Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Immunologia (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.

Простагландиндер субпопуляцияларға бөлінбеген Т-лим­фо­циттердің көбеюіне әсері бар.

А,В,С,Д,Е – лейкотриендері – арахидон қышқылының өзгерген белсенді заттары. Олар мес торшасы, тромбоциттер мен лейкоциттерден бөлінеді. Лейкотриендер лейкоциттерден шығатын, жедел жүретін, аллергия реакциясын шақыратын медиаторлар. Нейтрофилдерден бөлінген лейкотриенді В4 дейді. Эозинофилдер лейкотриендерді нейтрофилдермен салыстырғанда жүз есе көп шығарады. Өкпе макрофагтарынан шыққан лейкотриендер бронхоспазмды дамытады.

Лейкотриендер қабыну қоздырып фагоцитозды, табиғи киллерлердің цитолиздік қызметін күшейтеді. Мысалы, В4 лейкотриеннің әсерінен ИЛ -2-нің өнімдері көбейеді (Н.Д. Беклемишев, 1995).

6.1. Иммундық жауап

Әртүрлі жағдайға байланысты иммундық жауап иммунитетке жауапты жасушалар жасушалық немесе гуморальдық түрмен жүргізеді. Иммунитетке жауапты жасушалар – антиген ұсынатын (презентация), реттеуші, иммундық реакцияны реттейтін және иммундық жауаптың әсерленушісі болып бөлінеді. Антиген ұсынатын (көрсететін) жасушаларға моноциттер, макрофагтар, эпителиальды жасушалар, терінің пигментті жасушалары (лангерганс жасушалары) және басқалар кіреді. Реттеуші жасушаларға Т- және В- лимфоциттері, супрессорлар, контрсупрессорлар, естелік Т-лимфоциттері жатады. Иммунитет жауабының әсерленушілеріне Т- және В-киллерлер және негізгі антиденелер өндіретін В-лимфоциттері жатады. Айырша безде жетіліп шыққан Т-лимфоциттер пейер табақшасына кіріп, онда киллерлер, хелперлер, индукторлар, супрессорлар, амплифайерлер, контрсупрессорлар болып толық жетіледі. Т-хелперлер антиген туралы хабарды Лангерганс жасушаларынан алып, осы антигенге қарсы жасушалық және гуморальдық иммундық реакцияны қосады. Т- супрессорлары иммунологиялық реакцияларды басады. Т-контрсупрессорлар супрессорлардың тежеуін алып тастайды.

Иммундық жауабында ерекше рөл цитокиндерге жатады. Олар иммунитет жауабында әртүрлі лейкоциттердің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететіндіктен, интерлейкиндер деп атайды.

Гуморальдық иммунитет жауабында антигенге қарсы әуелі иммуноглобулин М, одан кейін IgG құралады. Антиген екінші рет организмге түскенде бұл процесс тез және қарқынды жүреді.

Сонымен, антигеннің белсендіруімен жүретін иммундық жауап бірнеше кезеңмен жүреді. Әуелі антиген макрофагта өңделеді, өңделіп шыққан антиген кіші лимфоциттермен кездесіп, оларды сенсибилизацияға шалдықтырады. Олар лимфобластарға айналып антиденелер шығатын плазмалық жасушалар құрады. Лимфобластар сенсибилизациясы бар лимфоциттерге айналып, жасушалық иммунитеттің сезімталдығы жоғары жүретін реакцияларына қатысады.

Келесі кезеңде антиденелер сәйкесті антигендермен байланысып комплементті белсендіреді және сегментядролы лейкоциттерді айналасына тартып, жинайды. Осымен иммунологиялық зақымданудың қабыну фазасы пайда болады

КОМПЛЕМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Комплемент жүйесі организмнің арнайы емес қорғаныс факторларына жатады. Опсонизация шақыруы – комплемент жүйесінің негізгі функциясы болып табылады. Комплемент жүйесінің белсенуінен кейін опсонизация беретін компоненттер бөлініп, иммунды комплекстер құрылып, фагоцитоз процесін күшейтеді.

Қабыну процесіне қатысуы – комплемент жүйесінің екінші функциясы. Комплементтің кейбір белсенген компоненттері ұлпа базофилдерінен, қан базофилді, гранулоциттерден биологиялық белсенді заттарды (гистаминді) шығарып, қабыну процестерін белсендіреді. Цитотоксикалық немесе лизис процесі – комплемент жүйесінің үшінші функциясы болады. Комплемент жүйесі белсенгенде мембранаға шабуылдайтын комплекс құрылып, бактериялардың (немесе басқа клеткалардың) мембранасына кіріп, оларды ыдыратады.

Антиген-антидене реакциясына әсері бар жаңа жүйе барын 19-ғасырдың аяғында Г. Бухнер, Ж. Борде ашты. Барлық омыртқалы жануарлардың қан сарысуына термолабильді арнайы антидене қосылғанда, антиген мембранасының еруін беретін фактор - белок табылып, оны «комплемент» (қосымша, толықтырушы) деп атады. Антиген мен антидене комплементсіз кездессе, агглютинация реакциясы жүреді, бірақ микроб өлмейді, оған комплемент қосылса ғана бактерия клеткалары ыдырайды. Антиденелері жоқ жаңадан дайындалған қан сарысуы да комплементпен біріксе, бактерияларды ыдыратады.

Сондықтан, комплемент жүйесінің биологиялық функциялары мынандай:

  1. фагоцитозды белсендіреді;

  2. мес жасушаларының түйіршіктерінен биологиялық белсенді заттарды (гистамин, серотонин, брадикинниндерді) бөліп шығарады;

  3. клетка мембранасының өткізгіштігін күшейтіп, қан тамырларының тонусын төмендетеді;

  4. оң гемотаксис – иммундық жабысу береді.

