
- •Cтуденттің оқу-әдістемелік кешені
- •050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы үшін «Кәсіпшілік жабдықтарын есептеу және конструкциялау» пәні боынша
- •1.2 Пән жайлы мәліметтер:
- •1.4 КжЕжК (РиКпо)
- •1.5 Пәннің мақсаттары және нысаналары
- •1.5.1 Пәннің сабақ беру нысаны
- •1.5.2 Пәннің оқу мақсаттары
- •1.5.4 Пәнді оқыған бакалавр келесіні білуге тиіс:
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері, тізімі және оларды орындау реті.
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Әдіс саясаты
- •2 Материалдың мазмұны
- •2.1 Курстың тематикалық жобасы
- •2.2 Лекциялық сабақтардың конспекттері
- •Конструкцияларды жетілдіру үшін керекті бастапқы мәліметтер
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмысшы дөңгелектің ағын каналын есептеу Ортадан тепкіш сораптың жұмысшы дөңгелегін есептеудің мысалы
- •Сораптың гидравликалық бөлігін жобалаудың негіздері
- •Ұңғылық ортадан тепкіш электросораптар
- •7 Дәріс. Ұңғылық гидропоршеньді сорап қондырғылары.
- •Дәріс 10. Іргелі және ағынды жөндеу үшін арналған агрегаттар
- •Дәріс 11. Мұнай өндіруді интенсификациялауға арналған жабдықтар
- •Автомобильдің берілістер қорабы; 2-қуатты алу қорабы; 3-сорап; 4-редуктор; 5-автомобильдің таратушы қорабы.
- •Модуль 5. “Ішкі кәсіпшілік транспортты жинауға және ұңғы өнімдерін дайындауға арналған жабдықтар” Дәріс 14. Өндірілетін газды дайындауға және сақтауға арналған жабдықтар.
- •2.3 Практикалық тапсырмалардың жоспары
- •1.Практикалық тапсырма №1. Пакерлерді есептеу
- •2.4. Зертханалық сабақ жоспары
- •2.5 Оқутышы басқаруымен студенттердің өздік жұмысы кезіндегі сабақтардың жобасы.
- •2.5.2 Сөж студеттің өзіндік жұмысы жөніндегі жоспары.
- •2.6 Өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмалар:
- •Білімді бағалау критериі
- •Глоссарий
- •050724–Технологиялық машиналар және жабдықтар
Глоссарий
Ұңғыма – жер қыртысын арнайы бұрғылау аспаптармен қазылатын, диаметрі тереңдігінен әжептәуір кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны. Ұңғылар тік немесе көлбеген-бағытталған болады.
Өндіруші ұңғы – газды, конденсатты немесе мұнайды өндіруге арналған ұңғы.
Айдаушы ұңғы – қабатқа суды немесе басқа сұйықтарды айдауға арналған ұңғы, және де тау-кен жыныстырында газды сақтау үшін.
Барлау ұңғы - мұнайлы, газды қабатты немесе басқа да қабаттарды, горизонттарды аңықтау үшін арналған ұңғы.
Бақылаушы ұңғы – қабатты және қабат сұйықтарын зерттеу және бақылау үшін арналған ұңғы.
Пьезометриялық ұңғы – қабат қысымдарын ұстап тұру процесстерін бақылап тұратын ұңғы.
Бағалау ұңғы – мұнайлы қабаттарды бағалау үшін және мұнайлы контурлардың орналасу орның дәлдеу үшін арналған ұңғы.
Су алатын ұңғы – бұрғылау қондырғылардың суару және қабаттарға суды айдау ұңғылары.
Жұтушы ұңғы – терең жататын қабаттарға бұралқы суды төгу ұңғысы.
Жандырушы ұңғы – игерудің жылулық әдістерін қолданған кезде мұнайдың жер асты жану ошақтарының пайда болу ұңғысы.
Атпа тау жыныстары – магманың қатып қалуынан пайда болған жыныстар.
Шөгінді жыныстар – органикалық және минералдық заттардың тұнуы нәтижесінде пайда болған жыныстар.
Кеніш – бір немесе бірнеше байланысқан қабаттардың ловушкасында мұнай және газдың жиналуы.
Кен орны – Бір территорияда орналасқан бір немесе бірнеше кеніштер.
Қабат қысымы – Қабаттағы газбен сұйықтағы қысым.
Кеніштерді игеру жүйесі – кеніштерді игеру процессіне әсер ете алатын шаралар жиынтығы.
Игеру жүйесін реттеу – Бұл жүйені жақсарту үшін керекті шаралардың комплексі.
Торпедамен басу – Ұңғыны бөтен заттардан тазарту үшін және мұнай мен газдың ағуын жақсарту үшін арналған жарылу заттардың зарядтарын жару.
