Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Immunologia (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері

Цитокиндерге қан және иммунитет жүйесі жасушаларының функциясын, көбеюін және айрықша жетілуін реттейтін факторлар жатады.

Цитокиндерді қан және иммунитет жүйесі жасушалары шығарады (9-сурет).

Цитокиндер белсенген клеткалардың рецепторларымен байланысып, әсер етеді (2-сурет).

Интерлейкиндер (ИЛ)

ИЛ-1 – лимфоциттерді белсендіретін эндогендік пироген, макрофагтар – шығарады. ИЛ -1 әсерімен хелпер-1 ИЛ-2 шығарады.

ИЛ-1 мен ИЛ-4 қосылып В-лимфоциттердің көбеюімен антиденелердің шығуын күшейтеді. Гепатоциттер жедел кезең белоктарын шығарады. Простагландин Е2 және фосфолипаза А2 өнімі көбейгенде дене қызуы пайда болады. Адгезия белсенеді. Қабыну беретін басқа цитокиндердің (гамма-интерферон, ісік-некроз факторы, ИЛ-6, ИЛ-8) өнімін көтереді. Гранулоциттерді, ЕК-жасушаларын белсендіреді.

ИЛ-2 (Т-жасушалардың өсу факторы) – белсенген Хелпер-1 жасушаларынан шығып, Т-жасушаларды көбейтіп, цитотоксикалық Т-жасушалардың жетілуіне, В-лимфоциттердің өсіп – көбеюіне, ЕК – жасушаларының белсенуіне әсер етіп, гамма-интерферонның, ОНФ, ИЛ-6, ИЛ-8 өнімін күшейтеді.

ИЛ-3. (колониебелсендіретін фактор, полипоэтин) – белсенген Т- хелперлер, ұлпа базофилдері, айырша бездің эпителиальды жасушалары шығарады. Гранулоциттердің колониебелсендіретін факторымен бірге (Г - КСФ) нейтрофилдердің өнімін, эритропоэтинмен бірге эритроциттерді көбейтеді.

ИЛ – 4 (В – жасушаларын белсендіретін фактор) – хелпер – 2 шығарады. Иммуноглобулин IgG1-дің синтезін IgG4 және IgЕ синтезіне ауыстырады. Ұлпа базофилдерін басып, қабынуды шектейді, сөйтіп ИЛ-1, ОНФ, ИЛ-6, ИЛ-8 өнімдерін азайтып, Т – жасушалардың және макрофагтардың цитотоксикалық белсенділігін басады.

ИЛ -5. (эозинофильдік фактор) – Хелпер 2 шығарады, эозинофильдерді белсендіреді, В – лимфоциттерін көбейтеді, IgА-ның өнімін күшейтеді. ИЛ – 5 қабынуды басатын цитокиндерге жатады.

ИЛ – 6. Макрофагтар, Т-В- лимфоциттер, ұлпа макрофагтары шығарады, қабынуды күшейтеді (ИЛ-1–ге ұқсас функциялары бар).

ИЛ – 7. Т-лимфоциттері, сүйек миы және тимустың негізгі жасушалары шығарады, В – лимфоциттерін көбейтеді, Т-лимфоциттерін жетілдіреді.

ИЛ – 9. Т-лимфоциттері шығарады, Т-лимфоциттерін және ұлпа базофильдерін белсендіреді, ИЛ-4-тің функциясын көтереді.

ИЛ – 10. (супрессор факторы) – хелпер - 2 шығарады, Хелпер 1- дің функциясын басып, В – лимфоциттерді көбейтеді.

ИЛ – 11. (тромбоцитарлық фактор) – фибробластар және сүйек миы шығарады, ИЛ-3 пен бірге тромбоциттерді көбейтеді.

ИЛ – 12. (В – лимфоциттер және макрофагтар өндіреді). Тхо-ның Хелпер 1-ге ауысуын, ЕК және Т – жасушалардың интерферон шығаруын күшейтеді. ЕК және К – жасушалардың өнімін көбейтеді, қабынуды басатын цитокиндерге жатады.

ИЛ – 13. (Хелпер - 2 шығарады) – ИЛ – 4 өнімін көбейтіп, оның функциясын күшейтеді, қабынуды басады.

ИЛ – 14. Т – лимфоциттері және дендрит жасушалары шығарады, В–лимфоциттерін көбейтіп, оның естелік бөлімін күшейтеді. Иммуноглобулиндердің синтезін басады.

ИЛ – 15. Моноциттер, эпителиальды және бұлшықет жасушалары шығарып, Т – лимфоциттерді көбейтіп, күшейтеді.

