеориттік темір туралы да білді, олар оны «аспаннан құлаған» «аспаннан тамған» деп атады. Жануарлардың кейбір органдарының емдік қасиеттері анықталды (бауыр, май, қан). Майды денеге молынан жағып алу адамды тоңудан сенімді қорғады. Патриархат дәуірінде адам түсті металдар мен темірді алудың және өңдеудің ірі орталықтарын құрды. Металлургиялық дағдыларды әртүрлі тайпалар игере бастады, ал бұл пышақ және скальпель сияқты саймандардың жасалуына алып келді.
Ежелгі Үндістанда алтын ең күшті нығайтатын зат ретінде есептелді. Қолдану үшін оны жұқа жапырақша түрінде дайындады, қыздырды, сонан кейін сүтте, майда және басқа да сұйықтарда сөндірді, сонан соң дәрі ретінде қолданылды. Осындай әдіспен күміс, мыс, темір, қорғасын, қалайы, мырыш, күкіртті сурьма және мышьяк дайындалды.
Дәрілік терапиямен қатар Ежелгі Үндістанда ауруды емдеудің хирургиялық әдістері, гигиеналық шаралар қолданылды, шешекке қарсы егу жүргізілді, алапес ауруын емдеуде ауруларды изоляциялау (бөлектеу) қолданылды. Үнді дәрігерлері аяқ-қолдарға ампутация жасады, катарактыны алып тастады, пластикалық операцияларды жүргізді. Сынықтарды емдеу кезінде созу, түзету, қозғалыссыз таңғыштар, бамбуктан жасалған шиналар қолданылды. Қанды тоқтату үшін үнді дәрігерлері суықты, ыстық суды, күлді қолданды. Жараны сиыр майымен сіңірілген жібек және жүн бинттермен таңды, теріден, кейбір өсімдіктердің ағаш қабығынан жасалған таңғыштарды қолданды.
Ежелгі Үндістандағы дәрігерлерді дайындау жүйесі көңіл аударуға тұрарлық: сабақ беруді жоғары манапты тәлімгерлер жүргізді. Тәлімгер жоғары салттық сапалық көрсеткіштерді игеруі, сонымен бірге оқушыларға оқытылатын медицинаның барлық бөлімдері бойынша үздік арнайы дайындығы болуы керек. Әрбір тәлімгерде үштен төртке дейін оқушысы болды. Теория және практика тұрақты түрде оқытылды және ауруларға барып тұрды. Хирургиялық операциялардың дағдыларына оқушыларды әртүрлі макеттерде оқытты (шырынды жемістер, бадана, балауыз құйылған тақталар). Оқуды бітіргеннен кейін оқушы науқасқа адамгершілікпен қарауды, науқасқа барлық уақытта көмекке келуді, қарапайым өмір сүруді талап ететін міндеттемені қабылдады. Әрине дәрігерлер ең алдымен парасатты касталарға қызмет көрсетті.