Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Immunologia (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

11. Гистосәйкестік жүйесі

Иммуногенетика - иммунологияның бір саласы. Иммунитет факторларының генетикалық негізін, бір түрдің ішіндегі айырмашылықтары мен тін антигендерінің тұқым қуалауын, макро, микроорганизмдердің өзара қатынасын генетика және популяция тұрығысынан түсіндіреді, оның ұлпа қабылдамаушылығын зерттейді. Бұл ұғымды 1930ж. Ирвин (АҚШ) енгізген.

Генетика - тірі организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым. Олар өсімдіктер, жануарлар, адамдар, микроорганизмдер, вирустар т.б. генетикасы деп бөлінеді. Қолданылатын әдістерге сай биохимиялық, молекуларлық, экологиялық, эволюциялық, медициналық т.б. деп бөлінеді. Генетиканың соңғы жетістігі молекуларлық биология және ген инженерлігімен байланыстылығы.

Генетикалық ақпарат. Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа нуклеин қышқылдарының транскрип­циясы арқылы беріледі.

Генетикалық картирование - генетикалық қарта жасау, тұтас геномның құрылысын анықтау (физикалық және биохимиялық карталары) деген ұғым.

Геном - торшадағы гендер жинағы.

Иммундық жауап гендері (1г-гені) - аутосомды-доминантты гендер. Организмнің иммундық жауап бере алатын қабілетін бақылайды.

Генотипке организмнің генетикалық құрылысы, ген аллелдерінің хромосома ішінде бір-бірімен байланысу түрлері, олардың өрім кескіндері, хромосома құрылысындағы өзгерістер кіреді. Генотип организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерін қамтиды.

Генотиптік орта- фенотипке белгілі бір ген немесе гендердің қызмет белгілерінің көрінісіне әсер ететін генетикалық негіз, яғни гендер жинағы.

Фенотип - бір организмнің барлық көрінісімен қасиеттерінің жинағы, генотиптің сыртқы ортамен қарым-қатынасынан туады.

Иммуноглобулиндер гендері - ДНҚ сегменті. Генетикалық жүйе - гистосәйкестіктің басты комплексі (ГБК) (Major Hіstocompatіbіlіtj Complex) деп аталады, кейде оны адам лейкоциттерінің А - жүйесі деп те атайды, өйткені шеткі қандағы лейкоциттерден трансплантат антигендері бірінші рет табылған. ГБК- нің молекуласы иммуноглобулиндерге ұқсас, тұрақты және өзгерімді амин қышқылдарынан пайда болады.

Ж. Доссе 1958 жылы адамдардан гистосәйкестіктің бірінші антигенін тапты. Қазіргі заманның номенкулатурасы бойынша антиген HLA-A2 комплекс деп белгіленген, ал тышқандарда 17- хромосомада орналасқан Н2 деп аталады.

Гистосәйкестіктің екі молекуласы белгілі болып, олар ГКГ (ГБК) І және ІІ кластарына бөлінеді. Гистосәйкестіктің екі молекуласы мембрана үстіне орналасқан бөтен белоктардың пептидті бөлшектерін байланыстырып, Т- лимфоциттеріне береді. Сондықтан ГБК молекуласының клеткалық иммунитетке әсер беретін ықпалы бар. Екі кластың гендері адамның 6- хромосомасына мінгесе орналасқан. ГБК-ның 1-класс антигендерінің кодтары гендердің А,В,С – локустарымен негізделген ГБК- ның І-кластағы антигендері барлық ядролы жасушалар мен тромбоциттердің үстінде болады. Антигеннің пептидтері ГБК І - класы молекуласымен бірігіп, клетка үстімен СД8 лимфоциттеріне беріледі. ГБК- нің ІІ-класс антигендері көрсетілген антигендерді сол жасушамен біріктіріп СД4 лимфоциттеріне әкеп береді. ГБК-ның ІІ-класс антигендерінің кодтары гендердің DR, DG және DP аймағына орналасқан.

ГБК ІІ - класс антигендері қабынуға қатысатын (моноцит-макрофагтар, лейкоциттер, В- лимфоциттерімен, Т- лимфоциттерінің аздаған популяциясының) жасушалардың мембранасының үстіне орналасқан.

ГБК ІІІ - класс комплексінің молекуласы әртүрлі. Онда В фактордың 4, комплемент С2 компонентінің 2, ісік некрозының 6 –дан көп аллельдері бар.

Сондықтан гистосәйкестік жүйесі иммуноциттердің үстіңгі құрылысының түзілуіне жауапты. Ол:

1. Комплементтің кейбір компоненттерінің түзілуін бақылайды

2. ГБК- нің маңында орналасқан ген, иммундық арнайы жауапты қадағалайды.

HLA антигені шеткі лейкоциттерде де 1958ж. табылған. Қазіргі заманда HLA гені бар адамдардың кейбір аурулармен ауыруға бейімділігі анықталған.

Трансплантациялық иммунитет дамуында негізгі рөл баcты гистосәйкестік комплекске байланысты. Гендердің әсерімен лейкоциттердің антигендері бақылауда болады. ГБК І - класс молекуласы цитотоксикалық Т- лимфоциттерімен (СД8) антигенді тануда үлкен рөл атқарады. Егер трансплантант антигені бөтен болса, (ГБК І - класына дәл келмесе) СД8 жасушалары шабуылға шығып, транспланттың некрозына әкеледі.

ГБК ІІ - класс молекулалары макрофагтар мен т.б. жасушалармен антигенді Т- хелперлерге әкеп береді. Анти­генмен белсенген хелперлер не гуморальдық иммунитетті немесе макро­фагтарды белсендіріп, иммундық қабынуды дамытады.

Сүйек миын алмастырғанда Т- хелперлер не агглютинация реакциясын қолдаумен, не белсенген макрофагтар арқылы цитолизді дамытады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]