Дроссельдеу – Гидравликалық кедергіні өткен кезде жылуды бағыттаусыз және де сыртқы жұмыс жасаусыз ағындағы қысымның азаю процессі.
Абсолютті ылғалдылық – қалыпты жағдайдағы газдың м3-дағы су булардың құрамы.
Абсорбция – газдың сұйық жұтушының массасы (абсорбент) арқылы өткенде буды немесе басқа компоненттерді жұту процессі.
Адгезия – жабысу, беттік созылудың күштерін пайдалану және оларды газдан тамшылы сұйықты және механикалық бөлшектерді шығарып жіберуге қолдану.
Адсорбция – Газдан су буын немесе басқа компоненттерді қатты жұтушылар арқылы шығарып алу.
Барботаж – интенсивті араласу немесе жұту үшін сұйық арқылы қысым астындағы газды өткізу.
Газды фактор – мұнай қабатынан шығарылатын газдың жалпы саны.
Су глобулы – дисперсті ортада буқұраушы бөлшек.
Деэмульгаторлар- мұнай эмульсияларын жоюға арналған беттік активті заттар.
Эмульгаторлар-эмульсияның, асфальтенаның, нафтснаның, шәйірдің, парафиннің, тұздың және механикалық қоспалардың құралуына көмектесетін заттар.
Эжектор- газдың қысымын көбейту үшін арналған ағысты аппарат.
Шлам – кішкентай қатты бөлшектер түріндегі тұнба, ол сұйықтың фильтрациясы немесе тұрып қалу кезінде бөлінеді.
Сепарация – фазалардың бөлінуі, мұнайлы ұңғылардың өнімінің газдық және сұйық фазаларына бөліну процессі.
Ұңғылық өнім – ұңғыдан шығатын көпқұрамды зат, ол мұнайдан, қабат судан, әр түрлі қоспалардан және ерітілген газдан тұрады.
Тұрақтану (стабилизация) – тұрақты мұнайды алу процессі, олар атмосфераға буланбайды.
Шикі мұнай – ұңғыдан дайындау қондырғысына түсетін мұнай.
Тауарлы мұнай – нормаларға сәйкес сапасына дейін жеткізілген, дайындалған мұнай.
Окклюдталған газ – мұнайда бөлек көпіршек түрінде шашылған газ.
Мұнайлы эмульсия – бір-бірінде ерімейтін және кішкентай дисперлі жағдайда болатын мұнай және қабат судың механикалық қоспасы.
Ньютондық емес сұйықтар – тұтқырлығы жылдамдық градиентіне және қозғаудың кедергісіне байланысты өзгеретін сұйық. Оларға парафинді мұнай және эмульсиялар жатады.
Кондиция – тауар сәйкес келетін норма, стандарт, сапа (мұнай, газ).
Коррозия – сыртқы және ішкі ортамен әсерлескенінен жабдықтар және құбырлар металдарының бірте-бірте өздігінен бұзылуы.
Конденсат – будың сұйыққа айналуы кезінде пайда болатын өнім.
Конденсация – заттың газ күйінен сұйыққа айналуы.
Конвекция – жылудың сұйық немесе газ күйіндегі бөлшектерімен кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне тасымалдануы.
Коагуляция – дисперстелген бөлшектердің үлкеюі, бұл молекулярлы жабысу күштер әсерінен болатын жабысуымен қамтамасыз етіледі.
Коагулянттар – бұл дисперсты жүйелерге қосылғанда дисперсты фазаның диффузиялы қабатын разрядтайтын, және олардың қақтығысуы кезінде бөлшектердің жабысуын қамтамасыз ететін заттар.
Инверсия – фазалардың айналуы (эмульсияның бір түрінің екінші түрге айналуы).
Дроссель – тарылғыш құрылғы.
Диффузор – құбырдың кеңейткіш бөлігі, бұл жерде сұйық ағынының немесе газдың жылдамдығы азаяды және кинетикалық энергия потенциалдық энергияға айналады, және бұл кезде қысым артуы болады.
Дисперсті орта – құрамында сұйықтың кішкентай тамшылары орналасатын сұйық.
Дисперсті фаза – дисперсті ортада кішкентай тамшылар түрінде болатын сұйық.Шлам-
Шығарушы мәліметер
ОӘҚ “Мұнай және газ кәсіпшілігінің
машиналары және жабдықтары”
кафедрасының отырысында талқыланған
Хаттама №_____ «_____»_____2009ж
ОӘҚ мұнай және газ институтының
оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
бекітілген
“Кәсіпшілік жабдықтарын есептеу және конструкциялау” пәні бойынша
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