Комплемент жүйесі гуморальдық иммунитет пен фагоцитоз арқылы өздері өзара байланыс құратын қан сарысуының белоктары. Комплемент жүйесіне кіретін компоненттерін “С” әрпімен және олардың санын 1 ден 9-ға дейін белгілейді. Олар бәрі де қан айналымында енжар түрде жүреді.

Комплемент жүйесіне 25 –тен артық белоктар кіреді. Олардың тоғызы комплемент белоктары (С1-С9), қалғандары – факторлар (В, Д, Р, Н және басқалар). Комплемент жүйесіндегі маңыздысы С3 белогі. Егер ешқандай белсендіруші болмаса, ол С3а-С3в–ге өте баяу ыдырайды. Фрагмент С3в микроорганизмнің үстіне жабысады. Белсендіруші пайда болғанда, С3 классикалық немесе альтернативтік жолмен өте тез ыдырайды.

Комплемент жүйесінің белсенуі иммундық комплекс жүйесіндегі ІgM мен ІgG–нің қатысуымен жүреді. Егерде иммуноглобулиндер қатыспаса, пропердин жүйесі белсендіреді. Сөйтіп, комплементтің белсенуі екі жолмен жүреді. Біріншісі – классикалық, антиденеге байланысты жол, ал екіншісі –алтернативтік немесе пропердин жолы.

Комплементтің классикалық жолмен белсенуі ІgM немесе ІgG қатысуымен жүреді. Оның ішінде ІgG-нің 4 подкласының үшеуі ғана комплементті белсендіре алады. Солардың ішінде ІgG3-өте күшті белсендіргіш, одан кейінгі белсендіру әсері азырақ төмені ІgG1 және ІgG2. Бұл уақытта үш фрагмент те бір комплекске жиналады. Оған керекті шарттар: біріншіден, иммундық комплекстің түзілуінен иммуноглобулиннің FC-фрагментінде комплемент жүйесінің Clg компоненті байла­нысатын орталық пайда болады. Иммундық комплекс құрылған уақытта иммуноглобулиннің молекуласының ұзындығы қысқарып, оның құрылысында екі орталық түзіліп, олардың арасы қысқарып 1000 t-дан аспауы керек. Сонда ғана IgM –нің бір немесе екі ІgG молекуласы FC- фрагментіне орналасып комплементті белсендіреді. Оларға бірінші болып Clg, одан кейін Clr, Cls жатады. Белсенген CІ, біртіндеп С4 және С2, бұл екеуі (С4в мен С2а) бірігіп С3 конвертаза қасиетіне көшеді. С3 конвертаза С3а, С3в–ге бөлшектенді, ал С3а ертінді түрде жүреді, С3в +С4в2а байланысып, ең ақырғы компоненттің С5-9 катализатор ретінде жүреді, антигеннің мембранасына әуелі С5, кейіннен С6, С7, С8, С9 болып байланысады. Әсіресе, С8-дің келуі С9-дың көптеп (S-6 молекуласының) байланысуына әсер етеді. С8 бен С9 клетка мембранасына тиіп, оның сыртындағы түтікті өзекшені зақымдау арқылы мембрананы бұзады.

Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері

Комплемент жүйесінің белсенуі кезінде фагоцитозды белсендіретін, мес жасушаларына, жасушалар-мембранасына, қан тамырларының өткізгіштігіне әсер ететін әр түрлі комплекстер және бөлшектер түзіледі. Белсенген С1, С4а, С5а кешені С567 хемотаксис факторы болып, фагоциттердің иммундық кешенге баруын тездетеді. С2в бөлшегі клетка мембранасының, қан тамырларының өткізгіштігін әжептәуір күшейтеді.

С3 ыдырауынан ертінді С3а бөлшегі пайда болады. Мес жасушаларында, базофилдерде тегіс салалы бұлшықеттерде С3а-ға арналған рецепторлар бар. С3а-ның мес және базофиль жасушалар рецепторымен байланысуы жасушалардың дегра­нула­циясын беріп, анафилаксия патогенезінің негізгі рөлін атқаратын биологиялық белсенді заттардың шығуына (гистамин, серотонин) әкеледі. Сондықтан, С3а «анафилотоксин-1» деп аталады.

Комплемент жүйесінің С3в компоненті иммундық жабысуға кедергі келтіреді. Онда нейтрофилдер мен макрофагтардың рецепторлары болғандықтан фагоцитоз процессі жылдам жүреді. Сонымен бірге С3в компоненті В-лим­фо­циттерді де белсендіреді. С4в иммундық жабысу арқылы фагоцитозды күшейтеді.

С5а фрагментін «анафилотоксин-2» дейді.

Мес және базофиль жасушалары С3а сияқты әсермен бірге, С5а эндотелийдің өткізгіштігін күшейтеді.

Комплементтің ақырғы компоненттері (классикалық, аль­тер­нативті жолмен) цитолиз, бактериолиз, виролиз шақырады.

Аутоантиденелер де иммундық реакцияға кіргенде компле­мент жүйесін белсендіреді. Белсендірілген бөлшектер жасушаларды өлтіреді, нейтрофилдерді иммундық процесіне тартып, метаболизм мен микроциркуляцияларды бұзып, қабынуды дамытады.

Комплемент жүйесі иммундық комплекс ауруларының патогенезінде де осы сияқты рөл атқарады. Ұсақ дисперсті иммундық комплекстер базалды мембранаға шөгіп, комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуіне жағдай жасайды.

Сонымен, комплемент жүйесі және оның белсенуі қабынуды дамытып, антигенді қоршап, оны организмнен шығарып жіберуге көмектеседі. Комплемент жүйесі аутоиммунды процестің патогенезінде негізгі рөл атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]