Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм тарих 2 этап_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.63 Кб
Скачать

2. “E.Merk” фармацевтикалық компаниясының даму тарихы.

Дәріханашы Е.Мерк (1794-1855) Дармштадтағы «Е.Мерк» кәсіпорнының негізін қалаушы болды. «Е.Мерк» фирмасы қазірге дейін бар. Негізін қалаушы өмірден қайтқаннан кейін 1855 жылы фирмада 55 адам жұмыс істеді, ал 1900 жылы- мыңға жуық адам жүмыс істеді. «Мерк» (Германия) фирмасы шығарған құрамында 99,0% кем емес негізгі заты бар 1- сулы цетилпиридиний хлориді немесе осы тәріздес квалификациялы реактив.

Билет 13

  1. Месопотамиядағы ауру туралы ілімнің ерекшеліктері туралы айтыңдар.

Месопаотамиядағы медицина мен дәрітанудың дамуы туралы алғашқы мәліметтер Вавилон мемлекеті жоғары көтеріле бастаған б.э. дейінгі ІІІ мыңжылдықтан басталады. Кейіннен б.э.д. І мыңжылдықта Месопотамияның солтүстік-шығыс бөлігінде Ассирия бой көтерді. Осы мемлекеттердің ішінде шаруашылық және мәдениеттің дамуыныда, сонымен бірге медицина мен дәрітанудың дамуында басымдық Вавилонға тиісті болды. Месопотамияда аспандағы құбылыстардан дені сау ағзадағы барлық процестер және науқастағы барлық өзгерістер тәуелді болады деген көзқарас кеңінен тарады. Эпидемиялық аурулардың барысы солармен анықталды. Барлық емдік шараларды жүргізгенде аспан шырақтарының қозғалысы ескеріліп отырды. Адам ағзасындағы өзгерістерді түсіндіру үшін табиғаттағы оқиғаларды салыстыру жүргізілді: денеге қанның сіңуін жердің өзендермен қанығуымен, ағзаға тән жылылықты күннің өсіп жатқан нанға тигізетін әсерімен салыстырылды, тыныс алу функциясы желмен теңестірілді. Осыған байланысты ағзада паразит түрінде өмір сүретін және вавилондық дәрігерлердің пікірінше шіріген заттардан шығатын құрттар ауру тудыруы мүмкін, олар осыған ұқсас басқа да аурулардың пайда болуын түсіндіруге тырысты. Мұнымен қатар ағзаның өмірлік көріністерінде маңызды рольді адам денесінде айналыста болатын сұйықтар, әсіресе қан атқарды. Осылай, ежелгі вавилондықтарда ауруды түсіндіретін әртүрлі теориялардың қоспасын көреміз: демондық, космостық, паразитарлық және гуморальды-патологиялық. Ауру туралы мұндай көзқарастар емдік шараларды да негіздейді. Тұмарлар, талисмандар, дұға мен дуа жазылған тақтайшалар, мейірімді әруақтардың идолдары кеңінен қолданылды. Вавилондықтар мен ассирийецтердің дәрілік қоры табиғаттың барлық үш патшалығынан жиналған: өсімдік, жануар және минералды. Науқастарды емдеу кезінде сонымен бірге су мен май көп қолданылған. «Дәрігер» сөзі тікелей аударғанда «суды білуші» немесе «майды білуші» дегенді білдіреді. Әртүрлі өсімдіктердің бүршіктері, жануарлар майы, мұнай қолданылды. Дәрілер ішке қолдану үшін өсімдіктерден дайындалған тұнба және қайнатпа түрінде тағайындалды. Сыртқа қолдануға арналған жағылмалар мен пасталар дайындалды, компресс, ысқылау, клизма және ванналар тағайындалды. Үгу және су қую қолданылды, қан соратын банкілер қойылды және қан шығару қолданылды. Дәріні аш қарынға және тамақтан кейін қолдану бөлінді. Кейбір жағдайларда дәріні қабылдау үшін арнайы ыдыстар қолданылды.  Дәрілерді дайындау үшін қайнату, еріту, араластыру, сүзу, майдалау сияқты процестер қолданған.