ИЛ – 16. Т – лимфоциттер, микроглия макрофагтары, айырша без, көкбауыр және ұйқы безі жасушалары шығарады, Т – лимфоциттерді көбейтеді.

ИЛ – 17. Хелпер – 1 шығарады, ИЛ 6, ИЛ -8, колониебелсендіретін факторлардың синтезін күшейтеді.

ИЛ – 18. Макрофагтар шығарып, Т – лимфоциттердің гамма-интерферон синтезін, ЕК – жасушаларын белсендіреді.

Көбею және жетілу факторлары:

G – CSF (гранулоциттер), М – CSF (моноциттер), GМ – CSF (гранулоцит - моноциттер) колониебелсендіретін факторларын Т – лимфоциттер мен моноцит-макрофагтар шығарады.

TGF – бета (өзгертетін бета өсу факторы) – барлық иммундық жасушалар шығарады, Т – лимфоциттермен макрофагтардың көбеюін және белсенуін басады. Сонымен бірге бұлар репарациялық процесті (жараның жазылуын) және IgА–ның синтезін күшейтеді.

Ісік ыдырататын фактор: екі түрлі (ОНФ) – альфа және бета. Фактор – альфаны (кахексин) Т – және В – лимфоциттері, макрофагтар шығарады. ОНФ – альфа төменгі деңгейінде эндотелии жасушаларының адгезивтік молекулаларды шығаруын көбейтіп, нейтрофильдердің респираторлы жарылысын күшейтіп, фагоцитозды белсендіреді, хелперлердің лимфокиндерді шығаруын және В – жасушалардың көбеюін белсендіреді. ОНФ – альфа мөлшері көбейгенде кейбір ісіктердің (ісік-инфаркт) ішінде тромбозды дамытып, некрозға әкеледі және липазаны басып, май қышқылдарының сіңуін азайтып кахексияға әкеледі.

ОНФ – альфа. Т- В-лимфоциттердің, макрофагтардың, ЕК-жасушалардың көбеюі мен простагландиндердің өнімін күшейтеді. Простогландиндер улану көрінісін береді,

ОНФ – альфа, ИЛ – 1, ИЛ – 6–ны көбейтеді, ГКГ І-ІІ кластық молекулаларының экспрессиясын күшейтеді.

ОНФ – бета (лимфотоксин). Функциясы ОНФ – альфаға ұқсас және нысана-жасушаларының апоптозын ынталандырады.

Хемокиндер – иммундық жасушалардың миграциясын және белсенуін реттейтін цитокиндер. Хемокиндерді - әртүрлі иммундық жасушалар (моноциттер, лимфоциттер, гранулоциттер) шығарады. Әртүрлі (40 шақты) хемокиндер жасушалардың хемотаксисына, белсенуіне қатысып, иммундық процестің жүруіне әсер етеді.

Интерферондар – гликопептидтер екі түрге бөлінеді.

Альфа - және бета – интерферон болып бөлінеді. Альфа – интерферондарды лейкоциттер мен макрофагтар шығарады. Сондықтан оны кейде лейкоцитарлық интерферон дейді.

Бета – интерферон – фибробластардан шығады, Альфа – бета интерферондарды Т - және В – лимфоциттер, ЕК, эндотелий және эпителий жасушалары шығарады. Бета-интерферон – интерлейкин – 6 дай әсер етеді.

Интерферонның екінші түрі – гамма интерферон. Ол белсенген хелпер – 1 мен ЕК – жасушаларынан шығады.

Интерферондар вирустарға, бактерияларға, ісікке қарсы, иммунитет реттейтін функцияларға ие.

Интерферонның вирусқа қарсы функциясы жасушаның рецепторларымен байланысқанда пайда болады:

  1. эндорибоннуклеза белсеніп вирустың РНҚ-ын ыдыратады;

  2. вирус РНҚ-ының синтезін басады;

  3. вирустың қабыршағының белогының синтезі басылады.

Интерферондар ісікке қарсы әсерімен ісіктің өсуін тоқтатып, метастаз болдырмайды.

Интерферонның иммунитет реттейтін функциясы:

  1. Басты гистосәйкестің І- және ІІ- класты антигендерінің байланысуын күшейтеді;

  2. Жасушалардың цитокиндерге сезімталдығын реттейді;

  3. Цитотоксикалық әсерімен жасушаларды белсендіреді.

Простагландиндер - жартылай қаныққан май қышқылының (арахидон) өнімінен циклооксигеназ белсенділігінің қатысуымен пайда болатын зат. Простагландиндер – простациклин және тромбаксин кейбір макрофагтармен синтезделеді. Макрофагтарда циклоокси­геназ жүйесінің белсенділігі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]